Г. Ахметжанова, С. Мəлікова, К. Оспанов, З. Тайшыбай атамекен атаулары солтүстік Қазақстан облысының топонимикалық атаулары



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата07.02.2017
өлшемі8,24 Mb.
#3608
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ
ОНОМАСТИКАЛЫҚ АХУАЛ
Облысымызда 13 аудан, олардың есебінде 689 елді мекен 
бар. Соның 237-сі немесе 34 пайызы қазақша атауларға ие. 
Соңғы  жылдары  59  елді  мекеннің  атауы  өзгертілді,  тарихи 
атауы  қайтарылды  жəне  транскрипциясы  түзетілді.  Петро-
павл қаласында 57 көшенің атауы өзгертілді жəне жаңа ата-
уға  ие  болды.  Тəуелсіздік  жылдары  26  білім,  мəдениет  ме-
кемелеріне белгілі тұлғалардың есімдері беріліп, 17 тұлғаны 
құрметтеу мақсатында есімі жазылған ескерткіш тақта орна-
тылды.
Жарнама  агенттіктерінің,  жеке  кəсіпкерлердің,  мемле-
кеттік  органдардың  2013  жылы  309,  2014  жылы  260,  2015 
жылы 80 эскизі келісілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 жел-
тоқсандағы  1372-қаулысымен  Қалалық  классикалық  гимна-
зияға  көрнекті  жазушы  Сафуан  Шаймерденовтің,  20-орта 
мектепке Жұмабек Ташеневтің есімдері берілсе, Николаевка 
орта мектебінің атауы Асқар Игібаев атындағы орта мектеп 
болып өзгертілді.
Сонымен  қатар,  облысымызда  атаулары  отаршылдық, 
тоталитарлық  сипаттағы  78,  транскрипциясы  бұрмаланған 
21  елді  мекен  бар.  Солтүстік  Қазақстан  облысындағы  оно-
мастикалық  саясаттың  жағдайы  ұлттық  құрамы  ұқсас, 
еліміздің  басқа  да  солтүстік,  шығыс  аймақтарындағыдай. 
Қайталап  айтатын  болсақ,  бұл  отаршылдық  саясаттың 
200-250  жылдан  бері  қалыптастырған  ахуалынан  шыға  ал-
май  отырғанымыздың  айқын  дəлелі.  Демек,  мəселе  5-10 
жылдың ішінде шешіле қояды деуге болмайды. Бұған бірне-
ше себеп бар екендігін атап көрсетейік.
Біріншіден,  орыс  тіліндегі  атаулардың  өте-мөте  көптігі. 
Бұл  жөнінде  біздің  облысымыз  республикада  алдыңғы  қа-
тарда.
Екіншіден,  халықтың  басым  көпшілігі  орыс  тілді 
болғандықтан,  жергілікті  билік  органдары,  қоғамдық  ұй-
ымдар,  ономастикалық  комиссиялар  елді  мекендердің  бай-

178
ырғы  атауларын  қазақша  қалпына  келтіруге  асықпайды. 
Жасыратыны  жоқ,  олар  Қазақстан  Республикасының  тəу-
елсіздігінен  туындайтын  ономастикалық  талапты  толық 
түсініп отырған жоқ.
Үшіншіден, осы уақытқа дейін байыпты ғылыми-тарихи 
зерттеулер жүргізілме-гендіктен, ономастикалық комиссия-
лар сол елді мекендер орналасқан аймақтың ежелгі қазақша 
топонимикасынан бейхабар. Басшылыққа алатын қандай да 
бір  топонимикалық  сөздік,  карта,  анықтамалықтар  аз.  Ал, 
бүгін 60-70 жасқа келіп отырған азаматтардың көзін ашып 
көргені, əрі кетсе, колхоздастыру дəуіріндегі атаулар, өзінен 
бұрынғылардан  естігендері  болмаса,  нақты  мағлұматта-
ры аз. Сондықтан олар да дəлелді, тиянақты пікір білдіріп, 
ұсыныстар  айта  алмайды.  Бұл  мəселе  жөнінде  біздің  осы 
шағын еңбегіміз тілашар болуға тиіс деп ойлаймыз.
Солтүстікте қалыптасып отырған бұл жағдайдың түп-та-
мыры  бүкіл  Қазақстанға  қатысты.  Топонимикаға  байланы-
сты  ғылыми-анықтамалық,  əдістемелік  құралдарды  осы-
лайша жасай бастауымыз керек. Қандай да игілікті іс, əуелі 
болымсыз бастаулардан көз алып, дамып, өсе бермек.
Тіпті мектеп балаларына арналған топонимикалық жəне 
лингвистикалық  өлкетану  бойынша  оқулықтар  мен  оқу 
құралдары жоқ. Қазақстанның ономастикалық атласын жа-
сайтын кезең де жетті
1
. Туған жердің топонимикасына ұлт-
тың  қымбат  мəдени  мұрасы  ретінде  қарап,  бұл  мəселеге 
мемлекеттік дəрежеде көңіл бөлу қажет.
Бұл  орайда  географ-маманның  мына  тұжырымдарына 
толық қосыламыз:
«Топонимдерде  аумақтарды  қоныстанудың  тарихи  ке-
зеңдері,  адамдардың  шаруашылық  іс-қимылдары,  байырғы 
көші-қон  мен  ұлтаралық  қарым-қатынастары,  этностар-
дың  ареалдары,  елдегі  көп  ғасырлар  бойы  болған  тарихи, 
саяси  жəне  əлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  көсетіл-
ген.  Олар  кейінгі  ұрпақтарға  ата-бабалардың  ел-жерін  сы-
ртқы жаулардан қорғау кезіндегі ерлік істері туралы естері-
не  салады.  Халықтың  рухани  байлығы  мен  даналығының 
орасан  зор  қоймасы  бола  келіп,  топонимдер  мəдениет  пен 
халықтың  ауызша  шығармашылығының  ескерткіштері 

179
ретінде, əрі қарай жинауды, сақтауды жəне ұқыпсыз пайда-
ланудан қорғауды қажет етеді»
42
.
Солтүстік  Қазақстан  əкімдігінің  тілдерді  дамыту  жөнін-
дегі  басқармасы  2005  жылы  «Солтүстік  Қазақстан  облысы 
елді  мекендерінің  тізімін»  орыс  жəне  қазақ  тілдерінде  ба-
сып  шығарған  болатын.  Аудандар  жəне  селолық  округ-
тер  бойынша  жиналған  тізім  ғана  болғанымен,  бұл  құжат 
басшылыққа  алуға,  саралап-тексеруге  сол  арқылы  тиісті 
ономастикалық  шаралар  жүргізуге  біраз  септігін  тигізгені 
шындық.
Алдағы  жоспарлар  бойынша  облыстағы  ономастика-
лық жұмыстың ғылыми деңгейін көтеру, аумақтық орнала-
суы, табиғи жағдайы ерекше аймақтың елді мекендері мен 
жер-су  аттарының  Сөздігін  жасау  міндеті  алдымызда  тұр. 
Байыпты  ғылыми-зерттеудің  нəтижесі  болып  табылатын 
мұндай іргелі еңбектің практикалық жəне тəрбиелік маңы-
зы бүгін өте-мөте көкейкесті. Бұл – əрине, алдағы жоспар, 
бірақ  қолымыздан  келетін  іс.  Енді  осыған  қысқаша  тоқта-
латын болсақ, ұзаққа созбай, жақын келешекте жүргізілетін 
қолданбалы  зерттеу  жұмыстары  мен  олардың  нəтижелері 
мынадай болуға тиіс:
Қазақстанның  солтүстігінің  өлкетану  (Краеведческий 
портал  Северного  Казахстана)  порталын  ашу;  Солтүстік 
Қазақстан облысы аумағы топонимияаының қазақша-орыс-
ша электронды қорын жасау; Солтүстік Қазақстан облысы-
ның  тарихи  топонимикасы  –  қазақ  тарихының  ажырамас 
бөлігі.
Солтүстік Қазақстан облысы қазақтарының есімдерін та-
рихи  зерттеу;  Солтүстік  Қазақстан  облысы  көлдерінің  ата-
улары  (гидронимдері);  Қала  ономастикасының  маңызды 
мəселелері.Бұл  жоспарларды  орындаудың  ғылыми-əдісте-
мелік  мəселелері  шешілу  үстінде.  Ономастикалық  зерттеу-
лер жүргізетін білікті мамандар жеткілікті.
Тізбеде  облыстағы  207  селолық  округ  бойынша  жал-
пы  саны  722  елді  мекен  қамтылған.  Əлбетте,  бұл  қазіргі 
42. Əбдірахманов С. Топонимикалық атауларды қалыптастыру жəне стандарттау 
мəселелері.//Қазақ ономастикасының өзекті мəселелері. Астана, 2004, 35-бет.

180
əкімшілік-аумақтық  бөлініс  есебіндегі,  сақталып  отырған 
елді  мекендер  ғана.  Ал,  түрлі  себептермен  жоғалып  кет-
кендері,  тіпті  олардың  аттары  да  ұрпақтар  жадынан  өшіп 
қалғаны  қаншама.  Бір  кездері  (1955–1965)  колхоздарды 
ірілендіру  кезінде  əсіресе  көптеген  қазақ  ауылдары  жой-
ылып  кеткені,  олардың  атаулары  жаңадан  пайда  болған 
мекендерге берілмей, ескерусіз қалып, не тіл білімі, не та-
рихшы  зерттеушілердің  назарына  ілікпей,  құрдымға  кет-
ті.  Жер-су  атауларының  түрлі  саяси  жағдайларға,  мемле-
кеттік-басқару  құрылымдарының  өзгеруіне  байланысты 
өзгергені  арнайы  сөз  болуға  тұрады.  Мысалы,  тың  игеру 
дəуірінде  салынған  жаңа  елді  мекендердің  атауы  жаңаша 
қойылды.  Мысалы,  тың  игерушілердің  шыққан  облысы 
мен  қаласының  атаулары  ілесе  келді.  Кеңестік  үкіметтің 
ұрандарымен,  идеология  сарынындағы  дақпыртпен  пайда 
болған  атаулар  қаншама.  Бұл  туралы  жоғарыда  1921-2006 
жылдардағы  əкімшілік-аумақтық  бөліністер  туралы  нақты 
құжаттар негізінде арнайы  көрсетілді.
Облыстық  əкімдік  жанындағы  ономастикалық  комиссия 
аймақтағы  ономастикалық  жағдайды  жіті  бақылап,  тиісті 
мəселелерді ақылдасып шешуде облыс əкіміне жанды көмек 
көрсетіп  келеді.  Ономастикалық  комиссия  құрамындағы 
білікті мамандар мен мемлекеттік мекемелердің басшылары 
Қазақстандағы  тіл  саясатын  жүзеге  асыру,  ұлтаралық  жəне 
конфессияаралық  ынтымақ  пен  халықтар  достығын  нығай-
туға  үлес  қосып  келеді.  Соңғы  жылдары  комиссия  мəжілі-
стерінің  күн  тəртібіне  қойылып,  қаралған  мəселелердің 
маңызы соны көрсетеді.
Облыстық  ономастика  комиссиясы  2013-2015  жылдары 
мына мəселелердің жөнін талқылап, пікір білдірді:
1.  Қалалық  классикалық  гимназияға  Сафуан  Шəймерде-
новтің есімін беру.
2.  Петропавл  қаласының  №  20  орта  мектебіне  Жұмабек 
Тəшеневтің есімін беру.
3.  Есіл  ауданы  Николаевка  орта  мектебіне  Асқар  Игіба-
евтің есімін беру.
Аталған  мəселелео  бойынша  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1372 қаулысы 

181
қабылданған  болатын.  Бұдан  кейін  комиссияның  назарына 
мынадай ұсыныстар келіп түсті:
Мағжан  Жұмабаев  ауданы  №  4  Булаев  орта  мектебіне 
Ерік Асқаровтың есімін беру.
Шал ақын ауданы Приишим орта мектебіне Зейнел-Ғаби 
Иманбаевтың есімін беру.
Тайынша  ауданы  Қарағаш  орта  мектебіне  Жақан  Сыз-
дықовтың есімін беру.
Уəлиханов ауданының «Аудандық мəдениет үйіне» Сəкен 
Жүнісовтің (Сəкен серінің) есімін беру туралы
Петропавл  қаласының  қазақ  мектеп-гимназиясына 
Шоқан Уəлихановтың есімін беру.
2014 жыл 7 қазанда комиссияның күн тəртібі мына мəсе-
лелерден жасақталды:
Жамбыл ауданы № 1 Благовещенка орта мектебіне Марат 
Кенжеғозиннің есімін беру туралы.
Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжіне 
Искандер Даутовтың есімін беру туралы
Қызылжар  ауданы  Новоникольское  ауылындағы  Револю-
ционная  көшесін  Кеңес  Одағының  Батыры  Иван  Куренков-
тың есімімен қайта атау туралы.
Қызылжар ауданы «Шаховский орта мектебі» коммунал-
дық мемлекеттік мекемесіне Ұлы Отан соғысының ардагері 
Мəжит Қасеновтің есімін беру туралы.
Қызылжар ауданы «Березовка негізгі мектебі» коммунал-
дық  мемлекеттік  мекемесіне  Кеңес  Одағының  Батыры  Фи-
липп Васильевич Чижиковтің есімін беру туралы.
Əлеуметтік  зерттеулер  нəтижесінде  жиналған  мəліметке 
қарағанда  «Солтүстік  Қазақстан  облысы  елді  мекендердің 
тізімін» құрастырушы мамандар барлық атаулардың «60 пай-
ызы қазіргі талап етіп отырған үкімет саясатына сай келмей-
ді»  деп  есептейді.  Əрине,  бұл  да  тек  осы  мөлшердегі  ойко-
нимдерді – елді мекен атауларын өзгерту қажет деген талапты 
қанағаттандырмайды. Ондай атаулар əлдеқайда көп. «Талапқа 
сай келмейтіндердің» қатарына мысалы: Наследниковка, Ко-
ролевка, Ленинградское, Боевик, Чапаевка, Октябрь, Пулеме-
товка,  тағы  Чапаево,  тағы  Советское,  Буденное  т.  б.  құлаққа 
жайсыз, көңілге қонымсыз атаулар ғана енгізілген.

182
Тəуелсіздік алғанымыздан бері қарай бұл бағыттағы ша-
раларды қысқаша былай саралауға болады.
Қазіргі күнге облыста он үш аудан болса, атауы заман та-
лабына сай өзгертілген аудандар саны 1, олар мыналар:
Володар  ауданының  тарихи  атауын  қайтару  мақсатында 
ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 4 мамырдағы № 2189 қа-
улысы бойынша Айыртау ауданы деп қайта атау ұйғарылды.
Ленин  ауданы  Облыстың  əкiмшiлiк-аумақтық  құрылы-
стың  өзгеруіне  байланысты  ҚР  Президентінің  1997  жылғы 
2 мамырдағы № 3482 Жарлығы бойынша Ленин ауданының 
атауы Ақжар ауданы болып өзгерді.
Ленин  ауданы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
1997  жылғы  4  сəуірдегі  №  3461  Жарлығы  Есіл  ауданы  деп 
аталатын болды.
Облыстың  əкiмшiлiк-аумақтық  құрылыстың  өзгеруіне 
байланысты  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1997 
жылғы 23 мамырдағы № 3528 Жарлығымен Преснов ауданы 
Жамбыл ауданы деп аталатын болды.
Соколов ауданы мен Бескөл ауданы Қазақстан Республи-
касы  Президентінің  1997  жылғы  18  сəуірдегі  №  3461  Жар-
лығына сəйкес Қызылжар ауданы деп аталды.
Красноармейск  ауданы  облыстың  əкiмшiлiк-аумақтық 
құрылыстың  өзгеруіне  қарай  Қазақстан  Республикасы  Пре-
зидентінің 1997 жылғы 2 мамырдағы № 3482 Жарлығы бой-
ынша Тайынша ауданы деп аталды.
Қызылту  ауданы  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 
1997  жылғы  2  мамырдағы  №  3482  Жарлығына  сəйкес 
Шоқан Уəлиханов ауданыдеп аталды.
Совет  ауданы  Мемлекеттік  тіл  саясатындағы  ономастика 
саласын жүйеге келтіру мақсатында Қазақстан Республика-
сы Президентінің 1999 ж.11.03. № 3482 Жарлығына сəйкес 
Аққайың ауданы деп аталды.
Сергеев  ауданы  Шал  ақынның  есімін  мəңгі  есте  сақтау 
мақсатында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1999 
жылғы  14  желтоқсадағы  №  3482  Жарлығына  сəйкес  Шал 
ақын ауданы деп аталды.
Возвышен ауданы мен Булаев ауданы Мағжан Жұмабаев-
тың  есімін  мəңгі  есте  сақтау  мақсатында  Қазақстан  Респу-

183
бликасы  Президентінің  2000  жылғы  23  қарашадағы  №  490 
Жарлығына сəйкес Мағжан Жұмабаев ауданы деп аталды.
Куйбышев ауданы, Рузаев ауданы, Целинный мен Чисто-
пол  ауданы  Ғабит  Мүсіреповтің  есімін  мəңгі  есте  сақтау 
мақсатында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2002 
жылғы 2 мамырдағы № 890 Жарлығымен Ғабит Мүсірепов 
атындағы ауданы аталды.
Облыс бойынша тізімге алынған елді мекендер саны 689 
болса, оның ішінде: атауы қазақша елді мекендер саны 237 
немесе 34 пайыз, атауы орысша елді мекендер саны 452 не-
месе 66 пайыз.
1992-2015 жылдар аралығында 9 ауылдық округтің жəне 
59 елді мекеннің атауы өзгертіліп, тарихи атауы қайтарылды 
немесе транскрипциясы түзетілді.
Ленин  селолық  округінің  атауы  (Аққайың  ауданы)  Мем-
лекеттік  тіл  саясатындағы  ономастика  саласын  жүйеге  кел-
тіру  мақсатында  ҚР  Үкіметінің  жанындағы  Мемономком-
ның  2000  ж.  24.02.  ұйғарымы  бойынша  Лесной  ауылдық 
округі деп өзгертілді.
Приозерный  селолық  округі  (Тимирязев  ауданы)  ҚР 
Үкіметі  жанындағы  Мемономкомның  2003  ж.  19.09.  Ұйға-
рымы бойынша Ақжан ауылдық округі болып қайта аталды.
Чехов  селолық  округі  СҚО  əкімдігінің  №  251  қаулысы 
жəне облыстық мəслихаттың № 28 / 5 шешімі бойынша 2010 
жылғы 16 қыркүйектен бастап Ақбұлақ ауылдық округі деп 
аталатын болды.
Степной  селолық  округінің  тарихи  атауы  қайтарылып, 
Құртай ауылдық округі (Тимирязев ауданы) деп атала баста-
ды. 2009 ж. 14.10. СҚО əкімдігінің № 264 қаулысы жəне об-
лыстық мəслихаттың № 18 / 10 шешімі.
Ақжар ауданы Совхоз селолық округі деп аталып келген 
Ақжарқын ауылдық округінің атауы 2009 жылғы 14 қазанда 
СҚО  əкімдігінің  №  264  қаулысы  жəне  облыстық  мəслихат-
тың № 18 / 10 шешімі бойынша қайтарылды.

184
ТРАНСКРИПЦИЯСЫ ӨЗГЕРТІЛГЕН 
АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР:
Транскрипцияны  қазақ  тілі  нормаларына  сəйкестендіру, 
Мемлекеттік  тіл  саясатындағы  ономастика  саласын  жүйеге 
келтіру мақсатында:
Ишим  селолық  округі  -Ишимский  сельский  округ  деген 
атаулар қазақша Есіл ауылдық округі, орысша Есильский 
аульный  округ  (Тимирязев  ауданы)  деп  жазылатын  бол-
ды.2009 ж. 20.12. СҚО əкімдігінің № 340 қаулысы жəне облы-
стық мəслихаттың№ 20 / 8 шешімі
Осы  тəртіппен  бұрын  Бескөл  селолық  округі  –  Бишкуль-
ский сельский округ деп жазылып келсе, енді Бескөл ауыл-
дық  округі-Бескольский  аульный  округ  (Қызылжар  ау-
даны)  деп  жазған  дұрыс  деп  табылды.  2009  ж.  20.12.  СҚО 
əкімдігінің  №  340  қаулысы  жəне  облыстық  мəслихаттың  № 
20 / 8 шешімі.
Көгалажар селолық округі-Когалажарский сельский округ 
деген атаулар қазақша Көкалажар ауылдық округі, орысша 
Кокалажарский аульный округ (Ғ. Мүсірепов ат-ғы аудан) 
деп 2009 ж. 20.12. бастап жазыла бастады. СҚО əкімдігінің № 
340 қаулысы жəне облыстық мəслихаттың № 20 / 8 шешімі.
Шағалы селолық округі, Чаглинский сельский округ деген 
жазулар  Шағалалы  селолық  округі  жəне  сельский  округ 
Шагалалы  деп  жазылуға  тиіс  екендігі  СҚО  əкімдігінің  № 
251  қаулысы  жəне  облыстық  мəслихаттың  №  28 / 5,  2010  ж. 
16.09. шешімімен заңдастырылды.
Тарихи атауын қайтару мақсатында Красноармейск қаласы 
Тайынша қаласы деп аталды. ҚР Президентінің 1997 ж. 2.05. 
№ 3482 Жарлығы.
Осы жылдары Петропавл қаласында 33 көшенің атауы өз-
гертіліп, 24 көшеге жаңа атаулар берілді.
Халық  алдындағы  сіңірген  зор  еңбегі  үшін  құрметке 
бөленген тұлғалардың есімдері1992–2015 жылдары берілген 
мекемелер саны: білім мекемелері 24, мəдениет мекемелері 
2. Сонымен бірге атақты адамдардың есімдері жазылған 17 
ескерткіш тақта орнатылды.

185
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 07.04. № 523 
қаулысы Солтүстік Қазақстан қазақ сазды-драма театры Сə-
бит  Мұқанов  атындағы  қазақ  сазды-драма  театры  жəне  об-
лыстық  балалар  мен  жасөспірімдер  кітапханасына  Ғабит 
Мүсіреповтің есімі берілді.

186
Тарихи атауы қайтарылған ауылдар (селолар)
Бұрынғы атауы
Жаңа атауы
Өзгертілуі туралы 
құжаттың датасы, №
Володарское селосы
Село Володарское
Саумалкөл ауылы
(Айыртау ауданы) 
ҚР Жоғарғы Кеңес 
Президиумының
1993 жылғы 04.05. 
№ 2189-Х-2 Қаулысы
Комсомольское 
селосы
Село Комсомольское
Ұзынкөл ауылы
(Жамбыл ауданы) 
ҚР Үкіметі жанындағы 
Мемономкомның 1999 
ж. 28.06. Ұйғарымы
Новокрасновское 
селосы
Село 
Новокрасновское
Мортық аулы /
 аул Мортык 
(Уалиханов 
ауданы) 
ҚР Үкіметі жанындағы 
Мемономкомның 2000 
ж. 24. 02. Ұйғарымы
Комсомольское 
селосы
Село Комсомольское
Аққұдық 
ауылы / аул 
Аккудук
Херсонское село
Село Херсонское
Қаратерек ауылы / 
аул Каратерек
(Уəлиханов 
ауданы) 
Красное селосы
Село Красное
Ноғайбай ауылы / 
аул Ногайбая
(М. Жұмабаев 
ауданы) 
ҚР Үкіметі жанындағы 
Мемономкомның 2000 
ж. 9. 10. Ұйғарымы

187
«5 декабрь» селосы
Село «5 декабрь»
Береке ауылы / 
аул Береке
(Уəлиханов 
ауданы) 
ҚР Үкіметі жанындағы 
Мемономкомның 2002 
ж. 06. 12. Ұйғарымы
Толбухинское 
селосы
Село Толбухинское
Телжан ауылы / 
аул Тельжан
(Уəлиханов 
ауданы) 
ҚР Үкіметі жанындағы 
Мемономкомның 2003 
ж. 03. 04. Ұйғарымы
Ленин селосы
Село Ленин
Байшілік ауылы /
 село Байшилик
(М. Жұмабаев 
ауданы) 
ҚР Үкіметі жанындағы 
Мемономкомның 2003 
ж. 19.09. Ұйғарымы
Менжин селосы
Село Менжин
Кеңащы 
селосы / село 
Кенащы
(Ақжар ауданы) 
2005 ж. 19.10. 
СҚО əкімдігінің 
№ 4 қаулысы жəне 
облыстық мəслихаттың 
№ 19 / 6 шешімі
Октябрь селосы
Село Октябрь
Аймақ ауылы /
 аул Аймак
(Тайынша ауданы) 
2005 ж. 19.10. 
СҚО əкімдігінің 
№ 4 қаулысы жəне 
облыстық мəслихаттың 
№ 19 / 6 шешімі
Озерное селосы
Село Озерное
Тілеусай 
ауылы / аул 
Тилеусай
(Уəлиханов 
ауданы) 
СҚО мəслихатының 
2006 ж. 21.12. № 27 / 10 
шешімі

188
Қызылəскер
селосы
Село
Кызыласкер
Құмтөккен ауылы / 
аул Кумтоккен
(Айыртау ауданы) 
2008 ж. 5.06. СҚО 
əкімдігінің № 156 
қаулысы жəне 
облыстық мəслихаттың 
№ 7 / 9 шешімі
Найдорф селосы
Село Найдорф
Ақсары ауылы / 
аул Аксары 
(Ақжар ауданы) 
2008 ж. 5.06. СҚО 
əкімдігінің № 156 
қаулысы жəне 
облыстық мəслихаттың 
№ 7 / 9 шешімі
Западное селосы
Село Западное
Нұрымбет ауылы / 
аул Нурымбет
(Жамбыл ауданы) 
2008 ж. 5.06. СҚО 
əкімдігінің № 156 
қаулысы жəне 
облыстық мəслихаттың 
№ 7 / 9 шешімі
Гавриловка
селосы
Село
Гавриловка
Көкалажар 
ауылы / аул 
Кокалажар
(Ғ. Мүсірепов ат-
ғы аудан) 
2008 ж. 5.06. СҚО 
əкімдігінің № 156 
қаулысы жəне 
облыстық мəслихаттың 
№ 7 / 9 шешімі
Чапаевское
селосы
Село
Чапаевское
Мерген ауылы /
 аул Мерген (Шал 
ақын ауданы) 
2008 ж. 5.06. СҚО 
əкімдігінің № 156 
қаулысы жəне 
облыстық мəслихаттың 
№ 7 / 9 шешімі
Октябрьское селосы
Село
Октябрьское
Ұзынжар ауылы
аул Узынжар
(Шал ақын ауданы) 
2008 ж. 5.06. СҚО 
əкімдігінің № 156 
қаулысы жəне 
облыстық мəслихаттың 
№ 7 / 9 шешімі

189
Черниговское 
селосы
Село
Черниговское
Қондыбай 
ауылы / аул 
Кондыбай
(Уəлиханов 
ауданы) 
2008 ж. 5.06. СҚО 
əкімдігінің № 156 
қаулысы жəне 
облыстық мəслихаттың 
№ 7 / 9 шешімі
Наследниковка 
селосы
Село Наследниковка
Баян ауылы / 
аул Баян
(Айыртау ауданы) 
2009 ж. 14.10. СҚО 
əкімдігінің № 264 
қаулысы жəне 
облыстық мəслихаттың 
№ 18 / 10 шешімі
Совхозное
селосы
Село
Совхозное
Ақжарқын ауылы / 
аул Акжаркын
(Ақжар ауданы) 
Кузбасское
селосы
Село
Кузбасское
Ақсай ауылы / 
аул Аксай
(Ақжар ауданы) 
Совхозное
селосы
село Совхозное
Ақжарқын 
ауылы / аул 
Акжаркын

190
Транскрипциясы өзгертілген ауылдар (селолар)
Бұрынғы
атауы
Жаңа атауы
Өзгертілуі туралы 
құжаттың датасы, №
Альжанка селосы
Село Альжанка
Əлжан ауылы / аул 
Альжан (Айыртау 
ауданы) 
2008 ж. 5.06. СҚО 
əкімдігінің № 156 
қаулысы жəне облыстық 
мəслихаттың № 7 / 9 
шешімі
Якши Янгизтау 
селосы
Село Якши 
Янгизтау
Жақсы Жалғызтау 
ауылы
аул Жаксы 
Жалгызтау
2009 ж. 14.10. СҚО 
əкімдігінің № 264 
қаулысы жəне облыстық 
мəслихаттың № 18 / 10 
шешімі
Ульгули селосы
Село Ульгули
Үлгілі ауылы / аул 
Ульгили
Даут селосы
Село Даут
Дəуіт ауылы / аул 
Дауит
(Ақжар ауданы) 
Кызылтуское 
селосы
Село Кызылтуское
Қызылту 
ауылы / аул 
Кызылту
Ишимское селосы
Село Ишимское
Есіл ауылы / аул 
Есиль
(Тимирязев 
ауданы) 
Нарунгуль
селосы
Село Нарунгуль
Нарынгүл 
ауылы / аул 
Нарынгуль

191
Аканбурлук
селосы
Село
Аканбурлук
Ақанбұрлық 
ауылы / аул 
Аканбурлык
2009 ж. 20.12. СҚО 
əкімдігінің № 340 
қаулысы жəне облыстық 
мəслихаттың № 20 / 8 
шешімі
Акчок селосы
Село Акчок
Ақшоқы 
ауылы / аул 
Акшокы
Бурлукское
селосы
Село
Бурлукское
Бұрлық ауылы / аул 
Бурлык
Шукурлюк
селосы
Село
Шукурлюк
Шүкірлік 
ауылы / аул 
Шукирлик
Бурлук селосы
Село Бурлук
Бұрлық ауылы / аул 
Бурлык
Есперлы
селосы
Село Есперлы
Есперлі ауылы / аул 
Есперли (Жамбыл 
ауданы) 
Альва селосы
Село Альва
Алуа ауылы / аул 
Алуа
(М. Жұмабаев 
ауданы) 

192
Карагандинск 
селосы
Село
Карагандинск
Қарағанды 
ауылы / аул 
Караганды
2009 ж. 20.12. СҚО 
əкімдігінің № 340 
қаулысы жəне облыстық 
мəслихаттың № 20 / 8 
шешімі
Сейфуллино
селосы
Село
Сейфуллино
Сейфолла 
ауылы / аул 
Сейфолла
Беняш селосы
Село Беняш
Бинаш ауылы / 
аул Бинаш
(М. Жұмабаев 
ауданы) 
Узунколь
селосы
Село
Узунколь
Ұзынкөл 
ауылы / аул 
Узыколь
(М. Жұмабаев 
ауданы) 
Бишкуль
селосы
Село
Бишкуль
Бескөл ауылы /
 аул Бесколь
(Қызылжар 
ауданы) 
Бирликское
селосы
Село
Бирликское
Бірлік ауылы / 
аул Бирлик
(Ғ. Мүсірепов 
ауданы) 
2009 ж. 20.12. СҚО 
əкімдігінің № 340 
қаулысы жəне облыстық 
мəслихаттың № 20 / 8 
шешімі
Тохты селосы
Село Тохты
Тоқты ауылы /
 аул Токты
(Ғ. Мүсірепов ат-
ғы аудан) 

193
Бидайыкское 
селосы
Село
Бидайыкское
Бидайық 
ауылы / аул 
Бидайык
(Уəлиханов 
ауданы) 
Аккудук
селосы
Село Аккудук
Аққұдық 
ауылы / аул 
Аккудык
(Уəлиханов 
ауданы) 
2009 ж. 20.12. СҚО 
əкімдігінің № 340 
қаулысы жəне облыстық 
мəслихаттың № 20 / 8 
шешімі
Курлеут
селосы
Село Аккудук
Күрлеуіт 
ауылы / аул Курлеут
(Уəлиханов 
ауданы) 
Карагандинское 
селосы
Село 
Карагандинское
Қарағанды 
ауылы / аул 
Караганды
(М. Жұмабаев 
ауданы) 
Шағалы селосы
село Чаглы
Шағалалы 
ауылы / аул 
Шагалалы
(Аққайың ауданы) 
2010 ж. 16.09. СҚО 
əкімдігінің № 251 
қаулысы жəне облыстық 
мəслихаттың № 28 / 5 
шешімі

194

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет