Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері


Модальділік концептінің морфологиялық репрезентациясы



бет22/36
Дата06.01.2022
өлшемі144,29 Kb.
#12213
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
2.2 Модальділік концептінің морфологиялық репрезентациясы.                Модальділік сөйлеуші, тыңдаушы, сөйленім мазмұны мен ақиқат шындық сияқты коммуникацияның негізгі факторларының өзара қатынасын айқындаудан туындайды. Соған байланысты одан түзілетін концепт те аталған факторлардың өзара байланысынан құралады. Модальділік концепті коммуникация факторларының арасындағы түрлі қатынастарды (шынайылық, жалғандық, ерік, күдік, сенім, мақұлдау, сұрақ, бұйрық т.с.с.) білдіреді. Модальділік концепті тілдің түрлі деңгейлерінде (просодикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік) репрезентациялануы мүмкін. Модальділік негізгі концептінің мазмұнында жалпылану арқылы шынайылық, жалғандық сияқты сипаттар түзіледі. Ол сипаттар шынайы болмыспен сәйкес келу, шынайы болмыспен сәйкес келмеу түрінде көрініс тауып, рай концептіне негіз болады.  Ол морфологиялық репрезентацияның тілдік механизмі ретінде көрініп, рай концептінің қалыптасуымен байланысты болады.

Рай сөйлеушінің ақиқат шындыққа қатынасы туралы тілдік білімдеріне негізделеді. Концептінің жіктелімдік сипаты оның сөйлеуші мен тіл жүйесіне бағытталуымен байланысты. Сол арқылы сөйлеуші қандай да бір райдың көмегімен жағдаятты шынайы не жалған болмыс түрінде көрсете алады. Морфологиялық репрезентацияда рай көрсеткіштері концептінің «шынайы болмыспен сәйкес келу», «шынайы болмыспен сәйкес келмеу» сияқты сипаттарын актуалдандырады. Соның нәтижесінде «ақиқат болмыспен сәйкес келу», «ақиқат болмыспен сәйкес келмеу» сияқты жалпы сипатты, сөйлем-сөйлесім деңгейінде әрі қарай нақтылауды керек ететін морфологиялық тұлғалар қалыптасады. Олар қосымша лингвистикалық факторлардың (синтаксистік, мәнмәтін, семантикалық) көмегімен әрі қарай нақтылана түседі. Сол арқылы рай категориясы жиі қолданылуының нәтижесінде модальділік негізгі концептінің мазмұны белгілі бір сипаттарға ие болып, концептуалды мазмұн құрайды, сол арқылы түрлі лексика-грамматикалық мәндер түзіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет