босаңдатуға болмайды. Жалтақтай беретін ештеңе жоқ.
Отаршыл заманды еске алып, халықтың намысына ти-
етін атауларды да, тілдің өзіндік заңдылығын, табиғи
үндестігін бұзып тұрған атауларды да ауыстырмай бол-
майды…»
3
3. Қазақ ономастикасының өзекті мəселелері. Республикалық ғылыми-практикалық
конференцияның материалдары. Астана, 2004, 106-бет.
16
Əрине, бұл жұмыстар оңай атқарылып келе жатқан жоқ.
Жалпы республиканы тұтас алып қарағанның өзінде онома-
стикалық жағдайлардағы баяулық пен енжарлық барлық ай-
мақтарда біріне-бірі өте ұқсас «Олар – əлі де жалтақтықтың
басымдығы, нақты тəжірибенің аздығы, кей ретте көзбо-
яушылықтың орын алу, нақты тетіктерді тауып, қосуға де-
ген ерік-жігер мен білім-біліктің, белсенділіктің жетіспе-
уі, қажетті қаржы мөлшерімен қамтамасыз ету мəселесінің
шешімін таппауы, көптеген басшылардың осы мəселелерге
қатысты өздерінің жеке жауапкершіліктерін əлі терең сезін-
бей жүргендігі жəне оларға бұл ретте тиісті талап қойылмай
келе жатқандығы, т.б»
4
.
Жер-су атауларына зер сала қараған адам, сол атаулар-
дың астарындағы ғажайып сырларды танып, қайран қа-
лар еді. Əрбір халықтың санасында бұл атаулар ғасырлар
қойнауындағы қазына ретінде бағаланады. Қазақ халқы
ежелден елді мекендердің, жер, су, өзен, көл атаулары-
ның мəн-мағынасына, тарихына ерекше көңіл бөлген. Əр
дəуірдің ескерткіші ретінде халық тарихының, ұғым-на-
нымның дерегі саналып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып оты-
ратын тарихи жəдігерлерді құрметтеп, аялап сақтап білу –
азаматтық борыш болуға тиіс.
Бұл атаулар тек географиялық белгі ғана емес, мəдени-
етіміз бен сан ғасырлық тұрмысымыздың, тіліміздің барша
тарихы мен заңдылықтары да осы атаулардан табылады.
Қазақстан мемлекеттігін нығайтудың қазіргі кезеңінде оно-
мастика мəселесі тек қазақ тіл білімінің аясымен ғана шек-
телмей, саяси-əлеуметтік, тарихи, мəдени мəні зор, ұлттық,
құқықтық, идеологиялық, моральдық шешімді талап ететін
өте күрделі құбылыс болып саналады. Сондықтан да, оно-
мастика проблемаларына мемлекеттік маңыз беріліп отыр.
Ономастика – кең мағнасында (гректің «onomastikуs»
– атау беру) – тіл ғылымының меншікті есімдерді, олардың
шығу тарихын, ұзақ уақыт тұрақты қолдану нəтижесінде
түрленуін, дамуын, таралуын зерттейтін саласы. Ықшам
4. Ономастика: бүгіні мен болашағы. Республикалық ғылыми-практи-калық
конференцияның материалдары. Астана, 2002, 4-бет.
17
мағынасында əртүрлі жағдайдағы меншікті есімдер, жалқы
есімдер, атаулар жүйесі.
Топонимика – гр. «topos» – жер, мекенжəне «onyma» –
«ат, атау» деген сөзінен шыққан географиялық атаулар-
ды, оның мəн-мағынасын зерттейтін ономастиканың негіз-
гібөлігін білдіреді, топонимия – белгілі бір елді мекеннің
(аудан, облыс, елдің т. б.) географиялық атауларының ке-
шені деген сөз. Əрбір нысанның бейнелі топонимдік ата-
лымдары сипаты бойынша төмендегідей негізгі түрлерге
бөлінеді:
• гидроним – гректің «hydor» – «су» деген сөзі, яғни су
нысандарының атауы;
• ороним – гректің «oros» – «тау» деген сөзі жер бетін-
дегі бедерінің кез-келген бірлігінің жалқы атауы,
оның ішінде тау, төбе, шоқы, құз жəне т. б. атауы;
• ойконим – гректің «oikos» – «тұрғылықты мекен»
дегенді білдіреді, кез-келген елдімекеннің жалқы ата-
уы, оның ішінде қала типтегі атау – астионим, ауыл
типтес елдімекен– комоним деп аталады;
• Ал, нысандардың көлемі бойынша топонимдердің
мынадай екі деңгейі атап көрсетіледі:
• макротопонимия – ірі табиғи немесе адам қолымен
жасалған нысандардың жəне саяси əкімшілік бір-
лестіктердің атауы;
• микротопонимия – шағын географиялық нысандар-
дың, əсіресе жергілікті ландшафтың (орман, тоғай,
алаң т. б.) атауларын жекелей атау
5
.
Қазақ этносы ежелден мекендеп, күні бүгінге дейін осы
жерді жайлап- қыстап, осы жерде өсіп-өніп, əр ұрпақ ал-
дыңғы ата-бабаларының салт-дəстүрлерін сақтап, байытып,
келер буынға табыстап келе жатқан ұлы тарихымыздың
куəсі – туған жеріміздегі əрбір атауға ие белгілер. Бұл бел-
гілерді ғылым тілінде географиялық нысан десек, солардың
əрқайсының ономастика деген жалпы атауға кіретін, топо-
нимика деген –географиялық атаулар туралы ғылымға лай-
ық есім-атаулары бар екен. Топонимиканы зерттеу ғылымы
5. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. 1, 327 б.
18
тіл, тарих жəне география деген үштағаннан тірек табады,
солармен нəрленеді, солар арқылы айқындалады. Осыдан
былайғы сөз саптасымыздан байқалатындай, «топонимика-
ның көптеген мəселелері таза тіл білімі тұрғысында шешіле
бермейді,…онымен айналысатын адамның тарихты да, ге-
ографияны да, олардың құрамдас бөліктеріне дейін жақсы
меңгеруін талап етеді
6
».
ТАРИХИ ШОЛУ
Солтүстік өлкеде жер-су аттарының орынсыз өзгеруі,
шамамен осыдан 230-250 жыл бұрын басталған болатын.
Айталық, отарланған елді мекендердің қазақша атауларын
орысшамен айырбастау туралы əскери губернатор Г. Мень-
шиковтың бұйрығы 1774 жылғы 1 қаңтардан орындала
бастады. Əкімшіліктің зорлық күшімен өзгерген алғашқы
атаулар, мысалы, мыналар екенін еске салайық:
Омбы уезіндегі Атқы-Мөнтік-Сары Қарауыл болысының
атауы Николаев болысы, Петропавл уезіндегі Матақай-Сы-
бан-Керей болысының атауы Пресногорьковская болып өз-
гертілді
7
. Бұл атаулар күні бүгінге дейін отарлау саясаты-
ның ескерткішіндей сақталып қалды. Бұл үрдіс тоқталмай,
жалғаса берді.
Мысалы, 1830 жылғы географиялық картаның бетіндегі
көлдер мен елді мекендер аттарының жаппай орысшалануы
да көп нəрседен хабар бергендей.
1832 жылы Омбы облысының аймағын əскери-топог-ра-
фиялық картаға түсіру үшін подполковник Бутковскийдің
басшылығымен арнайы экспедиция құрылды. Экспедици-
яның 1833 жылы дайындаған есеп-санақ сипаттамасын-
да Көкшетау округінде (қазіргі СҚО аймағын да қамтиды
-авт.) тұратын халықтың əкімшілік болыстарға бөлінгендегі
жағдайы көрсетілді
8
.
6. Дияров Б. Қазақ топонимдерінің типтік үлгілері.Астана, 2013, 19-бет.
7. ООМА. 3-қор, 1-тізбе, 11863-іс, 4-6-беттер.
8. Аристов Н. Н. Заметки об этническом составе тюркских племен. СПб., 1897, С.101.
19
1. Майлы Балта-Атығай болысы (ондағы негізгі рулар:
бабасан 286 түтін, сүйіндік-қара 228 түтін, елтоқ 150 түтін,
сарыбаласы 342 түтін, қадыр 280 түтін).
2. Атығай-Бағыш (оның ішінде доңқай 150 түтін, рысқұл
198 түтін, құлансу 80 түтін).
3. Қырғыз (долана-қырғыз 155 түтін, (Андағұ, Жұмық
этноним, Жантелі, басай-қырғыз 180 түтін).
4. Дауылбай-Қарауыл (дүйсен 110 түтін, серке 75 түтін,
күлдей 63 түтін).
5. Құттымбет-Қарауыл (ноқай 205 түтін жəне малай 205
түтін).
6. Қылды-Қарауыл (жанған 176, тарағай 150 жəне қуан-
дық 66).
7. Едікбай-Қошқар-Қарауыл (байқошқар 145, елікбай 150).
8. Баба-Атығай (оның ішінде баба 490 түтін)
9. Қойлы-Атығай (қарабалық 207 жəне əлмəмбет 307
түтін)
10. Рысай-Атығай (есенгелді 376 түтін).
11. Құдайберді-Атығай (көшқұлы жəне ораз 249 түтін,
аңдағұл жəне жұмық 330, жантелі жəне ақмəліш 236 түтін).
12. Ноғай-Қарауыл (есенгелді 219 түтін).
13. Атығай-Бағыс (назар, байназар жəне серке 612 түтін).
14. Балта-керей (балта 184 түтін).
15. Құрсары-керей (бураз жəне құрман – 45 түтін)
16. Уақ (шоға – 132 түтін)
17. Бəйімбет-Атығай (айбас 385 түтін).
Аманқарағай округінен қосылған:
Уақ (байдалы 500, жансары 525, барғана 450, шайгөз 225,
сіргелі 50, ергенекті-уақ 50 түтін).
Керей (көшебе 700, сибан 500, матақай 1000, самай 500,
есенбақты 200, еменəлі 150, қантай 250, тазда-керей 100,
дəулетімбет 100, нұрымбет 380, қақсүт 540, шағалақ 100, қа-
ракемпір 8, құрама-құлтаба 180 түтін).
Арғын (таз) 700, өтей 500, қалуқай 500, оқташ 510,
тағаш 100, жиембет 200, қанжығалы 500, қубет-ұзын-то-
райғыр-қыпшақ 350, бағаналы 300, арғын-ақшаты 100,
арғын-сүгір 40, матақай-керей 500, арғын-сарыжетім 300,
арғын-жолтай 135 түтін).
20
Моншақты округінен қосылған:
21. Құрсары-керей 4011 түтін, ақсары-керей 208 түтін,
қашақты жəне шұбар қарауыл 2100, қанжығалы 6420, əжі-
бай – 1580, қанжығалы 2000, ақсары-керей 3592 түтін. Қара-
пайым есеп сияқты көрінгенімен, бұл мəліметтер бір кезде
осы аталардан тараған ұрпақтардың санын дəл көрсетеді де,
«осылардан қазір қалғаны қанша екен?» деген қайғылы ойға
жетелейді.
Подполковник Бутковский экспедициясының санақ
мəліметтері бойынша 1832 жылы Сібір əкімшілігіне қа-
райтын 8 округте 116500 түтін болған, мұның 60 мыңы
батыс жəне орталық округтердегі арғындар. Олар негізі-
нен атығай, төртуыл, қанжығалы, қарпық, алтай, бəсен-
тин, қарауыл, шаншар, шақшақ, əжібай жəне басқа ру-
лардан құралған отбасылар еді. Ал, 15 мыңға таяу керей
тайпасының өкілдері батыс жəне орталық округтерді ме-
кендеді. Олар негізінен құрсары, ақсары т. б. керейлер еді.
Қыпшақтардың басым бөлігі Торғай округінде болған.
Патшалық Ресейдің отарлау саясатының негізгі бағы-
ты аумақтық жəне саяси-əлеуметтік бірлігі тұтас, ынты-
мақтаса ұйып отырған қазақ руларын бөлшектеп, əрбір
əкімшілік бөліске таратып жіберуге бағытталғаны осы құ-
жаттан көрініп тұр. Жоғарыдағы кестеде бір рудың адамда-
ры əртүрлі болыстарда қайталанып келе беруінің мəнісін
санақ жүргізушілер өз əлінше түсіндірген: «Қазақ рулары-
ның ұсақ топтарға бөлініп, араласып кетуі округтік приказ
құру, əкімшілік болыстарға бөлу салдарынан. Осылайша,
тарихи рулардың бұрынғы атаулары өз мəнін жойды»
9
. Бұл
айтылғандар 1822 жылғы реформаның нəтижелеріне қаты-
сты мəліметтер жəне кейін облыс, аудан, совхоз құру кезінде
мүлде асқынып, тұтас қазақты тас-талқан етіп бытыратып,
шашып жіберді. Бір рудың, бір атаның ұрпақтары бірін-бірі
танымай, суысып кетуінің тамыры осындай тарихи құбылы-
ста жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі аймағы ежелден
арғынның атығай, қарауыл руларының, керей мен уақтың
9. Аристов Н. Н. Заметки об этническом составе тюркских племен. СПб., 1897, С.103.
21
атамекені болған. ХҮ-ХҮІ ғасырдың өзінде осы рулардың
батырлары мен билері өз жерлерін көздің қарашығындай
сақтап, жат жұрттықтардан ерлікпен қорғай білген.
Арғы дəуірлерден жазба дерек сақталмаған, соның өзін-
де ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы құжаттарда əр рудың ұлы-
старға бөлініп, өз билеушілері болғанын мұрағат құжаттары
дəлелдеп отыр. Мысалы, көрші Қытай мемлекетінің барлау
қызметі 1756 жылдары жинаған деректер мынадай:
«Орта жүзде: тарақты, арғын, найман, керей, уақ, төлең-
гіт, қыпшақ қатарлы 7 тайпа бар, делінген бір құжатта. –
[Солардың ішінде:]
…Қанжығалы арғынның 2000 отбасы Бөгембай батыр-
дың билігінде;
Атығай-арғынның 1000 отбасы Жəпек батырдың,
Қарауыл-арғынның 2000 отбасы Итқара батырдың,
Бəсетиін-арғынның 2000 отбасы Жанұзақ батырдың,
Қозған-арғынның 1000 отбасы Төлеуке бидің,
Төртуыл-арғынның 2000 отбасы Бабеке бидің,
Арғын майлы-балта руының 1000 отбасы Итқара батыр-
дың,
Баба-арғыннның 500 отбасы Бабаназар бидің қарауында;
Ашамайлы-керейдің 10 000 отбасы Тұрсынбай батырдың
билігінде;
Абақ-керейдің 1 000 отбасы Қожаберген батырдың билі-
гінде;
Ителі-керейдің 1 000 отбасы Жантөре батырдың билігін-
де;
Уақ тайпасының 1 000 отбасы Сары Баянның билігінде;
Уақ тайпасының 1 000 отбасы Тілеу батырдың билігінде.
Уақ тайпасының Бармақ батыры 500 отбасын басқарады.
Ергенекті-уақ руының 1 000 отбасы Есенқұл батырдың
билігінде.
Жаңа уақтың 500 отбасы Сары батырдың билігінде…»
10
Одан беріде атығайдың құдайберді-бəйімбет тармағын Бай-
жігіт тархан жəне оның інісі Күсес батыр, Қорамса мырза,
10. Тайшыбай З. С. Қазақтың ханы – Абылай., Екі томдық, Алматы, «Ел-шежіре», 1-том,
529,530-беттер.
22
одан беріде Жылқара Байтоқин биледі. Құлсары тармағын
Құлсарының үлкен ұлы Құлыбек батыр; Жəпек тармағын
Аю батыр; Бабасан тармағын Төбет батыр Төлеұлы, Ақбо-
та батыр, Құдайназар би; Қойлы-атығайды Мырзатай батыр,
Ақшүкір Баубекұлы ұстап отырды.
Күрлеуіт қыпшақты басқарған Төлеген батыр, Иман сұл-
тан; орта-керей болысын Дəулеткерей сұлтан; уақ болысын
Сарғалдақ қожа, Қуанбай би; көшебе-керейді Таңқаттың
Қалыбегі, Шалқардың Қаратоқасы, Сағындықтың Көше-
нейі деген ел ағалары, сибан-керейді Сейіттің Естемесі;
қанжығалыны Айтбай батырдың ұлы Жаманқарас билеген.
Міне, кейінгі ұрпақ өз ата-бабаларының алдындағы пер-
зенттік парызын терең түсініп, ел болуымыздың тірегі,
жеріміздің қорғаны əрі көркі болған осы аталарымыздың
есімін мəңгі жадымызда сақтауға қатысты жұмыстар жасау
керек. Бұл – кейінге қалдыра беретін іс емес. Əлі де, алды
тоқсаннан асып, арты жетпіске ілігіп отырған аға ұрпақ
өкілдері баршылық. Міне, солардың естіген-білгендерін
қағазға түсіріп, сол арқылы қазақ жерлерінің байырғы, та-
рихи атауларын орнына келтіру – маңызды міндет.
Еліміздің Солтүстік аймағы тарих тəлкегіне ерте ұшы-
рап, Ресей отаршылығына душар болғаны мəлім. Есіл шебі
деп аталатын бекіністер негізінен осы күнгі солтүстіктегі,
Ресеймен екі арадағы қазіргі шегараға сəйкес келетіні кез-
дейсоқ емес. Бабаларымыз бізге мұра қылған байлық осы.
Абылай ханның сара саясатының арқасында Орта жүздің
осынау солтүстік аймағы, ежелгі қазақ жерлері Қазақстан
шебінде сақталып қалды. Ұлы ханның айбары атамекенге
қорған болды. Абылай хан дүниеден өткеннен кейін ғана
Ресей империясы бұл жерлерге келімсектерді «ерікті» жəне
«еріксіз» қоныстандыру амалдарын жасай отырып, Есіл
өзені бойындағы тоғайлардан, өзеннің шұрайлы аңғарынан
қазақтарды күшпен ығыстыра берді.
Біздің замандасымыз А. И. Семенов деген автор «Город
Петропавловск за 200 лет (1752–1952) «деген кітабын-
да, қазіргі Петропал қаласы тұрған жерде, тіпті облыс ай-
мағында 1752 жылы Ресей мемлекеті бекіністер желісін
салғанша, «қазақтар қоныстанбаған, тіпті, мысалы, 1694
23
жылы осы жермен Түркістанға қарай Есілді жағалап өт-
кен Сібір казактары «бірде-бір тірі жанды көрмеген» деп
жазады. Одан əрі, «бекініс қазақтарды жоңғар шапқын-
шылығынан қорғау үшін» яғни қазақтардың мүддесі үшін
салынған болатын, дейді. Бұл – тарихтан хабары жоқ,
ақиқатқа көпе-кернеу қиянат жасаушының сөзі. Себеб, 1745
жылы күзде Қалдын Серен қайтыс болғаннан кейін-ақ,
оның ұрпақтары, отбасы хан тағына таласып, өзара қырқы-
сты бастап, он жылға жетпей Жоңғар хандығының шаңы-
рағын ортасына түсті де, ошағына су құйған көрші Қытай
бір кездегі əлуетті мемлекетті жер бетінен жоғалтып жібер-
ген.
Əлбетте, бұл арада Ресей империясының отарлау саяса-
тының себептері мен салдарларына тоқталып, түсіндіріп
жату міндет емес, талай талқыға түсіп, басы ашылған дау-
сыз шындықты қайталап, уақыт алмаймыз. Ал, Көшім хан-
дығының бүкіл Батыс Сібірдегі меншікті иеліктерін қосып
алғанда, Есілдің Қызылжарға ұрымтал өңірінің тұтастай,
қазақтың мекені болғанын мойындайтын кез келді.
Рас, қазақ жерлерінің Ресеймен іргелесе екені, екі мем-
лекеттің халықтары төсекте басы, төскейде малы қосылып,
көп уақыт араласып келген. Тіптің ХІХ ғасырдың ортасына
дейін Ресейдің жарияланып, тараған географиялық карта-
ларында «Есіл шебі» немесе «Ащы көлдер шебі» деп ата-
лып келген бөліктен оңтүстікке қарай «қазақтардың жері»
екені тайға таңба басқандай көрінеді. 1920 жылы меже-
леудің алғашқы талпыныстарынан күні бүгінге дейін екі
жақтың ұстанымы айтарлықтай өзгерген жоқ.
Ресей мен Қазақстан арасындағы аумақтық мəселелер
толық реттелген. 2005 жылы Қазақстанның тұңғыш Пре-
зиденті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Влади-
мир Путин қол қойып, 7400 шақырымдық Қазақстан-Ресей
шекарасын белгілеп, келіскен шартты екі елдің де Парла-
менттері бекіткен. Яғни, бұл күнде мəңгілік екі көршінің
арасында жер дауы жоқ.
1752 жылы Ресейдің оңтүстік шекарасын қауіпсіз ету
мақсатында Ертістен Бағланға дейін тізбектеле тартылған
қорғаныс бекіністерінің бірі – Петропавл бекінісі бо-
24
луына байланысты Қазақстанның солтүстік аймағының
əкімшілік-саяси, экономикалық орталығына айналды.
Қазақстан Республикасының қазіргі əкімшілік-аумақтық
бөлінісіне тоқталмас бұрын, ХІХ ғасырдың басынан бері
қарай, облысымыздың, оның орталығы Петропавл қаласы-
ның басынан өткен жағдайларға тарихи шолу жасап, біраз
мағлұматтар берген жөн сияқты.
Мысалы, қазіргі жер-су аумағымыз əуелде 1803 жылы
Ресейде құрылған Сібір генерал-губернаторлығына қарады.
Сібірдің бас губернаторы болып 1819 жылы М. М. Сперан-
ский тағайындалды. Ресейдің осынау көрнекті мемлекет
қайраткерін еске алып отырғанымыз, қазақ даласында хан-
дық билікті жойып, «Сібір қазақтарының жарғысы» деп ата-
латын құжат негізінде мемлекеттік басқарудың жаңа түрін
енгізген осы губернатор болатын. Ол 1821 жылы кетіп бол-
ды. Сол жылы Абылайұлы Уəли хан қайтыс болды. Хандық
билік Айғанымда қалды, тіпті ол Шыңғысұлы Тортай сұл-
танға тұрмысқа шықса да, Ресей патшасы оның қолындағы
билікті алған жоқ.
1822 жылы Сібір екіге бөлінді де, Қазақстанның солтүсті-
гі Батыс Сібір губернаторлығына қарады. Аталған əкімшілік
бөлініс Тобыл жəне Том губерниялары мен Омбы облысын
қамтыды. Əкімшілік мекемелер Тобыл қаласында болса да,
осының ішінде Орта жүздің қазақтарының билігі Омбы об-
лысында қалды. Бұл облыс іштей Омбы, Петропавл, Семей
жəне Өскемен округтері болып жіктелді. Жəне Семей мен
Петропавл «орта қалалар» санатына, Омбы мен Өскемен
«шағын қалалар» санатына жатқызылды.
Уəли хан дүниеден өткеннен кейін орнына хан сайлан-
бағаны белгілі. Айтпақшы, 1816 жылы Ресей патшасының
рұқсатымен Орта жүздің қаракесектері Бөкей сұлтанды хан
сайлап алғаны тағы бар.
«Сібір қазақтарының жарғысы» бойынша сот істері қыл-
мыстық жəне əкімшілік болып, екіге бөлінді. Қазақ ішінде
билер соты жүйесі сақталғанымен, неғұрлым ауыр қыл-
мыстар (кісі өлімі, ауылды шауып алушылық, орыстарды
тұтқынға алу, үкімет билігіне қарулы қарсылық т. б.) орыс
сотының қарауына алынатын болған.
25
«Жарғының» медициналық деп аталатын арнайы
бөлімінде «əрбір округте екі дəрігері бар аурухана болаты-
ны» жазылған. «Діни мəселелер» деген бөлімде халық ағар-
ту мəселелері қаралған.
Бұған дейін ешкімге тəуелді болып, алым-салық төлеуді
білмеген атам қазақ жаңа низам бойынша үкімет пайдасы-
на салық төлеп тұратын болды. 1730-40 жылдары Ресейге
бодандық шартымен (шерт, серт, ант…синонимдер. – авт.)
«ясақ» аталған бағалы аң терісі түрінде жазылып, Абы-
лай заманында төленбей қалған салық жүйесі жанданды.
Шаңырақ басы əрбір жүз малдан бір мал (мұның ішінде
түйе жоқ) төлеп тұру парызы міндеттелді. Жарғыда осылай
делінгенімен, алғашқы бес жыл бойы «Сібір қазақтары»
(Орта жүз деп оқыңыз. – авт.) салықтан босатылды.
Осылайша, қазақтарды мемлекеттік тəуелсіздігінен
біржола айырып, нағыз отарлауға кіріскен патша үкіметі
Кіші жүзде де билік жүйесін өзгертті. 1922 жылы Орын-
бордың бас губернаторының есіміне қосақталған «Игель-
стром» реформаларына сəйкес, мұнда да хандық билік
жойылды Екі жылдан кейін жаңа губернатор П. К. Эссен
дайындаған «Орынбор қазақтары туралы» жарғы мақұл-
данып, күшіне енді. Басқару билігі Шегара комиссиясына
берілді.
Қазақстанды бөлшектеп басқару тəжірибесі Кіші жүздің
мысалында сыналып, Гурьевтен Звериноголовскіге дейін-
гі аумақ 32 бөлшеккке – дистанцияларға бөлініп тасталды.
Дистанция бастықтары отаршылардың көңіліне жағады-ау
деген ел ағалары мен төре тұқымынан іріктелді.
Бұдан кейін ұлттың тіршілігі мен қоғамдық құрылысын-
да тəуелсіздіктің нышаны да қалған жоқ. Қазақ жерлерін
баса-көктеп иеленген отаршы билік, əкімшілік-аумақтық
бөлініс дегендеріңізді миластырып жіберді. Ру, ата, ауыл
болып көшіп-қонатын жерін өз қолайына қарай таңдауға
тиым салынды. Дистанция əкімшілік-аумақтық құрылым
ретінде мойындала қоймады, қазақтар ішкі шегараларды
сақтауға пейілді болмады.
Дистанция бастықтары биліктен айырылып қалды. Қа-
зақтар мұндай əскери-саяси билеп-төстеуге көнбеді.
26
Əлбетте, Ресейдің жоғары билігі тарапынан жасалып
жатқан бұл реформалардың көздегені – ен-байтақ қазақ да-
ласын бөлшектеп, құнарлы жерлерді тартып алып, оған
мемлекеттің ішкі өлкелерінен қоныстаушылар шақыру еді.
Бұл қоныстанушылар, əуелде негізінен ел ішінде «қазақ-о-
рыс» атанған казактар болатын. Олардың жартылай əскери
салт-дəстүрі, ұрыс-жанжалға бейімдігі, қару сілтеп, соғысқа
кіруге дайындығы сияқты қанға сіңген ерекшеліктері үкімет
үшін таптырмайтын «қолшоқпар» еді. Яғни, Ресейдің пат-
ша сарайы қазақ жерлерін тартып алушылардың алдыңғы
шебіне казактарды салуының мəнісі осы болатын. Отарлау-
дың осындай амалының мысалдары Солтүстік Қазақстанда
толып жатыр. Мысалы, əскери топограф Какулиннің есебі
бойынша 1839 жылы Өскеменнен Омбыға дейінгі Ертіс бой-
ының 158 мың шаршы шақырымы казактарға кесіп берілген.
Сондай-ақ, Ор бекінісіне Троицкіге дейінгі аралықтағы 10
мың шаршы шақырым тағы сол казактарға үлестіріліп, қа-
зақтар тұрғын атамекенінен қырға қарай қуып тасталды.
1822 жылы Сібір қазақтары туралы Жарғы жарияланып,
мемлекеттік билік жүйесі жаңартылысымен, хандық билік
жүйесі жойылды. Қазақ даласында округтер құрылып, олар-
ды сайланып қойылған аға сұлтандар басқаруға тиіс болды.
Сонымен бірге, қазақтардың мемлекетке мал түрінде салық
төлеуге міндеттелуі де ұнамсыз жаңалық еді.
1822 жылы алғашқы екі округ құрылды. Орталық Қа-
зақстандағы Қарқаралы округіне Бөкей ханның немересі
Жамантай Шыңғысұлы Тұрсын, Көкшетауға Абылай хан-
ның немересі Ғұбайдолла Уəлиұлы аға сұлтан болып тағай-
ындалды. Ғұбайдолла Ресей билігіне мойын ұсына қоймай,
Қытай үкіметіне қарайлай бергені үшін жазалы болды да,
оның міндетін біраз уақыт, аға сұлтандыққа Абылай Көш-
кенбай Ғаббасов сайланғанша, Байтоқа ұлы Жылғара атқар-
ды.
Біздің облыстың аумағына, иə сонымен қатар Көкшетау
атырабына ел аузында қазақ-орыс деп аталған казактардың
арнайы жіберіліп, қоныстануы 1826 жылдан басталады.
1838 жылы Омбы облысы таратылды да, оның орны-
на Омбы, Петропавл жəне казак станицаларынан тұратын
27
шегара билігі құрылып, Тобыл губерниясының қарауы-
на берілді. Ал, Ертіс бойындағы Семей, Өскемен қалала-
ры мен казак станицалары Том губерниясына бағынды.
Осыған орай қазақтарды жеке билеп-басқарудың арнайы
ережесі жасалды. Айта кететін бір құбылыс, сол жылы
Ертіс бойындағы қыпшақ болыстары қазақтардан бөлініп,
жеке шаңырақ көтермек те болғаны құжаттардан көрінеді.
Бұдан кейін тура 10 жылға созылған Кенесары бастаған
ұлт-азаттық қозғалыстың кезеңі келеді. Ол өз алдына жеке
тақырып. Ал, Ресей мемлекеті тарапынан арнайы бағдар-
ламамен солтүстік Қазақстанның егіншілікке жарамды,
құнарлы жерлеріне орыс жəне украин қарашекпендерін
əкеліп қоныстандыру 1846 жылдан арналанып, қарқын ала
бергенін байқаймыз. Содан, бір ғасыр өткенге дейін, бұл
аймақта көптеген бекіністер мен қамалдар салынып, Ре-
сейдің орталық өлкелерінен, Украинадан келген қоныс ау-
дарушылар Сарыарқаға қаптап ене бастады.
Ақмола облысына қоныс аударушыларды толтыру үшін
ең маңызды əрі күрделі шара өлкені отарлау болатын
1752 жылы Есіл бойында осы Петр жəне Павел ағзамдар
бекінісі салынып, атауы кейін Петропавл болып өзгертілді.
Бірақ қазақ даласының солтүстігі мен солтүстік шығысын
түгелдей жапқан бекіністер, қамалдар мен күзет қосында-
ры 1716 жылы іргесі қаланған Омбы бекінісіне қосылған
болатын. Сол кезден бастап, үкіметіміз үшін қазақ даласын
отарлау бірінші кезекте маңызды саналды. Айталық, 1824
жылы Көкшетау мен Қарқаралы округтері, 1832 жылы Ақ-
мола жəне 1839 жылы Атбасар округтері ашылды. Деген-
мен, қоныс аудару саясаты үкімет атынан арнайы қаулы
алынып, Украина казактары мен Орынбор жəне Саратов
губернияларындағы қарашекпендерге арнайы шақыру жа-
рияланғаннан кейін ғана тəртіпке келіп, мемлекеттік маңы-
зға ие болды.
Бұл 1846-50 жылдары болатын. Шақырумен келген-
дердің алғашқы легі 3 652 жан қазақ жеріне келіп. Ірге теп-
кендердің басы болар деп есептейміз. Көкшетау уезінің ең
шұрайлы деген жерлеріне қазық қағып, емін-еркін ием-
деніп алғаннан кейін олар өсіп-өніп, əбден байып, күшті-
28
күшті станицалар салып тастады. Бұлардың өкшесін баса
жеткен тағы екі қауым ел Ақмола жəне Атбасар уездерін-
дегі екі станицаға негіз болды. Осылайша, солтүстік өл-
кенің жақсы жерлеріне жоспарлы түрде қоныстандыру ісі
жөнге келе бастады. Ақмола облысы құрылғанша, оның
қазіргі аумағында тұратындар барлық халық саны саны
еркек-əйелі бар - 375.700 адамға жетті. Оның ішінде оты-
рықшылары 101.910 жан. Талдап көрсетсек, Петропавл
қаласында 9,6 мың, 44 селосында 25829 адам, Көкшетау
қаласында 1,7 мың, 15 селосында 16,4 мың, Ақмола қала-
сында 5 мың адам.
Елуінші жылдардың соңына дейін келгендер тек ка-
зактар ғана, орыс шаруаларының (қазақтар оларды шаруа
демейді, крестьян дегенді «қарашекпен» деп қазақшалап
алған. – авт.). 1889 жылы қоныс аудару туралы Ресей
заңы шыққанша, қарашекпендердің өз бетімен келген-
дері басым еді. Мысалы, 1866 жылдың өзінде-ақ Көкше-
тау уезіндегі Саумалкөл деген көлдің жағасына Пермь
жəне Тобыл губернияларынан ауғандар қоныстанып, 4
жылдың ішінде 50 шаңыраққа дейін көбейген. Алғашқы
лектегілер əуелде егін салу үшін жалға жер алушылар бо-
латын. Петропавл уезіндегі Есіл өзенінің жағасынан ірге
теуіп, Явленное деген, Көкшетау уезіндегі Құмдыкөл де-
ген елді мекен құрағандар, ешбір шақырусыз, рұқсатсыз
келіп жерді басып алғандар. Жергілікті халықтың нараз-
ылығына қарамастан, зорлықпен қоныс тебушілер көбейе
берді.
Қоныс аудару толқыны, əсіресе, Көкшетау, Атбасар
жəне Ақмола уездерінде күшейе берді. Есіл өзенінің қос
қапталындағы түгін тартсаң, майы шығатын құнарлы то-
пырақ, белуардан келетін шетсіз-шексіз көк шалғын,
ошақ-ошақ болып үйірілген бұйра толқындай тербетілген
қайың тоғайлар, күміс теңгедей жарқыраған ащылы-тұ-
щылы балықты көлдер туралы аңыз жеткен жерлерден шұ-
бырған халықта жік болмады. Аз уақыттың ішінде, тұрғы-
ны көп, шаруашылығы мелдегінен толысқан Явленное,
Коновалов, Марийнское сияқты 2,5-3 мың адамға қоныс
болған мекендер саны өсе түсті. Бұл өңірге, негізінен, Са-
29
мара, Воронеж, Харьков, Дон облыстары сияқты ішкі гу-
берниялардан ауғандар жайғасты.
1875 жылғы мəлімет бойынша қазіргі Солтүстік Қазақстан
облысына қарайтын аумақтағы болыстық бөліністердің атау-
лар өзгертілді. Бұл өзгертулерге негіз болған себеп, қазақ ру-
лары мен аталарының есімдері болыс атауында айқын көрін-
бей, ұмытылсын деген мақсат екені танылып-ақ тұр. Енді осы
өзгерістерімен қағазға 1889 жылы түскен «Ведомость о числе
киргизских волостей, аулов и кибиток в Акмолинской области
(на трехлетие 1887-89 гг.) деген құжаттан үзінді келтірейік.
Омбы уезі:
Омбы болысы, бұрын Баба-бағыс аталған (Атығай руы) 5
ауыл, 964 түндік;
Николаев болысы, бұрын Жауар-қарауыл атанған (Қара-
уыл-уақ рулары) 7 ауыл, 1402 түндік;
Покров болысы, бұрын Төлеке-құрсары-керей атанған (Ке-
рей руы) 7 ауыл, 1548 / түндік;
Қорған болысы, бұрын Бақтыбай-малай-керей атанған (Ке-
рей руы) 5 ауыл, 1043 түндік;
Шарлақ болысы, бұрын Құлатай-қыпшақ болысы аптанған
(Қыпшақ руы) 8 ауыл, 1515 түндік.
Петропавл уезі:
Петропавл болысы, бұрын Андағұл-ырысай-қойлы атанған
(Атығай руы) 10 ауыл, 1813 түндік;
Тайынша болысы, бұрын Бабасан атанған (Атығай руы) 8
ауыл, 1016 түндік;
Полуден болысы, бұрын Шоға-бабасан атанған (Атығай бо-
лысы) 7 ауыл, 1149 түндік;
Становой болысы, бұрын Еменəлі-керей атанған (Керей
руы) 9 ауыл, 1554 түндік;
Преснов болысы, бұрын Самай-керей атанған (Керей болы-
сы) 10 ауыл, 1828 түндік;
Пресногорькое болысы, бұрын Матақай-сибан-керей
атанған (Керей руы) 9 ауыл, 1397 түндік;
Средняя болысы, бұрын Жансары-уақ атанған (Қарауыл,
уақ рулары) 7 ауыл, 967 түндік;
Құсмұрын болысы, бұрын Байдалы-баржақсы-уақ атанған
(Қарауыл, уақ рулары).
30
Көкшетау уезі:
Көкшетау болысы, бұрын Атығай-бағыс атанған (Атығай
руы) 9 ауыл, 1592 түндік;
Қотыркөл болысы, бұрын Есенбақты-керей, Майлы-балта
болысы атанған (Керей руы) 9 ауыл, 1730 түндік;
Восточная болысы, бұрын Мөнтік-қарауыл атанған (Қа-
рауыл, уақ рулары) 6 ауыл, 976 түндік;
Зеренді болысы, бұрын Қараша-жаулыбай атанған
(Атығай руы) 11 ауыл, 1940 түндік;
Мезгіл болысы, бұрын Жақсылық-есенбай атанған (Қара-
уыл, уақ рулары) 6 ауыл, 1095 түндік;
Шалқар болысы, Шұңқырша-шоқтыбай атанған (Атығай
руы) 7 ауыл,1134 түндік;
Айыртау болысы, бұрын Көшқұлы-ноғай атанған (Қара-
уыл, уақ рулары) 11 ауыл, 1842 түндік;
Жыланды болысы, Қылды-ноғай атанған (Қаорауыл, уақ
рулары) 10 ауыл, 1366 түндік.
Бір ғажабы сол атаулар, бертінге дейін əкімшілік-ау-
мақтық бөліністерді белгілуге негіз болып келді.
Енді сол жылғы ресми құжаттар бойынша біздің ай-
мақтағы əкімшілік билік құрамынан біраз дерек берсек:
Достарыңызбен бөлісу: |