Жалғыз, екеу, үшеу…көп
Жалаңшілік, Жалғызағаш (2), Жалғызкөл, Жалғызқа-
рағай (9),Жалғызқұдық (3),Жалғызтерек, Бірқызыл, Егіз-
бай, Қос қаратал, Қосағаш, Қосағаш (Бұрыл), Қоскөл (8),
Қосқабат, Қосқаратал, Қосқызыл, Қосми, Қоспақтал,
Қоспақшығыз, Қостіккен, Қостомар, Қосшілік, Қосқа-
рағаш,
Үшкеліншек,
Үшкөл,
Үшқарағаш,
Үшқарасу
(2),Үшқұдық (3),Үшқызыл (4),Үшотау, Үшсала (2),Үштаған
(2),Үштау, Үшшоқы, Төртарал, Төртіккен, Төртөгіз, Бе-
сағаш (2), Бесқарағай (4), Бесқұдық (3),Бестал (2),Беста-
мақ (3),Бестерек (5),Бесшошақ, Жетіқұдық, Жетісай,
Тоғызбай, Тоғызбөлек, Тоғызтоқпақ, Қырыққұдық (4),Қы-
рықтал, Жүзбай, Көпқұдық, Көптал, Мыңшұңқыр.
Аймақтың этнодемографиялық ерекшеліктеріне қарай
туындаған Орыс жатқан, Орыс келген ағаш, Орыс қонған,
Орыс құрған, Орыс сүйегі, Орыс томары, Орыс шоқысы
234
деген атаулар азайып, тіпті жоғалып (Айыртау ауданына қа-
райтын Құсбек көлінің оңтүстік-шығысындағы Орысбай
деген жер аты мен Мамлют ауданындағы Новомихайловка
селосының солтүстік-батысындағы Русское көлінің атауы
сақталған. -авт.) кеткен. Əйтеуір, көне тарихтың ескерт-
кішіндей, башқұрт, мордва, неміс, поляк, өзбек, қалмақ, та-
тар ұлтарына байланысты жекелеген этнонимдерден жа-
салған атаулар сақталған .
Жаңасы да, ескісі де баршылық
Ескіжұрт (3),Ескікөң (25), Ескікөң, Ескікүздік, Ескіқора,
Ескіқыстау (8), Ескіөлең деген атаулардың жиі кездесетіні
де үйреншікті жағдай сияқты. Шынында да солай ма. Мы-
салы, осы «ескілі-жаңалы» топонимдердің өзге ұлт тіліндегі
жиілігіне назар аударсақ, белгілі-бір типтік жағдайды байқа-
уға болатын сияқты. Облыстағы жер-су атауларының, елді
мекендердің қазіргі жайына көз салсақ, «Ново-жаңа» деп
басталатын 39 топоним бар екен жəне олар түгелге жуық,
елді мекендер, тек бір көл мен бір төбешіктің ғана «жаңа»
екені байқалады. Осыған керісінше «старо-ескілердің»
саны 15, бұлардың екеуі ғана қоныстар. Қалғаны көлдер,
батпақтар, құрөзектер. Осы екі мысалдың өзінен тағы бір
қорытындыға келуге болар еді. Əр ұлттың өкілдері бір та-
биғат аясында өмір кешіп, қоршаған ортаны қабылдауда да
ұқсас талғам танытады екен.
Бұл арада ұлттың талғамы, ұлттық ерекшеліктерге ғана
тəн сараптау жəне екшеу үрдісінен жаңылмайтын мінез бай-
қаймыз. Яғни топонимдерден халықтың тұрмысы, этномə-
дени тіршілік салты жаңылмай, көрініс тапқан.
Мысалы: Шешемтүскен, Төлепбергентуған, Қырыққұ-
дық, Қойсойған, Қояншықпас, Талдықыстау, Болысқы-
стаған, Атабайдың Қаратерегі, Сарқанның Орағашы,
Құлтуманың шілігі т.б. басқалармен шатыстыруға болмай-
тындай, нағыз қазақы құдықтар, қыстаулар, теректер, шілік-
тер екенін қиналмай танисыз.
Топонимдердің шығу тегін анықтау мəселесі – тілшілер
мен тарихшылардың, этнографтар мен географтардың, жа-
ратылыстанушылардың ізденістері үстінде жемісті болатын
235
күрделі де қызықты шаруа, өзіндік жүйесі, тəртібі бар ғылы-
ми-зерттеу үдерісі. Қалыптасқан бейнелі аталымды тек тіл-
дік талдау əдісімен саралау жеткіліксіз, сонымен қатар та-
рихи жəне географиялық дереккөздерін кеңінен пайдалану
қажет. Тілдік тұрғыдан талдау көп жағдайда топонимдерді
екі жақты түсіндіру сияқты мүмкіндіктерді береді, ол үшін
аумақтың тек табиғи ерекшеліктерін білу жеткіліксіз, сон-
дай-ақ жергілікті жердің табиғи тарихымен бірге əлеумет-
тік-шаруашылық тарихын, мекен иелерінің салт-дəстүрлері
мен əдет-ғұрыптарын білу арқылы ғана барынша шынайы
этимологияға жақындап, ғылыми жүйелі қорытынды жа-
сауға болады. Ежелгі заманнан осы кезеңге дейін жеткен
көптеген топонимдік аталымдар бірнеше мыңдаған жыл-
дар бойы өмір сүріп келеді. Кейде кейбір топонимдік ата-
улардың басқа реңк алып, өзгерген түрде жетуі де тарихи
факт. Немесе топонимнің уəжі, негізі болып табылатын
аталымдардың мағынасы, семантикасы қазіргі қолданыста
басқа мағынаға, семантикалық өріске ие болуы, тіпті та-
нымастай өзгеріске түсуі əбден мүмкін, сондықтан бүгінгі
ұрпақ кейбір қала, ауыл, елді мекен немесе өзен атауының
беретін мағынасын біле бермеуі, түсінбеуі шындық.
Мы-
салы, Жел+қызыл (7), Жоң+қызыл, Кепе+қызыл, Көлде-
нең+қызыл (2) Қалың+қызыл (3), Орта+қызыл, Қожа+қы-
зыл, Қос+қызыл, Құрықты+қызыл, Қыз+қызыл, Қызылат,
Қызылкүйген, Қызылқұм, Қызылмөңке, Қызылой, Қызылө-
зек, Қызылтал (3),Қызылтау, Қызылтоғай (2),Қызылто-
мар, Қызылшілік (2),Қызылшоқ, Қызылшырпы (2), Қылқа-
лықызыл, Миқызыл, деген атауларға қызыға қараған бүгінгі
ұрпақ, осынау жеке сөздердің астарында қандай қастерлі
түсінік жатқанын аңғарсақ қой! Осыларға қызығып, сырын
білуге ұмтылу, майдан қылшық суырғандай, тау-тастан кен
іздегендей, тамсана-таңдана талпынып, іздесек қана отан-
сүйгіштігімізе айғақ болар еді.
Əзірше білетініміз – «қызыл» сын есімі көркемдік-
тің, жан жадыратар жылудың, тіпті қызудың баламасы,
құштарлыққа бастайтын қызықты түс. Жоғарыдағы «қы-
зылдардың тізімге түскеніне бір ғасырдан асса, қазіргі
жағдайы қалай екен, деп те қарадық. Қазақша 27 топоним
236
«қызылдан» басталады екен де, күрделі сөздің екінші ком-
поненті ретінде (Аяққызыл, Қалыңқызыл, Көлденеңқызыл
т.с.) түрінде дəл қазір үш рет қана кездесті. Ал, орысша
«красно…» 38 рет тіркелді жəне басым көпшілігі комму-
нистік «қызылдар». Қазақшада төрт «Қызыл ту» жəне бір
«Қызыл жұлдыз» жəне бір «Қызылəскер», бір «Қызыл шо-
пан» ғана, қалғаны –4 сор, 2 томар, екі оба, болса, орысша
«қызылмен боялғандардың» қатары қалың болуы да тегін
емес.
Əрбір топонимдік атаулар кең көлемдегі тарихи ақпа-
ратты береді жəне шығу, қалыптасу тұрғысынан қандай
тілге жəне ұлтқа тиесілі екендігі, халықтардың көші-қоны,
аймаққа қоныстану тарихы, атаудың пайда болуы, өзгеруі,
мағыналық беретін мазмұны туралы мəліметтерді алуға
болады. Сол сияқты оған топонимдерді бір тілден екінші
тілге жазу, ауыстыру да жатады. Бұл дегеніміз топоними-
ка бірқатар ғылымдар үшін, мəселен, тарих, əлеуметтану,
география, лингвистика, этнография сияқты ғылымдар
үшін өте маңызды мəнге ие болады деген сөз. Оның ішін-
де бірінші кезекте жалқы атаулар тіл мамандарының өте
мұқият назар аудару нысанына айналады. Оның себебі
кез-келген атау жанды немесе жансыз табиғаттың қандай
нысанына – адамға, жануарларға, өзен, көлдерге, ауыл-ай-
маққа жəне т.б. байланысты болуына қарамастан, бұл –
аталым. Ал, аталым ретінде ол тіл жүйесіне енеді, тіл заңы
бойынша түзіледі, белгілі бір заңдылық бойынша атауға
айналады жəне одан əрі тілдің заңдылықтарымен өзгері-
стерге ұшырайды.
А.. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
бөлім меңгерушісі, филол. ғылым. докторы О. Жұбаева
«А. Байтұрсынұлы – қазақ тіл біліміндегі когнитивті линг-
вистиканың негізін салушы» деген мақаласында А. Бай-
тұрсынұлы еңбектерінде когнитивті лингвистика туралы
аталмаса да, «сөйлермен, өзіндік əлемі, өзіндік дүниетаны-
мы бар саналы жан» ретінде тілдің ойды жарыққа шыға-
ру құралы болумен қатар таным əрекетіне өзіндік таңба-
сын қалдырып отыратыны айтылатынына назар аударған.
Яғни, адамның сезу мүшесімен қабылданған білім, ақпа-
237
рат «…тілде көрініс таба отырып, білім адамның ойлау
қызметінің нəтижесін көрсетеді. Ойлау əрекеті тіл арқылы
жүзеге асады, ойымыз тіл арқылы жарыққа шығып, басқа-
ларға жеткізілетіндіктен, Ахаң: «Сөз өнері адам санасы-
ның үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңіл-
ге. Ақыл ісі – аңдау, яғни нəрселердің жайын ұғыну, тану,
ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нəр-
селерді белгілі нəрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату,
бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау. Тілдің
міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың мең-
зеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жа-
рау. Мұның бəріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл ша-
ма-қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам
табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген
түрінде көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып,
басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек», – деп
жазады [1, 343-б.]. Көптеген лингвистер, психологтар мен
философтар тіл мен обьективті дене түріндегі нысан ара-
сында «когнитивті» деп аталатын тағы бір аралық деңгей
бар екеніне назар аударуда
53
.
Пəнаралық сипаты бар бұл құбылыстың ономастика
тəжірибесіне, əсіресе, топонимикаға тікелей қатысы бар
екендігіне зерттеу барысында көз жеткіздік. Адам, өзін
қоршаған ортадан алған мағлұматты өзінше қорытып,
оның сыртқы пішін-бейнесіне, осы тектес басқа нысан-
нан айрықша белгісіне, сол тұрған жерінде қандай қызмет
атқарып тұрғанына, осының бəрін жиып, қорытып келіп,
көрушінің сезіміне, зердесіне, психологиясына…қандай
əсер еткеніне қарай атау береді. Бұл арада салыстыру, шен-
дестіру, байланыстыру əдіс-тəсілдерінің бəрі қолданылуы
мүмкін. Ал, сол нысанды «салыстыру, шендестіру, байла-
ныстыру…» үшін үлгі, нобай ретінде не алынуы мүмкін?
Əрине, сол адамның өзіне жақсы таныс, күнде көріп жүр-
ген, қолданып, сын-сынақтан өткізіп жүрген заттық бейне-
лер, мысалы, адам, жан-жануарлар, өсімдік əлемі т.с. ны-
53. Молчанова О. Т., «Проприальная номинация в свете когнитизма».
Вопросы ономастики, 2009. С.47-51.
238
сандар жəне олардың дене мүшелері алынуы мүмкін.
Қазақ даласында, бас, төбе, иек, иық, иін, бел, жота, қол-
тық, сырт, арт, жаға, мойын, аяқ, қабырға, ауыз, бүйрек,
жүрек т.с. сөздердің қатысуымен жасалған жер-су атта-
ры кездеседі. Бұлардың бəрі адам мен жануарлардың дене
мүшелері, немесе олардың бітім-бейнесі. Топонимдердің
мағналық жағына назар аударғанда, қазақ сол нысанның
бас, төбе, иек, иық, бел, жота, қолтық, жаға, мойын, аяқ,
қабырға, ауыз, бүйрек…деп аталуына қарап-ақ, көрмесе де,
көзге елесетеді. Ал, бұлардың мағнасының когнитивті екен-
дігін түсіндіріп жату артық болар. Себебі, «бас ағаш», «бас
бұлақ» десе, олар адамның немесе малдың басы емес, бел-
гілі бір ерекшелігі бар ағаш пен бұлақ, «қабырға терек» пен
«бүйректал», немесе «кең қолтық» пен «қылта…» да осын-
дай. Табиғи нысанды көрген бетте адам, əуелде өз ұғымына
оңай сиғыза алмай жайсызданады («когнитивті əрекет»де-
геніміз осы жайсызданудан, қиналыстан туған арнайы ата-
у.- авт.) сол нысанды жан-жақты бағалап, өзіне қолайлы ат
қойып алады. Тілші-ғалымдар когнитивті семантика теори-
ясына негізделген когнитивті əрекетті сатылап, дəрежелеп,
адамның түйсіну, ойлау, ой қорыту қабылеттеріне қарай жік-
тейді, əрекет деңгейін, тездігін, сипатын түсіндіреді. Ғылым
ретінде қызықтырғанымен, біз бұл мəселеге тоқталмаймыз,
когнитивті семантиканың нəтижелерін өз өлкеміздің топо-
нимикасынан алған мысалдармен топшылаймыз.
Жалғызкөл, Жаркөл, Құркөл, Майлыкөл – көлдердің
саны, жағалауының ерекшелігі, суының азы-көптігі,
адамға, жан-жануарға жайлылығы. Қазақтардың жер-су
атауын таңдағанда жиі кездесетіні –бірден сыртқы көрінісі,
түрі мен бояуы екен. Мұдай жағдайда адам көп ойла-
нып-толғана қоймайды, көзбен көргенін бірден қабылдап,
когнитивтілікке ұрынбау үшін, оңай əдіс іздеген жəне та-
пқандай əсер қалдырады. Мысалы: Көкшалғын, Көкшеағаш
(3),Көкшетал, Көкшілағаш десек, мұндағы атаулар бір
ғана шалғынға, немесе ағаш пен талға қойылған ат емес,
сол маңайға, сол ортаға қойылып, айшықты, бедерлі-ау
деген белгісін таңдау арқылы логикаға жүгініп, түсінігін
тиянақтаған. Ал, мына мысалдағы қатарланған «қызыл»
239
түстерді біраз ойланбай, ақыл жүгіртіп, салыстырмай, қол-
данылған теңеулер, бояулар мен сипаттамалар екшемей
ой қорыта салу оңай емес сияқты: Жонқызыл, Кепеқызыл,
Көлденеңқызыл, Қалыңқызыл. Алыстан құбылып, қызара,
шуақтана көрінген орман-тоғайлардың түсі, əсте, қызыл
емес (күзгі сары, күрең, қоңыр жапыраұтарды айтпаған-
да), бірақ көз тойғандай көркем. Жонда тұрған тоғай,
жер үйдің маңында тұрған тоғай, көлденеңдеп көрін-
ген тоғай, қарауытып, қалың көрінген тоғай т.с.с. Көзбен
көріп, қабылдауға біршама жеңіл, бояуы қанық болмаса
да, түрлі-түсті əсер қалдыратын Сары+оба, Сары+өзек,
Сары+өлең+ағаш, Сары+терек топонимдері көңілге бір-
ден қонып, ата-бабаларымыздың жер бетіне сары бояумен
салып кеткен өрнегіндей əсер қалдырады, ұмыттырмай-
ды, адаспайсың да. Ал енді Шешем түскен, Төлепберген
туған, Қой сойған, Қоян шықпас, Талды қыстау, Болыс
қыстаған мекендердің атауы есту бойынша, жұрт аузында
қалған əуезе-əңгімені қорытып, топшылау арқылы ел ара-
сына тараған атауларды, соларға байланысты болған оқиға-
лар мен құбылыстарды бірден естен шығара қою оңай бол-
мас. Бір кезде орын алған оқиғаны, адам əрекетін, қазақтың
ата кəсібімен ажырамас бірлікте, ұмытпастай етіп шеге-
леген атаулар мынадай-ақ болар: Сиыр салған, Төрт өгіз,
Түйе байлаған көлденең, Түлкі алған, Қасқыр қамаған, Үкі
атқан, Күйген қыстау, Кең арал+ағаш т.с.с.
Топонимдерді талдап отырғанда, көзге түсетіні – адам
баласының өзі назар аударып, көз тоқтатқан нысанды басқа-
лардан оқшаулап, бөліп алып сипаттайтын қабылеті. Үл-
кен қопа, Үлкен тоғай, Үлкен шоқы, Үлкен қара+терек,
Жалғыз қарағай, Жалғыз құдық, Жалғыз терек, Бір қызыл,
Егіз+бай, Қос қара+тал, Қос+ағаш, Қос+көл, Қос+қа-
бат, Қос+қызыл, Қос+ми, Қос+пақ+тал, Қос+пақ+шағыл,
Сұлу+жал, Сұлу+көл, Сұлу+қызыл, Жалпақ+қара+су, Жал-
пақ+қызыл, Жалпақ+тал тағы басқа мысалдар осы қағи-
даға жеткілікті дəлел бола алады деп ойлаймыз. Өзі мекен
еткен, мұңсыз-қамсыз тіршілігіне құтты қоныс болған өл-
кенің өткенінен хабар беретін, бəлкім, мəңгі ұмытылмастай
орныққан атаулар топонимиканың тарихи ескерткіш ретін-
240
дегі құнын арттыра түсетінін маңызды фактор ретінде атап
көрсетсек, артық емес. Сол кездегілер мен олардың заман-
дастары біліп, еске алып қана қоймай, келер ұрпақтың са-
насына аманат етіп сіңірген мұндай топонимдер өте көп.
Оларды былайша шартты түрде саралап қарастырсақ:
1) Оқиғалы, жасалуы күрделі атаулар: Ақжан қонған
ағаш, Есенгелді жығылған, Есенəлі қонған, Есілбай түскен,
Əже өлген сай, Жарқын қонған, Жəңке туған, Жүзік өл-
ген, Дəулет қонған, Дінəлі қыстаған, Егіз қыстаған, Қа-
лашы қонған, Қаңлы, қонған, Қарабастың көңі, Кəпірге
той қылған, Кебекең үй тескен, Кенжеболат қонған, Көшек
қой сойған, Қойшыбайдың ескі қыстауы, Қонтай қыстаған,
Қотан қонған, Құтмəмбет қонған, Майлыбай түскен, На-
зар қонған, Найман туған, Опанның ағашы, Оспанның қы-
стауы, Отарбай шоқысы, Сəлиха ауырған, Сəмеке түскен,
Салпықтың қызылы, Салпықтың тауы, Салықпай шоқы-
сы, Самайдың қызылы, Саржан шапқан, Саржаудың шоқы-
сы, Сары қонған, Саурық кескен, Сауытбек туған, Сейітқұл
қонған ағашы, Тойған қашқан, Қылды қонған, Мақпал қы-
стаған, Малтақ ілген, Маман қалған, Мешіт салған, Хан
түскен, Шағыр қонған, Шақшақ қонған, Шəулі ұстаған т.б.
2) Белгілі бір адамның есіміне байланысты: Албан шоқы-
сы, Бөке талы, Дүйін бұлағы, Елтінді жалы Боқайдың өт-
келі, Боранбайдың шоқысы, Бумаш шоқысы, Дəметей
ағашы, Құлтайдың шатқалы, Құлтуманың шілігі Мезгіл-
дің ағашы, Мезгілдің шоқысы, Мекшенің шоқысы, Менде-
ке шоқысы, Тəті қонған, Түйебайлаған көлденең сияқты
ата-бабаларымыздың құтты мекендері бұл күнде елсіз, иесіз
қалғаны да ойлантады.
3) Тек қана антропонимдерден тұратын топонимдерге
негіз болған есім иелерінің ет-сүйектен жаралған қоңыртө-
бел пенде емес, өз заманында, өз ортасында əлеуметтік биік
сатыда тұрған, ағайын-туыстың тұрмыс-тіршілігіне белгілі
дəрежеде пайдалы əсері болған, қоғамдық тұлға немесе,
тіпті билік-байлық иесі болғанын кəміл сеніммен айтуға бо-
лады. Өзге этностардың жөні бөлек, оларды жеке тексеріп,
зерттеу керек, ал қазақ ұлтында жағымсыз қылықпен аты
шыққан, беделсіз сүйкімсіз жандардың есімдері антропоним
241
ретінде сирек екенін, тіпті кездеспейтінін байқадық. Бұл да
уақыт сыншысы, тарих таразысы, яғни халқымыздың лай-
ықты азаматтарын тарихта таңбалап қалдырудың бір жолы
десек болар.
Сонымен бірге, қазақтар көру аясындағы көп нысанды
бірден тəртіптеп, жалпылап, ортақ атау беруге шебер екен-
дігін жоғарыда келтірілген жəне басқа да мысалдар ерекше-
лейді. Сол нысандардың алып тұрған орнын бағалап, көп
нысанның арасынан кейбіреуін бөліп алып, басқалармен
арақатынасын қашықтық, биіктік белгілерімен бағамдап, не-
месе санын анықтап, көңіліне жаққан дəрежеде жалқы есім
беретін мысалары да аз емес.
Жер-су атауларының бейнелі, тіпті шебер тоқымашы-
ның терме алашасындай көркем болып келетініне құлағы-
мыз үйреніп қалған, кейбір жүдеу тартқан атауларды есті-
генде, көзіңізге елестеген көріністен тітіркеніп, келеңсіз
ойға кетесің. Қазақ өрт деген құбылысқа шошына қарай-
ды, қарғыстың ауыры «өртке» байланысты, даланың өрті
күнкөріс көзі – малға жұт, мал жұтаса көшпелі қазаққа өмір
жоқ. Сондықтан, бір кездегі өрт оқиғасын ұмытпас үшін
қойылғандай көрінетін, өткен шақ етістіктен жасалған сын
есім «Күйген» сөзі, төрт рет кездескен «Күйген жұрт», се-
гіз рет аталған «Күйгенкепе» қанша уайым-қайғы арқалап
тұрғанын түсінсек-ші? Алғашқысында, өртенген жұрттан
өре көшкен ел, екіншісінде жерден қазып жасаған «кепе»
түріндегі баспананың отқа оранып, бала-шаға, кəрі-құртаң-
ның ашық аспан астында аңырап қалған шарасыз күйі жа-
ныңды ауыртады. Заты, қазақ баласы өзі от тастап, даланы
өртемейді Жазатайым шыққан өртке «ақ құйып» тоқтатады,
өрттің қайталанбауын тілеп, тиісті ырымын жасауға ерін-
бейді. Алайда, өзге өлкеде, мүлде басқа табиғат аясында күн
кешкен этностар үшін, даланың бір түп көдесі, бір құшақ
қау-қауданы қазына емес, олар үшін «былтырдан қалған ескі
шөп, биыл мал сүйсініп жемейді», яғни жан берсін, күйе
берсін, қажеті жоқ…
Күйген демекші, жерлес классик-жазушымыз Сəбит
Мұқановтың туып-өскен жері «Жаманшұбар» аталады. Сол
топонимге байланысты түсінік берген жазушы жергілікті
242
орыс жұрты көктем шыға былтырғы қаудан шөпті өртейді…
өртеңге шыққан жаңа шөпке мал қызығады… осындай бір
жылғы өртке ауыл жұрты ие бола алмай қалып, өртенген
ағаш түбірлері анадайдан қарайып, шұбарланып жататы-
нын, осыған байланысты «Жаманшұбар» атанғанын жа-
зады. «…Жаманшұбар əлі де құлазып тұр. Өткен жылы
өрт жүріп, оның əр жеріне шоқтала өскен ағаштарын тағы
да арса ғып, күйдіріп кеткен. Ал, өртеңге шыққан қалың
шөптің биіктігі белуардан.» Көк шығарамын деп жер өр-
теген жерлестеріміздің сол кəсібі көпке жалғасса керек,
дəл қазір облыс аумағында «Күйген», «Өртенген» дегенді
білдіретін «Горелое», «Горелый», «Горелик» деген 32 атау
кездесетініне таң қалуға болар еді. Осылардың тең жарты-
сы елді мекендер, қалғаны орман-тоғай, қамыс, көлдер мен
батпақтар. Сəбеңнің «Жаманшұбары» сол көптің бірі ғана.
Географиялық атаулардың əрқайсысы-ақ ақпараттық
жағынан құнды екені ежелден мəлім. Топонимикалық лек-
сикадан мұның сан түрлі көрінісін табуға болады.
Жалқы атаулардың мағынасы өзі пайда болған жалпы
атаулардың мəніне тең болуы шарт емес. Бұлай деп та-
лап қоя отырып қарастырудың өзі артық болар еді. Сол-
түстік Қазақстан облысы аумағының топонимикасынан
бұған дəлел бола алатын талай айғақ табуға болады. Қоңы-
рқасқыр, Қырыққұдық, Аралдықызыл, Жақсықызыл, Жа-
манағаш, Жаманжан, Жаманқара, Қызылтоғай (2),Қы-
зылтомар, Қызылшілік, Сарымай, Сарыбас, Сарыбауыр.
Топонимикалық аталымдардың қалыптасуындағы тіл-
дік заңдылықтарды əр қырынан қарастырып жүрген зерт-
теушілердің бірі Қ. Рысберген: «Жер-су атауларында линг-
вистикалық жəне экстралингвистикалық факторлардың
үйлесім табуы тіл мен сананың, тіл мен кеңістіктің байла-
нысын айқын байқауға мүмкіндік береді» дейді
54
.
Қазақ ономастикасындағы топонимдерді семантика-
лық, құрылымдық əдіс тұрғысынан жүйелі түрде зертте-
54. Рысберген Қ. Қазақ топонимиясының лингво-когнитивтік жəне этномəдени негіздері.
Филол. ғылым. доктор. Авторефераты. – Алматы, 2010. – 48-бет.
243
ушілер тілдік таңбада берілген дүние туралы білімдердің
жиынтығын бірде «ғаламның тілдік репрезентациясы», бір-
де «ғаламның тілдік моделі», бірде «ғаламның тілдік бей-
несі», бірде «тіларалық ғалам» деп көрсетіп жүр. Ғалам-
ның тілдік бейнесі, ұлттық болмысы əр этноста əр түрлі
болуы дау туғызбайтын құбылыс болса, ол əуелі этностың
тəжірибесімен, білімімен байланысты. Өйткені тілдік таңба-
ның таңбалаушы қызметі сыртқы дүниемен байланысында
ғана емес, адамның өмірден көрген-білгені, көңілге түйгені
білімнің негізі болып табылады. Қарғалы, Бұлантал, Бөрілі
(2), Борсықағаш, Жыланды, Қасқырлы (3), Түлкішықпас, Тұ-
заққұрған, Тұйғынтүскен, Шағалалы, Шошқалы (5), Үкілі,
т.с. атаулардың астарында қанша оқиға, құбылыс, демек адам
тағдырлары жатқанын тылсым табиғаттың өзі ғана біледі.
Құрғақтағы «аралдар» жəне… кендір
Қазақ халқының көру, есте ұстау, ұлттық дүние бейнесін
қабылдау қабілеті ерекше дамығандығын қазақ жүрген
жердің атауларынан-ақ білуге болар еді. Мысалы, мұхит-
тағы, теңіздегі, көлдегі аралдарға таңырқамайсыз. Себебі,
когнитивті семантика теориясы тұрғысында қарасақ, «арал»
– түсінігі су айдыны ортасындағы құрғақ жер; сумен қор-
шалған шектелген кеңістік дегенді білдіреді. Ал, қазақ тілін-
де «арал» деп кең жазықтықтағы ағаш шоғырын, кеңістікте
бой көтерген шоқыны / шоқыларды / үйіліп жатқан тастар-
ды, тіпті көптеген елді мекендердің ортасында орналасқан,
ерекше этномəдени белгісі бар жеке елді мекенді / мекен-
дерді / де айта береді. Солтүстік Қазақстанда, мысалы осын-
дай «арал ағаштар» бірнешеу. Демек, біз байқаған «арал»
нысандар өзін қоршаған кеңістікпен, немесе басқа ірі
көлемді нысандармен өздерінің шегаралары арқылы бөлі-
неді. Бұл шегаралар, тиісінше сол «арал» нысандардың да
шегарасы болып табылады да өздері де кеңістік белгісімен
танылады. Демек, «арал» атауына тəн сипатты табу үшін
сол аралды қоршап тұрған сыртқы кеңістіктің айырықша
белгісін танып алуымыз керек.
Мыс. профессор З. Тайшыбай Солтүстік Қазақстан облы-
сына тəн этномəдени ерекшелік ретінде: «мұнда қазақтың
244
ұлттық салт-дəстүрлерін, тілін, қысқаша айтқанда «қа-
зақтығын» сақтап қалған, осы уақытқа дейін ұлттық бол-
мысын адал, ежелгі этнографиялық белгілерін жоғалтпаған
«арал ауылдар» бар екендігін айтып отырады. Осылайша,
еуропа сипатты қалың елді мекендердің ортасында өзіне
ғана тəн, айрықша сыртқы белгілері мен ішкі мазмұны бар
қазақ ауылдарының, (тіпті этноауыл десе де болады) соңғы
60-50 жылға дейін сақталып келгенін дəлелдейді.
Екінші бір байқалғаны, кейде сусыз кеңістіктегі «арал»
ұғымына «шоқ, шоғыр» сөздерін синоним етіп алуға бола-
тындай. Мысалы, «шоқ ағаш», «шоқ қарағай», «шоқ терек»,
«шоқ төбе,», «тоғайлар шоғыры», «обалар шоғыры» т.б.
Жасалу мақсаты, пайдалану, кəдеге жаратылуы басқа си-
паттағы үйлерді, қаланы, бөлмелерді, аулаларды, басқа да
кейбір ғимараттарды «арал» немесе «шоқ, шоғыр» деп атай
қою қиын. Өйткені олар құлаққа естілгеннен кейін назар
сала қарағанда, жоғарыда айтылған «арал» сияқты əсер қал-
дырмайды.
«Арал» нысанын сыртқы кеңістік көрінісімен салысты-
рып, жеке қарастырғанда, əрине, оның «аралдық» белгісі əр
уақытта, əркімге айқын таныла бермеуі де мүмкін. Атаме-
кенімізде ертеден қалыптасып қалған Арал+кепе, Арал+көл,
Арал+қызыл, Арал+ды+қызыл, Арал+терек, Арал+ағаш,
Кең+арал атаулары құлағыңызға майдай жағып, туған
жердің баға жетпес байлығының тағы бір байғазысындай
сыңғырлап тұрған жоқ па?
Осыдан бір ғасыр бұрын біздің облысымызда екі қыстау-
дың атау «Кендірқопа» болса, тағы бір «Кендірлі» деген ме-
кен болыпты. Кендірдің орысшасы «Конопля» деген шөп тек-
тес қурайша екені мəлім.Қазір олар қатардан шығып қалған,
бүгінгі топопнимдер қатарында жоқ. Оның есесіне «Коно-
пляное», «Конопляник» деген бес көл жəне «Коноплево» де-
ген батпақ бар. Ғылыми əдебиетте кендірге талшықтарынан
мата, арқан, жіп өндіретін көпжылдық жабайы шөптесін
өсімдік деген анықтама берілген. Орталық Азияға тəн кендір
өсімдігі Қазақстанда Іле, Балқаш, Шу, Сырдария өңірлерінде
көптеп кездеседі. Қазақты дəстүрлі шаруашылығында кен-
дірдің сабағын қара күзде, əбден кеуіп құрғағанда, кейбір
245
жағдайда, кейде қыстыгүні қардың астынан жинап алады.
Көп қылып жиналған кендірді бастырып, сабақтарын боса-
тып алғаннан соң, су сеуіп ылғалдайды, себебі ылғал күйін-
де талшықтар қабығынан оңай жəне қалдықсыз ажырайды.
Осылай дайындалған кендір сабағын кəдімгі сіңірден тара-
мыс алғандай, жақсылап түйіп, уқалап, талшықтарды қа-
бығынан ажыратып алып, сапасына қарай бөліп шүйкелейді.
Жоғары сапалы талшықтардан мата тоқитын жіңішке жіптер
иіріледі. Қысқалау, буынтықты талшықтарды сілемейлеп,
ұзындығы 30-40 см арқан иіретін шүйке жіптер дайындалады
да, дəстүрлі тəсілмен арқан есіп, жіп иіреді. Солай десек те,
кендір солтүстіктің қазақтары үшін аса сүйкімді дақыл бол-
маған.
Жетісу, Сыр өңірінде кендір талшықтарын қылмен арала-
стырып қанар, қап тоқып, түрлі арқан, баулар еседі. Бір айта
кететін жайт, кендір арқанмен мал байламайды, себебі кендір
арқан су тигенде ісініп қатайып, малдың денесін қажайды.
Осыған байланысты ел арасында «Жыңғылмен мал айдама,
кендірмен мал байлама» деген мақал бар. Қазақтар көші-қон
кезінде кендір қалың өскен жерлерді мүмкіндігінше айналып
өтуге тырысқан, себебі қураған кендір сабағын, сояуларын
жеген мал уланып іш, өкпе ауруларына шалдығады деп есеп-
теген..
Техникалық дақыл ретінде славян тектес халықтар кендір-
ден жіп иіріп, мата тоқиды да, оған құрметпен қарайды.Кеңес
Одағы кезінде де 20-30 жылдары Шу, Сырдария өңірінде кен-
дірді техникалық дақыл ретінде қолданысқа енгізу мақсатын-
да агрономиялық-селекциялық тəжірибелер жүргізілген
55
.
Топонимиканың төркінінде ұлттық сана-сезім, талғам
мен қажеттілік жатқанын осыдан-ақ байқауға болады.
Адамдар қоршаған ортадағы заттар мен нысандардың
жеке алғанда, қалай тұрғанына ғана емес, қалай қозғала-
тынына, қалай көрінетіне де назар аударып, ат қойғанда
ескеретін маңызды белгі санауы да мүмкін. Біздің жағдай-
ымызда кеңістікте қозғалатын нысан ретінде өзендер
55. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дəстүрлі жүйесі.
Энциклопедия. – Алматы. РПК «СЛОН», 2012, 60-61-бет.
246
мен бұлақтарды алуға болады. Олар белгілі бір бастаудан
шығып, соңында тоқтайды, судың ағу жылдамдығы ғана
емес, ағу траекториясы да өзінше əртүрлі болады. Мысалы,
Ертіс өзенінің атауы «Иртыш», жылдам ағатын су дегеннен
шыққан деген болжам бар. Белгілі бір топонимикалық ны-
санның түрін, түсін, пішінін, көлемін көру, ұқсату т.б. уəжі
арқылы қабылдаған. Бұл қабылдауда ұлттық этнографиялық
нышандар жататынын келтіреді
56
.
Мысалы Есіл өзенінің атауы қазақтың «есіліп, бұралып
ағады» деген анықтамасына толық сай келеді. Өзгені былай
қойғанда Еуразия кеңістігіндегі үлкен өзендердің арасында
«есіліп» ағуы жағынан біздің Есілге тең елетін өзен табыла
қоймас. Ономастикалық атауларда Этнос пен табиғат ара-
сындағы ажырамас байланыстың жарқын бейнелеудің мы-
салы осындай-ақ болар. Ғасырлар бойы көзі қанып, көңіл
санасынан өткізіп қорытылған құйма алтындай қымбатты
атау осы емес пе? Осы Есілді көз тойдырып, көңіл тұшыт-
пайтын, ешқандай түсінікті мағына бермейтін «Ишим» ата-
уымен алмастырғандардың өгейлігіне ішіңіз ашымай ма?
Адам баласы табиғи нысандарды көріп, сынап бағалаған-
да оның табиғи жаратылысындағы ерекшеліктерін мейлін-
ше дəл сипаттауға тырысады. Бəлкім, алғашқы қойылған
атау келер ұрпақтар тарапынын сыналып-мінеліп, толықты-
рылып, жан-жақты қарастырылуы, нақтылануы мүмкін. То-
понимиканы «ата-бабаларымыздың бізге жазып қалдырған
хаты» дейтініміз, баға жетпес ескерткіш жəдігер санайты-
нымыз сондықтан. Бұл арада түр (форма) категориясы ілгері
тұрады деп ойлаймыз. Нысанның көзге көрінгендегі сипаты,
əсіресе, алдынан қарағанда айшықты танылмақ: түзу, қисық,
тік, көл беу, дөңгелек, аласа, биік.
Солтүстік Қазақстанда кездесетін географиялық атаулар-
да түр категориясының санатына жататын белгілер жиірек
кездеседі.
56. Қасым Б. Қазіргі қазақ тілінің теориялық жəне қолданбалы аспектілері. (ғылыми
мақалалар). –Алматы: 2010. – 371-бет.
247
Жаңа қоныстарға атау беруге негіз болған
христиан діни мейрамдары
Облыс аумағының топонимикасы туралы сөз болғанда,
біз тарихи жағдайларға байланысты ішкі Ресейдің көптеген
жерінен келіп қоныстанғандар арасында əртүрлі діни сенім
иелерінің болғанын да ескеруге міндеттіміз. Солардың іші-
нен, əсіресе славян текті халықтардан католиктер мен пра-
вославиелік христиандардың саны көп болғанын білеміз.
Тағдыр айдап, туған-өскен жерінен жыраққа дəм тартып
келіп қалған жаяулы-жалпылы келімсектер жаңа қоныста
кездескен қиыншылықтарды жеңу үшін өзі сенетін əули-
е-пірлеріне жалбарынатыны мəлім. Міне, осы жағдайлар
солтүстік аймақтың жер-су атауларында, елді мекен-қоны-
стардың аттарында жазылып қалған.
ХҮІІІ ғасырдың аяғынан ХХ ғасырдың басына дей-
ін тиылмаған келімсектер тасқынын бейнелейтін христи-
ан дінін ұстанушылар қойған атауларға тоқталайық. Сан
жағынан бұлар өте көп болмағанымен, қазақтың жер ббе-
деріне елеулі із қалдырған. Мысалы, осы күнге дейін сақта-
лып келе жатқан атаулардың біреуі Жамбыл ауданындағы
Благовещенская өзегі мен сол аттас Благовещенка деген ірі
елді мекен, тіпті бір кезде аудан орталығы да болған. Жас
ұрпаққа түсінікті болуы үшін осы атауға байланысты мына-
дай аңыз бар екенін айта кетейік:
Христиан діні бойынша Жебрейіл періште Мария қызға
наурыздың 25 жұлдызы (ескіше) немесе 7 сəуірде (жаңаша)
аян береді «сен пір сипатты ғажап ұл табасың, оған бүкіл
əлем табынатын болады», деп аян берген оқиғаны орысша
Благовещение Пресвятой Богородицы (Құдайдың анасына
жеткен «игі хабар» дегеніміз осы) деп əуезе қылады. Осыж-
дан барып, Благовещенск, Благовещенка, осыған ұқсас қо-
ныстардың атауы туған.
Введение во храм Пресвятой Богородицы —үш жасар
Мария бикешті (болашақ Ғайса пайғамбардың анасы) ата-а-
насы Иерусалим ғибадатханасына тəрбиеге тапсырған күні
21 қараша (4 желтоқсан) жыл сайын мейрам ретінде атап
өтіледі. Осы күнді жақсы ырымға балаған үмметтері елді
мекенге ат қойып, таңбалайды.
248
Вознесение мерекесі Пасха мейрамынан 40 күн кейін
Ғайса пайғамбар көк жүзіне ұшып шығып, қоныс тапты де-
ген аңыз бойынша атап өтіледі.Осыны ырым етіп Вознесе-
ние, Вознесенск, Вознесенский деген атау берілген. Мыса-
лы, Петропавлда осы аттас көше жəне Қызылжар ауданында
Вознесенка деген село болған. Пасха мерекесінің алдын-
дағы жексенбі «Вербное» деп аталып, Ғайса пайғамбардың
Иерусалимге келген қасиетті күн ретінде тойланады. Осы
күні іргесі қаланған елді мекенге Вербное, Вербная деген
атау берген.
Крестовоздвижение – ІҮ ғасырда Елена əулие Жерісəлем
қаласында (Иерусалим) Ғайса пайғамбардың айқышын
тауып алған күн 14 (27) қыркүйекке сəйкес келеді. Воз-
движенка, Воздвиженск деген село аты осыған байланы-
сты қойылған. Есіл ауданындағы Алуа көлінен оңтүстік-
шығысқа қарай Кресты деген көл, осы аттас өзек бар.
Крещение Господне (Богоявление) Шоқындырушы Ио-
анн пайғамбардың Ғайса пайғамбарды Иордан өзеніне шо-
мылдырған күні 6 (19) қаңтар. Соның құрметіне Богоявле-
ние, Явленное, Явленка деген атаулар таңдалған.
1 (14) қаңтар – Ғайса пайғамбардың сүндетке отырғы-
зылған күні, жыл басы.
Пасха – Ғайса пайғамбардың айқышқа керіліп, жаза
тартқан күні. Көктемгі күн мен түн теңелгеннен кейін жаңа
Ай туған жексенбі, христиандардың төл мерекесі. Право-
слав шіркеуі бойынша июлий күнтізбесіне сай 22 наурыз
бен 23 сəуір арасына дəл келеді.
Покровы, қазақша Боқырау, Х ғасырда Константинополь-
дегі Влахерн храмына Ғазиз ана келіп, ғибадатшы христи-
андардың төбесіне жамылғысын (Покров) жауып, арабтарға
қарсы соғыста жеңіске жетуге батасын берген күн ретінде 1
(14) қазан күні атап өтіледі. Осы күнді есте қалдыру үшін
Покровка, Покровск, Покровский деген атаулар алынған.
Есіл ауданы мен Мамлют ауданында бір-бірден Покровка
жəне Келтесор көлінің оңтүстік-шығысы мен Алуа көлінен
батысқа қарай Покровское деген батпақ бар.
Шарапатты құдай-ана мейрамы. 8 (21) қыркүйек Ғайса
пайғамбардың анасы Мəрияның дүниеге келген күні құр-
249
метіне Мариновка, Марьевка, Богородица деген атаулар
берілетін дəстүр қалыптасқан.
Облыста Мария ананың құрметіне қойылған Марьевка
деген аудан орталығы болған еді, ол Сергеев су қоймасының
астында қалған.
Ғайса пайғамбардың есіміне байланысты Спас, Спасское,
Спасовка деген атаулар да көпке мəлəм. Əдетте, шіркеу-
лерге қойылатын атау, Ғайса пайғамбар тіріліп келіп, жар-
лы-жақыбайларды құтқарып, бақытқа бөлейді деген сенімге
сай, жақсы ырым ретінде Есіл ауданындағы бір селоға Спа-
совка түрінде қойылып, Меңкесердің оңтүстік-батысындағы
бір көл Спасское аталады екен.
Троица мен Успение де жақсы ырымға жоралғы болсын
деп таңдалған жер атаулары екенін білуіміз керек. Жамбыл
ауданындағы Троицкое, Мағжан Жұмабаев ауданындағы
Успенка, Булаев-Молодогвардейск теміржол тармағындағы
Успенка стансасы христиан мерекелеріне сай аталған.
Тарихи отанынан алыстап, барар жері, басар тауы қал-
май, жоқшылықпен күйзелген пенде ертеңге деген сенімі-
не қол созып, туған жерін сағынғанда еске алып жүрмекке
қазақ даласынан тапқан қоныстарын əулие-əнбиелердің,
өздері сеніп, табынатын пайғамбарлар мен сахабалардың
атымен атағанының мысалдары көп. Шіркеулер мен басқа
да ғибадатханаларға Андрей, Архангел, Богородица, Вос-
кресенье, Илья, Михаил, Николай, Петр сияқты есімдерді
беріп, жұбанатын.
Мысалы, Айыртау, Мағжан Жұмабаев, Мамлют аудан-
дарының əрқайсында бірден Воскресенка, Жамбыл жəне
Қызылжар аудандарында Архангелкалар, Айыртау жəне
Есіл аудандарында Никольскілер, Есіл жəне Қызылжар ау-
дандарында бір-бір Николаевка осындай дəстүрдің айғағы.
Кезінде, елді мекен атауларына идеологиялық талаппен қа-
рағанымыз сияқты, көне христиан түсініктерін еске сақтау
мақсатында, мысалы аудан сайын міндетті түрде бір Пе-
тровкадан, бір Андреевкадан, Воскресенкадан т.с. болуға
тиіс деген іштей ұстаным болған сияқты əсер береді.
Облыс орталығы əуелде, 1752 жылы əулие Петр атымен
аталып ашылған уақытша бекініс, кейін нығая, күш ала
250
келіп, соғыс қимылдарының пірлері Петр мен Паулдың құр-
метіне, жаздың басы аталған Петров день (19 маусым) 12
шілде Петрмен Паул мерекесіне байланысты аталған екен.
Соңғы жылдары қаламызда осы христиан мейрамы «Қала
күні» деген дəрежеге көтеріліп, ресми түрде атап өтілетін
болды.
Қазақстан Конституциясы бойынша шіркеудің мемле-
кеттік саясатқа ықпалы болмайтын қағиданы ұмытып, қала
əкіміммемлекеттік мейрамдар қатарына қосып жіберген.
Преображение Господня – Ғайса пайғамбар Адам кейпіне
кіріп, шəкірттеріне көрінуге келген күні 6 (19) тамыз. Пре-
ображенка, Преображенск, Преображение, Преображенский
қатарлы селоларға атау болған.
25 желтоқсан Ғайса пайғамбардың туған күні, христиан
əлемінің негізгі мейрамдарының бірі. Православие шірке-
уінің салтымен Григорий күнтізбесі бойынша 1 қаңтар. Осы
күнді ырым етіп, қойылған Рождественский деген атаулар
жиі кездеседі. Қазақстан Президентінің жарлығымен Рожде-
ство күні мемлекеттік мейрамдар қатарына қосылды.
2 (15) ақпан ата-анасы Ғайса сəбиді алғаш рет ғибадат-
ханаға əкеліп Симеон-мессия қарияның батасын алған күн
Сретение деп аталады. Осыған байланысты Сретение, Сре-
тенск деген атаулар таңдалған.
Троицк деген қала, ауыл атының негізінде Ғайса пайғам-
бардың мүридтеріне рух қонған күн, яғни пасха өткеннен
кейінгі елуінші күні аталатын қасиетті күн жатыр.
Успенск, Успение, Өспен деген елді мекен атаулар
Мəрия-ананың қайтыс болған күні 15 (28) тамызда қолға
алған істің, мысалы ірге көтеру, қазық қағу, көштің жүгін
түсіру сəтіне арналған атау.
251
Достарыңызбен бөлісу: |