Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері


Септік концептінің морфологиялық репрезентациясы



бет30/36
Дата06.01.2022
өлшемі144,29 Kb.
#12213
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
3.2 Септік концептінің морфологиялық репрезентациясы. Септік морфологиялық категориясы адамның түрлі қатынастарды зерделеуі нәтижесінде пайда болған. Сондықтан септік концептіне қатынас концепті негіз болған. Жалпылау когнитивті механизмі арқылы қатынас негізгі концептінің мазмұнында «қатынас» сипаты пайда болды. Ол септік концептінің қалыптасуына негіз болып, концептінің құраушы бөліктерінің бірінде көрініс табады. Морфологиялық жолмен берілетін басқа да концептілер сияқты, бұл концепт жіктеуші концепті болып табылады. Ол тіл арқылы пайда болып, тілдегі қатынас түрін концептуалдау нәтижесінде түзіледі. Ол болмыстағы нысандардың арақатынасы туралы білімдерге бағытталады. Оның мазмұны бұл қатынастардың тілде қалай концептуалданғанын білдіріп, ғалам туралы білімді, олардың тілде қалай көрініс тапқанын, септік морфологиялық категориясында тоғысатын грамматикалық мағыналар мен көрсеткіштерді қамтиды. Септік концепті қатынас туралы энциклопедиялық білімдердің тілдік мәндерде қалай кодталатынын көрсетеді.

Қазақ тілінде септік категориясы мағынасы мен синтаксистік қызметіне байланысты шартты түрде екіге бөлінеді: кеңістік мәнді (локативті) септіктер және грамматикалық септіктер. Кеңістік мәнді септіктерге – барыс, жатыс, шығыс септіктері, грамматикалық септіктерге – атау, ілік, табыс, көмектес септіктер жатады.

Атау септігін схема түрінде былайша көрсетуге болады: O.

Атау септігі затты дербес, тәуелсіз түрде атап, ешкімге қатысы жоқ, тәуелсіз, дербес дүние ретінде көрсетеді. Басқа септіктер қандай да бір қатынасты керек етіп, қандай да бір көрсеткіштермен берілсе, атау септігі мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да дербес, тәуелсіз болады. Мысалы: Алыстаған сайын қара бүркіт ақ бауыр торғайдай боп көрінеді. Бүркіт сорғалап, төмен құлдилайды (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Түркологияда атау септік негіз, атау, қосымшасыз түбір (Н.Дыренкова); негіз (И.А.Батманов); белгісіз (неопределенный) (Н.К.Дмитриев); абсолютті (А.П.Поцелуевский) т.с.с. болып түрліше аталады. А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Қ.Басымұлы еңбектерінде атау септіктер парадигмасында қарастырылмайды. Ал кейінгі еңбектерде оны жеке септік ретінде келтіреді. “Современный казахский язык”, А.Ысқақов “Қазіргі қазақ тілі” т.б. еңбектерде атау септік басқа септіктерге негіз болатын сөз ретінде түсіндіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет