Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері



бет23/36
Дата06.01.2022
өлшемі144,29 Kb.
#12213
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Ашық рай тұлғалары «шынайы болмыспен сәйкес келу» морфологиялық мәнін беруге қатысып, іс-әрекеттің шынайылығын білдіреді. Ол басқа лексика-грамматикалық мәндерді білдіре алмайды. Олай болмаған жағдайда сөйлем мазмұны ақиқат шындыққа сәйкес келмей қалады: «Ашық рай – қимыл, іс-әрекет үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірін білдіретін рай түрі. Демек, ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі – қимыл, іс-әрекеттің объективті шындыққа қатысты болу-болмауының сөйлеп тұрған сәтпен (шақпен) байланысты өтіп кеткенін, өтіп жатқанын, әлі өтпегенін, бірақ өтетін сипатын білдіру, сөйтіп, ашық рай, бір жағынан, етістіктің рай категориясының бір түрі болса, екінші жағынан, бір өзі етістіктің шақ категориясын құрайды. Осыған байланысты райдың басқа түрлерінен айырмашылығы тікелей ашық рай жасатын арнайы қосымшалары жоқ болып келеді. Демек, шақ категориясы дегеніміз, екінші жағынан, ашық рай екен де, енді оның (ашық райдың) сипаты шақ категориясы мен оның түрлері шеңберінде қарастырылады» [16, 513 б.].

Негізінен алғанда, рай категориясының ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай сияқты төрт түрі бөлініп көрсетіліп жүр. А. Ысқақов жалпы бұл сияқты рай түрлерін жоққа шығарғанмен, рай категориясын (етістіктің модальдылығын) қимылдың, іс-әрекеттің ақиқатқа қатысын білдіруіне қарай «екі топқа реальды немесе ашық (негізгі) және неғайбыл (жәрдемші) немесе ирреалды рай деп бөледі. Бұлай бөлуге негіз болып отырған бұл рай түрлерінің семантикалық сипаты ғана емес (реальды мән және ирреалды мән) сонымен бірге неғайбыл (ирреальды рай түрлері бұйрық рай, шартты рай, қалау рай) белгілі морфологиялық тұлғалар жүйесі арқылы берілсе, ашық (негізгі) райда арнаулы грамматикалық көрсеткіштер болмайды», сөйтіп, олар арнаулы көрсеткіштерінің болу-болмауына қарай «бір-біріне қарама-қарсы қойылып қаралады» [17, 322-333].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет