қара сөзінің мағы-
насына қатысты берілген сөздерден түстік, белгісіздік, қай-
ғы-уайым, қатыгездік, киелілік, қасиеттілік, қарапайым-
дылық мағыналарын тануға болады. Бұл мағыналар қара
сөзінің ұғымдық нышандық, яғни таңбалық белгісін де
білдіріп тұр. Қара сөзінің тура мағынасы – «ақтың қара-
ма-қарсы түрі». Бұл оның негізгі мағынасы. Бірақ бұл но-
минативтік мағына одан кейін пайда болған коннотативтік
мағынаның қалыптасуының барлығына бірдей ұйытқы бола
алмайды. Оны мына мысалдардан байқауға болады.
Енді осы көрсеткішті бұдан 100 жылдан аса бұрын
қағазға түскен мəліметтермен салыстыратын болсақ, ел
тарихының, демографиясының, тұрмыс жағдайының тү-
бегейлі өзгерістерін байқауға болады. Айталық, «тарихи
топонимикада» «қара» сөзінен басталатын елді мекендер
(географиялық атаулардың ішінен бөлініп алынған ойко-
нимдер.-авт.) саны 171 болса, соның ішінде: +ағаш 43,+тал
43, +терек 37, +шілік 7, +мойыл 11, +томар 5, +шоқы 5,
+ шоқ 4 т.б. адамға жайлы қоныс болатын табиғи нысандар
екенін байқаймыз. Назар аударатын ерекшелік, қазақ халқы-
ның отырықшылыққа қарай бейімделуіне байланысты өз-
герген атаулардың көбеюі немесе азаюы.
2012 жылы шыққан тізбеде облыс аумағындағы жер-су
атауларының арасында «Қара» сөзінен басталатын 167 атау
болса, соның 14-і «Қарағаш», +балық 3, +4 бие, «Қарағай»,
«Қарағайлысы» 10, +көл 7, +қамыс 4, +қоға 14, +қожа 4,
+мойыл 3, +мола 4, +сор 5, +су 12, +тал 10, +терек 6,+ то-
мар 9, +шоқ 3, +шоқы 1,+шілік 5 жиілігінде байқалуы да
өңіріміздің табиғм келбетін ерекшелеп көрсететін белгілер
деуге əбден болады. Жəне де айта кету керек, «қара» сын
есімінің көмегімен жасалған топонимдер орысшаға ауда-
рылмай, қазақша сақталған.
Қара түсті білдіретін атаудың «ақ» түсті білдіретін
атау сияқты көп мағынаға ие болуы, біріншіден, оның та-
биғаттағы ең негізгі, көрнекті жəне басқа да көп түстердің
құрамында кездесетін табиғаты күрделі түс болуына бай-
49. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы: Ғылым, 1982, 6-том. – 36-бет.
222
ланысты болса, екіншіден, қоғамдық өмірдегі көптеген құ-
былыстармен түр-түсіне байланысты сəйкестігі, ұқсастығы,
мəндес-мағыналастығы негіз болған деп қарауға болады.
Қара сөзінің түркі тілдеріндегі ауыспалы мағыналары бұдан
да көп деп көрсетіледі, ал қазақ тілінде, ғалымдардың бе-
руінше, талдауымызға нысана болған отыз шақтысын ғана
кездестірдік. Сонымен қазақ тіліндегі қара сөзінің ауыспалы
мағынасы нақтылы бір сөздермен тіркесте қолданылғанда
ғана көрініп, молая түсері белгілі.
Қоңыр, Көк, Қызыл, Сары…
Халқымыздың жанына жақын түстердің бірі – қоңыр
түсі. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» қоңыр түсіне
байланысты тура жəне ауыспалы сөздер тізбегі берілген,
мысалы: қоңыр, қоңыр ала, қоңыр аю, қоңыр əн, қоңыр бел,
қоңыр дауыс, қоңыр жел, қоңыр жүз, қоңыр көлеңке, қоңыр
күз, қоңыр қаз, қоңыр леп, қоңыр салқын, қоңыр тарту,
қоңыр үн». Қоңыр – жер түсі, тірлік, өмір бейнесі. Қазақ на-
нымында бұл түс ерекше орын иеленеді. Қоңыр– алдымен
қауіпсіздік, тыныштық, мамыражай тірлік белгісі. Қоңыр
сөзі түстік мағынадан басқа мынадай: қоңыр күй, қоңыр
дауыс, қоңыр күз, қоңыр жел, қоңыр əңгіме, қоңыр қабақ,
қоңыр тірлік, қоңыр сөз, қоңыр самал, қоңыр дала, қоңыр
салқын, қоңыр кеш, қойдай қоңыр, майда қоңыр сияқты тір-
кестермен келіп, əртүрлі құбылыстың небір жанға жайлы,
құлаққа жағымды, жүрек тебірентетін нəзік те əсем сəт-
терін, өмір, тіршіліктің жайбарақат, мамыражай, кейде тіпті
жұпыны да сыпайы қалпын суреттейтін ерекшеліктері көз-
ге түседі. Мысалы: қоңыр кеш, қоңыр үн, қоңыр үй, қоңыр
көлеңке, қоңыр төбе, қоңырқай көз, т.б.
«Қоңыр» сын есімі+зат есім түрінде жасалған топо-
нимдер де көңіл аударуға тұрады. Біздің қолымыздағы
көне деректерде бұлардың саны аз –жетеу ғана: екі Қоңыр,
Қоңыр+ағаш, Қоңыр+бұзау, Қоңыр+қасқыр, Қоңыр+лан,
Қоңыр+лы+шоқы, Қоңыр+шоқы. Ал. қазір, ХХІ ғасырдың
алғашқы ширегінде бұлардың өзі сиреп, Қоңыркөл, Қоңыр-
сиыр жəне екі Қоңырсу түрінде ғана қалуы уақыт өткен
сайын қазақы əлеуметтік лексикасының ежелгі тамырынан
223
ажырап, жүдеу тартқанын көрсететін сыңайлы. Мысалы,
«қоңыр» сапалық сын есімі фольклорлық-этнографиялық
əнші-күйшілер ансамблінің аты түрінде ғана сақталғаны-
на қарап, «қоңыр» деген сөздің басқа, жанама мағналарын
түсінбейтіндер аз емес.
Топонимжасамда қоңыр түсті, яғни қашықтықтан қоңы-
райып көрінетін бұта, қарағаны мол тау, төбелерді, «шөбі
пісіп, сола бастаған» табиғи нысандарды белгілейді (Ақкө-
зов Ə. 2005, 150). Шын мəнінде «Қоңыр» сын есіміне зат
есім тіркелу жолымен жасалған жер атауларының саны аз-
дығы табиғаттағы қоңыр түстің уақытша ғана, күз айларына
тəн екендігімен түсіндіруге болар. Іздей түсу керек шығар
Солтүстік Қазақстанның тарихи топонимдері қатарында
едəуір орын алған «көк» сын есімі арқылы аналитикалық
жолмен жасалған топонимдерге тоқталудың қажеті бар. Көк
сапалық сын есімі көне түркі жазба ескерткіштерінен бай-
қалатындай, ежелден түрік елінің сүйікті түсі болып есеп-
теледі (көк тəңірі, көк түрік, көк бөрі концептілері). Көк
сөзінің көкшіл, көгірек деген түстік мағыналарына ор-
нығуы адам танымы арқылы танылған зат пен құбылыстар-
дың танымдық құрылымы арқылы берілетін бейненің ортақ
сипатымен байланысты. Аспанды көк деп атап, көк тəңір-
ге табынған, көк бөрінің ұрпағы саналған түркі тектес ха-
лықтардың танымында аспанның түсі барлық осы түстес
белгілерге атау ретінде берілген. Неге аспан деп аталын-
баған деген сұраққа «аспан» сөзінің өзі таза түркілік емес,
əрі қолдану уақыты да кейін енген деуге болады. Көк сөзі –
түркі тектес халықтарға ортақ сөз.
Заттық мəндегі көк (аспан) пен түр-түс атауы көкті син-
кретикалық түбір деп қарастырып жүр. Аспан мағынасын-
дағы көк сөзі мен онымен түстес нəрселердің салыстырма-
лы түрде көк аталуы əбден мүмкін. Көне түркі тілдерінде
«көк» сөзінің бір мағынасы «тамыр», «көкяң» қазіргі түр-
кі тілдерінде «тамырлас» ұғымын береді. Мұндай мағына
«көгі жақсы», «көгі жаман» тіркестерінде сақталған.
Бұлар көне жазба ескерткіштерінде де кездеседі.
М. Қашқаридың еңбегіндегі «көгің кім» тіркесінің ау-
дармасы «шыққан тегің қандай» дегенді білдіреді.
224
Номадтар үшін көк сөзі шынымен қасиетті болатын себебі:
көк – аспан, көк – көктем, көк-жаз, өріс кеңейіп, мал той-
ынатын кез. Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы қы-
стаулар тізбесінен сүзіп алған деректеріміз мынау: Көк+а-
ла+би, е Көк+аяқ, Көк+байтал, Көк+бас, Көк+бие+өлген,
Көки, Көк+өгіз, 18 рет Көк+терек, Көк+терек+тоғай,
2 рет Көк+шалғын, 3 рет Көк+ше+ағаш, Көк+ше+тал,
Көк+шіл+ағаш. Мысалдарда сын есім+зат есім+зат есім,
немесе сын есім+ күшейткіш шырай жалғауы+зат есім
түрінде топонимдер жасалуының бірнеше жолын келтірдік.
Облысымыздың аумағын мекендеген ертеректегі ата-ба-
баларымыздың жер-қоныс атауларында көзге оқшау көрі-
нетін аса қызық құбылыс «Қызыл» сын есімін жетектеген
зат есімдер мен сын есімдерден жасалған атаулардың жиілі-
гі. Бір қарағанда сыры ашыла қоймайтын бұл «қызылдар»
əлдеқайда тереңірек зерттеуді қажет ететіндіктен, кейбір ав-
торлардың пікірлерімен ғана шектелмекпіз.
Əуелі мысалдар мынадай. Жақшаға алынған сандар бұл
атаулардың неше рет кездесетінін айғақтайды. Сонымен:
Ащылықызыл (2), Байқызыл (2), Басқызыл (4),Басқызы-
лағаш (2), Бейітқызыл, Бірқызыл, Дөңқызыл, Желқызыл
(7), Жақсықызыл, Жаңақызыл, Жаңақызыл, Желқызыл
(7), Жоңқызыл, Кепеқызыл, Көлденеңқызыл (2) Қалыңқы-
зыл (3), Қарағаш (Ортақызыл), Қожақызыл, Қосқызыл,
Құрықтықызыл, Қызқызыл, Қызылағаш (31) Қызылат, Қы-
зылкүйген, Қызылқұм, Қызылмөңке, Қызылой, Қызылөзек,
Қызылтал (3),Қызылтау, Қызылтоғай (2),Қызылтомар,
Қызылшілік (2),Қызылшоқ, Қызылшырпы (2),Қылқалықы-
зыл, Миқызыл, Милықызыл, Ойқызыл (7),Ортақызыл, Сал-
пыққызыл, Тойқожақызыл, Үшқызыл 4, Ұзынқызыл 25, Шар-
бақтықызыл, Шөлқызыл (12).
Қазақ жəне басқа түркі тілдеріндегі қызыл мен жасыл
сөздерінің түбірі «қыз» бен «жас» деген пікір көптен бері
айтылып келеді. Сондағы ғалымдардың дəлелі: бұлардың
екеуі де – ыл – іл моделі негізінде бүгінде жеке-дара қол-
данылмаса да, бөліп алып қарауға болатындығы. Ал бел-
гілі топономист Е. Қойшыбаев қызыл сөзін тіліміздегі қы-
сыл (тар, қысылу) етістігімен байланыстырады. Ғалымның
225
мұндағы сүйенетін дерегі – Жоңғар жəне Іле Алатауларын-
дағы шатқал аты – Қызылауыз
(«узкие ворота» мағына-
сында). Бірақ та көптеген ғалымдардың пікіріне сүйенсек,
жоғарыдағыдай, қызыл сөзінің түбірі – қыз: бірде етістік
(«краснеть», «пламенеть»), бірде сын есім мағынасында
(«красный», «багровый») екіұдай қолданылған екен. Сын
есім мағынасында қолданылғандығын дəлелдеу үшін қы-
зар етістігін алып, боз – бозар, көк – көгер, ақ – ағар мо-
делі бойынша талдаса да жеткілікті. Бұл жердегі түбір тек
зат есім немесе сын есім ғана болуы керек. Сонда қазіргі қа-
зақ тіліндегі қызыл сөзінің құрамындағы о бастағы дербе-
стігін жойған «қыз» түбірінің төркіні айқындалмақшы. Ол
тек қызыл түстің ғана емес, тіпті алабұртып, қызу қанды,
сұлу реңді мағынасындағы «қыз» сөзінің шығуына да негіз
болса керек. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат түрік» сөзді-
гінде бұл қыз түбірінің тағы бір мағынасы беріледі: Бұ ат
қыз алдым – Бұл атты қымбат алдым. Сонда қыз түбірінің
мағынасы: 1 ) қызыл; 2) қымбат, соған тағы да -ыл жұрнағы
қосылып, тарихи тұрғыдан қатыстық сын туғызса, біздің
тілімізде сапа сыны болып қалыптасқан
50
.
Облыс аумағындағы қазіргі топонимикалық кеңістікте
орысша «Красныйға» тəн 33 атау бар екен. Біз сөз етіп оты-
рған мəселеге бұлардың қатысы шамалы сияқты, себебі,
басым көпшілігі коммунистік «қызылдың» əсерінен пайда
болған сияқты. Сондай-ақ, қазір қазақша қызылдардың да
назар аударатындай ізі жоқ.
Қазақ тілінде де, жалпы түркі тілдерінде де сары түс ата-
уы сындық мағынада қолданылады. Жоғарыдағы талданған
түр-түс атаулары сияқты бұл сөздің де шығу тегін, этимо-
логиясын анықтау оңай емес. Сары сөзінің негізгі түстік
мағынасымен қатар түрлі-түрлі ауыс мағыналары да аз емес.
Сары сөзі – жиі қолданыста болатын, көп жағдайда түсті
білдіретін лексема. Бірақ ол да кез келген қолданысында
түсті білдіре бермейді. «Сары» сөзі жер-су атауларымен тір-
кескенде «сар» тұлғасында қолданылатынын байқау қиын
50. Лауланбекова Р. Т. Түр-түс компонентті күрделі аталымдардың танымдық сипаты
(сын есім + зат есім үлгісі бойынша). Астана, 2006. 37-бет.
226
емес. Топономист Е. Қойшыбаев «сар» сөзі топонимдік ата-
улармен тіркескенде көбінесе «айқын, кең, негізгі, басты»
деген мағынада жұмсалатынын айтады. Ал, Р. Сыздықова
«сары алтын» тіркесіндегі сары сөзінің мағынасы қоспа-
сыз, таза, ал «сары уайым» дегендегі «сары» сөзі парсы
тілінде уайым, қайғы екенін айта келіп, «сары уайым» тір-
кесі бір мағыналы екі сөздің қабаттаса айтылуынан пайда
болып, бала-шаға, бекер-босқа сияқты бір сыңары парсыша
– уайым (сар), екіншісі – қазақша уайым сөзінен жасалған
плеонастық тіркес болып табылады», – дейді.
51
Сондай-ақ
«сары алтын» тіркесіндегі «сары» сөзінің негізгі мағынасы
«таза», «шынайы» екендігінде дау жоқ, ал «сары уайым»
тіркесіндегі «сары» сөзі түсті білдірмейді, плеонастық тір-
кес те емес. Себебі, «сар (ы)» сөзінің түркі тілдеріндегі бір
мағынасы – «шын», «нағыз». Е. Қойшыбаевтың «сары» ту-
ралы «айқын», «анық көрінген», «басты» деуі біздің мысал-
дарымызды көркейте түсетін қисынға жақын. Осыған орай
«сары уайым» – «негізгі, анық уайым», ал «сарыла күту»
– «шыдаммен, нағыз күту» дегенге саяды. «Сары» сөзінің
«нағыз, таза» деген мағынасының барлығын тарихшы
ғалым Х. Көктəнді де сары сөзіне берген талдамасын-
да анықтайды. Ғалым сары сөзінің түбірін са / со деп бөліп
алып, «са» түбірі дала деген ұғымды білдіретінін айтады.
Кейбір тарихшылар сары ұйғыр дегенді көне ұйғыр ұғымын
береді деген пікір айтады.
52
Бұл, асылы, таза далалық ұйғыр деген сөз. Ра – таза,
шын деген сөз. Со – дала, со сөзі, салқар (с//ш), сақа-
ра деген сөздердің түпкі буынында сақталған. Сайын сөзі
жеке тұлғасында ұғынықсыз болған соң, кейін халықтың
өзі сайын дала деп калькалық тəсілмен көшірме аудар-
ма жасаған. Осы күнге дейін бұл екі сөз қосарланып ай-
тылады. «Сары» түс туралы ғылымда белгілі-белгісіз жо-
рамалдарға тереңдемей-ақ, өзіміздің солтүстіктегі Есіл
бойының топонимикасының мысалдарына көз салып, ой-
51. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы: Мектеп, 1980. – 125-бет.
52. Көктəнді Х. Аспан мен даланың арасындағы ұмытылған тарих.
М.: Қасиет, 2001. – 462-бет.
227
ланып көрсек… Сары+қамыс, Сары+май, Сары+оба, Са-
ры+өзек (2),Сар+өлең+ағаш, Сары+терек, Сары+айғыр,
Сары+ат+сойған, Сары+бай+жұрт Сары+байтал, Са-
ры+бас, Сары+бауыр, Сары+бие, Сар+ала+айғыр, Сара-
ланың үйірі, Сары жабағы…Тізімді одан əрі жалғастырып,
туған өлкеміздің тарихынан тамыр тартқан көңілге тоқ, көр-
кем атаулардың үлгісін ұсынар болсақ: Ақбайтал, Аққойлы,
Ақөгіз, Алаатөлген, Алабие, Алаатөлген, Алабие, Аткескен,
Атшаптырған, Бозат, Бие сойған (3),Бота, Ботажеген,
Ботантай, Ботатуған, Бұзаужығылған, Бұзауқырған, Бұ-
заусойған, Бұзау сүйегі, Қара бұзау, Қара жабағы, Қара
құнан, Қарала айғыр, Қарала жабағы, Қарасиыр, Торы
бие, Торыбиеөлген, Қоңырбұзау, Қоңырқасқыр, Қоңырлан,
Көкалабие Көкаяқ, Көкбайтал, Көкбиеөлген, Көки, Көкө-
гіз, Күреңайғыр Қызылат, Шабдар ат, Шошқалы (5), Шұ-
барбие, Сиырқырылған, Сиырөлген, Сиырсалған, Төрт өгіз,
Түйе байлаған көлденең, Түйе боз, Түйе өлген (2,) Түйес ой-
ған, Түйе қамыс, Қозыбайыс, Қозыке, Қойағаш Қойбағар
(5),Қойбағардыңашасы, Қойбас, Қойғақ, Қойгелді, Қойқы-
рған, Қойқырыл, Қойқырылған, Қойлыбайқонған, Қоймақой-
ған (4), Қойөзек, Қойсалған, Қойсойған, Қойсойғаншоқы,
Қойтал, Қойшыбайдың Ескіқыстауы, Ешкіқырған, Қызы-
лат, Жорғаат, Жылқыалған, Жылқыөлген, Тайжүзген, Тай-
лақ, Тайлақжеген, Тайлыбай, Тайсойған…
Бұлардың бəрі – ерте кездегі қазақ ауылдарының, қы-
стаулары мен күзектерінің атаулары. Ата-бабаларымыздың
кəсібі мен тұрмысы, салт-дəстүрлері, қоршаған ортаға қа-
тынасы, дүеиетанымы мен мінез-құлқына дейін ақпарат бе-
ретін өшпес құжаттар
Талдыкөл, Талдықарасу, Талдықыстау, Талдыөзек, Тал-
кестірген, Талқыстау, Талмаш, Терек (4),Терекағаш, Терек-
байлағанағаш, Терекқарасу, Терекқыстау, Терект (3),Те-
ректіағаш (3),Терекше алтүбек, Тауағаш, Қазанкөмген,
Қазанқойған, Қазанқойма, Кеңарал, Кеңаралағаш, Кеңө-
зек, Кеңөлең, Кеңтоғай, Кеңшабыс, Кеңшоқы, Күйген,
Күйген жұрт (4), Күйгенкепе (8), Күйгенқыстау, Күздік,
Күздікағаш, Күздікағаш, Күздікқарағаш, Күзек, Құдық, Құ-
дықағаш (2), Құдыққазған, Құдықтомар, Құдықты, Құ-
228
дықтыағаш (2), Құдықшілік, Құдықшоқ, Құдықшоқы, Қу-
арған шоқы, Қужақ, Қуқазық, Қуқамыс, Қусақ (6).
Түз аңдары болғандығы
Арқаркөл, Арқарандыз, Арқаркөл, Аюбасқан, Аюқамаған,
Аюлықаратал, Қарғалы, Бұлантал, Бөрілі (2), Борсықағаш,
Жыланды, Итемір, Итсары (3),Қасқыр қамаған, Қасқырлы
(3), Қоңырқасқыр, Түлкіалған, Түлкішықпас, Тұзаққұрған,
Тұйғынтүскен, Шағалалы, Шəулі ұстаған, Шошқалы (5),
Үкі атқан (3), Үкілі.
Байқап отырсақ, қазір «қыстау» деген апеллятив-мекен
жойылуға таяп, олардың орнын ауыл, село, кент, посел-
ке деген атаулар басқан кезде, «тарихи топонимикада» 30
мəрте сақталып қалған «жұрт» атауы, немесе 31 рет аталып
отырған «көң», 13 рет қайталанған «кепе», 5 рет жазылған
«қоныс» атаулары қазіргі ұрпаққа таныс емес болуы мүм-
кін. Бұл сөздердің архаизм қатарына қосылып, сөзіктерде
ғана кездесетініне таң қалуға болмас. Бұл да қазақ тарихы-
ның, əсіресе осыдан 150-200 жыл бұрын қазақ даласының
солтүстігін мекендеген бабаларымыздың тұрмыс-тіршілі-
гнінен хабар беретін мəдени есерткіштер деуге болады.
Ғылыми-танымдық құны жағынан археологиялық қазба
жəдігерлерден бір де кем түспейтін бұл құнылықтарды ұмы-
туға немесе ұмыттыруға болмайды.
Жақсы мен жаман
Жақсықызыл, Жаманағаш (2),Жаманжан, Жаманқа-
ра, Жаманқонған, Жаманқұдық, Жаманқыз, Жаманөзек,
Жамантал, Жамантерек, Жамантомар (5), Жаманшілік
(4),Жаманшоқы,,Жаманшұбар (3), Сұлуағаш (2), Сұлужал,
Сұлукөл, Сұлуқызыл, Сұлуөзек, Сұлутомар (5),Сұлушоқ,
Сұлушоқы (3) деген атаулардың əрқайсысы-ақ, көңіл ауда-
руға, ерінбей зерттеуге тұрады.
Бас пен аяқ
Басағаш (3),Басбұлақ, Басқызыл (4),Басқызылағаш (2),
Баспакескен, Бастал, Басшоқы, Басыбай, Басынкескен,
Аяқағаш, Аяқкөл, Аяққарасу, Аяққызыл (6), Аяқтал (3).
229
Үлкен-кіші, Жуан мен жіңішке
Қалыңағаш, Қалыңқызыл (3),Қалыңөзек, Қалыңтал, Қа-
лыңтұмсық, Қалыңшоқы, Кіші Керейқонған, Кішіақсораң,
Кішімтоғай, Кішкенекөл, Кішкенеқопа, Кішкенемүйіс, Кіш-
кентайшоқы. Үлкенақсораң, Үлкенқондыағаш, Үлкенқопа
(2),Үлкентоғай, Үлкеншоқы (2), Үлкенқаратерек, Жалпаққа-
расу, Жалпаққызыл (3),Жалпақтал, Жалпақшілік, Жуа-
нағаш (3), Жуанқайың, Жуаншоқы.
«Ащы-тұщы» көлдер
Облыс аумағының жаратылыс ерекшеліктеріне қарай
көл атауына байланысты топонимдер жиі кездеседі. Бұлай
болатын жөні де бар, өйткені ресми дерек бойынша Сол-
түстік Қазақстан облысында 3 мыңнан аса көл бар. Олар-
дың жалпы ауданы 4800 шаршы шақырым. Қазақстанның
солтүстік облыстары арасында ең көлі көп осы облыс ау-
мағының 9 пайызын көлдер алып жатыр.
Көл атауларында түркілік гидронимдер басым болға-
нымен, славян текті атаулар да баршылық. Бұл арада
соңғыларының қазақша атауларға қосақталып та айты-
ла-жазыла беретінін ескерткеніміз жөн. Жəне де орысша
атаулардың кейінде, шамамен ХҮІІІ ғасырдың екінші жар-
тысында пайда бола бастағаны тарихи тұрғыда дəлелден-
ген. Мысалы, Ресей үкіметі тарпынан 1901-1908 жылдары
арнайы есепке алынып, тіркелген елді мекендер арасында,
көлдерге байланысты атаулардың – гидронимдердің бір-
де-біреуі орысша емес екені көңіл аудартады. Бұдан шыға-
тын қорытынды, кейін орысша аталып кеткен көлдердің
əуелде қазақша атауы болғандығы, кейін Ресейден қоныс
аударған келімсектердің көшіп келіп, иемдене бастауына
байланысты ғана өзгергені деп пайымдауға болады.
Су қоймаларының айқын байқалған сыртқы бейне-бітімі
немесе суының тұздылық құрамы, суда тіршілік ететін
жандықтардың түрі-тегіне қарай, немесе сол көлдердің
жағасына салынған қыстау-күзеу түріндегі елді мекеннің
атына қарай қазақша атын өшіріп, жаңаша атаған. Көл-
дердің байырғы қазақша атауына тоқталмай-ақ, мысал
ретінде бірнеше орысша гидронимді келтірсек те жеткілік-
230
ті. Мысалы: Горькое, Соленое, Пестрое, Кривоозерное,
Питное, Широкое. Кейде көл атауларында меншік иесіне
тəндік белгісі де байқалады: Плеханово, Пономарево, Ши-
тово, Марушкино т.б. Бірқатар көлдер сол аймақта өсетін
өсімдік түрлері мен мекендеген жан-жануарлардың түріне
аталған:, Камышное, Рогозянка, Волчье, Собачье, Кобылье,
Кояндыколь.
Солтүстік Қазақстан облысындағы көлдердің ауданы
орта есеппен бір шаршы шақырымдай жəне мұндай көл-
дер 10 пайыз. Ал, жеке-жеке қарастыратын болсақ, ауыз
толтырып айтарлық үлкендері де, есепке алуға тұрмайтын
ұсақтары да аз емес. Айталық, ең үлкен деген көлдің беті
750,3 шаршы шақырым болса, одан кішіректері 29,8 шар-
шы шақырым. Мысалы, ең ірі деген: Сілетітеңіз, Үлкен
Қарой, Теке, Кіші Қарой, Қалибек, Имантау көлдерінің су
қоры 4 миллиард текше метрден асады. Олардың ішінде
Шағалалытеңіздің суы 600 миллион текше метр, Имантау
–279, Саумалкөл –99 миллион текше метр. Тағы бір ерек-
шелік сол, облыстағы көптеген елді мекендер сол ащы
көлдер мен тұщы көлдердің жағасынан қоныс тепкен.Көл-
деріміз қамысты, қалың өсімдікке бай келеді, көлдердің
түбінде өсетін өсімдіктер дүниесі, шөккен мол шымтезек
қоры да бағалы байлық болып есептеледі.
Жаманкөл, Мəңгісор, Қисықкөл сияқты су қоймаларын-
да емдік саз балшық кені баршылық.
Сулы жер – нулы жер, деп ежелден халқымыз айтқан-
дай, қатар-қатар көлдердің жағасына 30-дан астам құс
жыл сайын ұя салады, ал осыншама балық қорының халық
игілігіне тигізер пайдасы да өзінше.
Көлдердің аталуы да қызық жəне белгілі бір иесіне тəу-
елділік, немесе антротопоним түрінде атрибуты жалқы
есім түрінде, балығы бары-жоғы; балығының атауы: атри-
бут бөлігі анықтауышпенкелетіндері: Жаңакөл, Ұзынкөл,
Жалтыркөл, суының ащы-тұщылығы; Сасықкөл, бітімінің
сыртқы көрінісі, терең-тайыздығы: Аяқкөл, Көтенкөл,
маңайындағы өсімдіктер дүниесіне қарай; жан-жануар-
лардың көптігі немесе аздығына қарай: көлдердің сандық
есімдері, т.б.
231
Бір деректерде облыс аумағында 3,5 мың көл бар делі-
неді. Əрине, бұлардың ішінде сырт бейне-бітімі көлге ұқсас,
шын мəнінде «көл» атауына толық жауап бере қоймайтын
табиғи нысандар да баршылық. 1901 қағазға түсіріліп, 1908
жылы қайта қаралып, толықтырылған санақ мəліметінде
осы өңірдегі қазақтардың меншігі саналған көлдердің тізбе-
ге түсіргенде олардың алтауының ғана атауы антрогидро-
ним түрінде, меншік иесіне телінгені анықталды: Ақастың
көлді, Ақжанның көлі, Бекболаттың көлі, Бөрінің көлі,
Жаншораның көлі, Өтетілеудің көлі.
Талдап отырсақ, тізімге алынған 2544 қыстақ атаының
(ойконимдердің) ішінде қазатың меншігіне тиген көлдердің
мұнша аз болуы (48 ғана) ойлантады. Бұл кезде, қазақ жер-
лері түгелдей «мемлекет меншігіне айналып», билік орын-
дарының арнайы кесіп-пішіп, қағаздап берген жерлері ғана
есепке алынған деп топшылауға болады.
Ақаскөл (2), Ақбаскөл (2), Ақжанкөл, Арқаркөл, Бат-
пақкөл, Бекболаткөл, Бөрінің көлі, Жалғызкөл, Жаншора
көлі, Жаңакөл, Жаркөл (2), Жекекөл (2), Кішкенекөл, Көл-
дікөл, Көтенкөл, Қаракөл, Қоскөл (8), Құркөл, Майлыкөл,
Өтетілеу көлі, Сарыкөл (2), Сұлукөл, Тазкөл, Тереңкөл
(4),Төре көлі (2), Улыкөл, Шағалалы, Шұңқыркөл (3).
Байқап отырғанымыздай, мал өсіретін қазақ үшін тұз-
ды, ащы көлдер қоныс болмаған. Қыстақтар қатарында тек
бір ғана «Улыкөл» аталады, бəлкім, солай аталғанымен суы
ащы болмаған шығар.
Жергілікті халық, осы ерекшеліктің өзіне назар аударып,
олардың атауын өзінше айыра белгілеп қойған. Айталық,
жазда, əсіресе, құрғақшылық жылдары суы азайып, тіпті кей
жерлерінде түбі көрініп жататын көлшіктер «қайраңкөл»
деп аталса, біздің облыста қазір, немесе соңғы жылдардағы
тіркеу бойынша 12 «Қайраңкөл», 7 «Құмкөл» бар екен. Бұл
көлдердің суы азайып, «қайраңы» көрініп жатуы кейінде,
айталық соңғы 50-60 жылдан бері болса керек.
Неге десеңіз, «тарихи топонимикада» бір ғана «Құркөл»
болуы бірде-бір «Қайраңкөлдің» кездеспеуі осыны көрсе-
теді. Яғни ол кезде суы болған, «қайраң» немесе «құм» де-
ген атауларға тиісті сыртқы белгіден ада деген сөз. Демек,
232
жер-су атауларының тарихтан хабар беретіні, ата-бабалары-
мыздың бізге жазып қалдырған ескерткіш хаты екендігі, осы
бір ғана мысалдан да көрінеді екен.
Өлкеміздің этнодемографиялық ерекшеліктері топони-
мика қорына да таңба салғаны көрінетінін айттық. Енді осы
топшылауымызды нақты мысалдармен кестелейтін бол-
сақ, қазіргі заманда облыс аумағындағы ащы көлдер тұщы
көлдерден көбірек көрінеді. Айталық, қазақша «ащы» деп
аталған көлдердің саны 30 болса, бұған «тұздыларды» (4),
«сортаңдарды» (5), «сасықкөлдерді» (5), қоссақ та, орысша
51 «соленое» мен 22 «горькоенің» маңайын да көрмей қала-
ды. Бір ғажабы тұщы көлдердің атауына анықтауышы қой-
ылмайды екен. Ал, орысшасында суы ішуге жарайтындары
мадақталып, «пресное» 9, «питное» 12, сладкое 5 болып
кете береді. Терең көлдер, жалпақ көлдер, шайтанкөлдер,
талды немесе шілікті көлдер қазақша өз алдына, орысша өз
алдына аталады. Бұл арада көлдердің атауының аударылмай,
екі тілде дербес, жарыса қолданылатыны да қызық. Демек,
топоним дегендеріңізді оп-оңай аударып, немесе бұрмалап
айта қою оңай емес екен. Мысалы, орысша «старое» деген
10 көл болса, қазақша бір ғана «ескікөл» аталуы да қызық
құбылыс. «Ақ» көлдер мен «светлое» көлдері туралы да
осыны айтуға болады. Бұл арада əр этностың қоршаған ор-
тадан алынған ақпаратты өзінше қорытып, қабылдайтын
ерекшеліктері туралы сөз болуға тиіс. Осыған мысал ретін-
де «Балықтыкөлдердің» 8 ғана, ал «Рыбное» көлдердің 24
екендігін айтсақ та жеткілікті. Қазақ өзге ұлттарға қараған-
да балыққа онша жерік емес қой. Сол сияқты орысша «Ле-
бедь» аталған 14 көл болса, «Аққуөлген» деген бір ғана көл
кездесті. 19-ғасырдағы бір əдеби нұсқада Сібір халыхтары-
ның аққуды атып алып, оның терісі мен мамығынан ақсүй-
ектердің əйелдері үшін сəнді баскиім тігетіні жазылып, бұл
өзі адам таң қалғандай, қызық мысал ретінде көрсетілген.
Əрине, бұл қазақ салтына жат үрдіс, сондықтан ұлттық
топонимиядан да көрініс таппауы заңды құбылыс десек
болғандай.
Адам баласы, сыртқы ортаны сезім мүшелері арқылы
сезіп, айталық, көзбен көргенін қорытып, өзінше бағалап,
233
ерекшелігін таңбалап, жалқы есім ретінде атап, есте сақта-
уға тырысатын саналы тіршілік иесі ғой. Алыстан көрген
бетте-ақ көлдің сырт бітімін шамалап қисық болса – « Кри-
вое» деген 39 көл, ал, дөңгелене бітсе – «Круглое» деп
34 көлге орысша ат берген екен. Ал, қазақша қисық неме-
се дөңгелек көл деген атаулар жоқтың қасы. Оның есесіне
көлеміне қарап, мөлшерлеген «Үлкен көлдер» елуге тарта,
ал «кіші» сын есімі 38 көлге, «кішкене» сын есімі 34 көлге
таңылуы да тегін емес. «Қамысты» деп аталған көлдердің
саны орысша- қазақша шамалас.
Табиғаттың осы сыйы топонимдерден ерекше көрініс та-
пқанын қысқаша қызықтап қана тоқтайыз. Əйтпесе, аймақ
гидронимдері талай ғылыми зерттеулерге арқау болған-
дай əрі бай, əрі қызықты. Бұдан жүз жыл бұрын да, қазір
де көлдердің бірінші əлеуметтік сипаттамасы, əлбетте,
суының ащы-тұщылығы, азды-көптігі, адам мен малға су-
сын азық болатын-болмайтыны. Ащылы, Ащылы Қаратал,
Ащылыағаш (4),Ащылықарасу, Ащылықызыл, щылыөзек
(2),Ащылысай, Ащылытал (3), Ащылышілік, Ащылышоқы
(2), Бүйрекащы, Кемеращы, Кенащы дегенде, көлмен ірге-
лес сортаң, ащылы топырағы бар жерді де мезгеген.
Достарыңызбен бөлісу: |