Г. Х. Демесінова, Х. Б. Мағзұмов тілдер типологиясының негізгі ұҒымдары



бет22/32
Дата06.01.2022
өлшемі318,5 Kb.
#12230
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
2.2.3.1 Формалды типология

Формалды типология айтылу меже бірліктерін зерделейді. Мазмұн меже бірліктерінің түрлі деңгейлерде болуы мүмкін. Сондықтан тілдер жүйелерін салыстырғанда формалды немесе сыртқы -құрылымдық көзқарас тұрғысынан типологтың тілдің барлық деңгейлерімен айналысуына тура келеді. Формалды типологияның негізгі міндеттеріне бірқатар проблемаларды, соның ішінде мыналарды жатқызуға болады: а) тілдің сыртқы немесе формалды қасиеттері; ә) түрлі типті тілдерде жазудың ортақ ұстанымын, яғни графикалық жүйені (типологияны) белгілеу; б) ортақ транскрипциялық жүйелерді құрастыру мен жасау ұстанымы; в) тілдердің әліпбиін жасау; г) тыныс белгілері ережелерін жасау; ғ) формалды құрылымдарды, буындарды, сөздерді, түрлі сөз тұлғаларын, күрделі сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді анықтау; инкорпорациялы және полисинтетикалық типті тілдерде сөздер мен сөйлемдердің сыртқы құрылымын зерделеумен байланысты мәселелер, қысқарту ұстанымдарын, түрлі жүйедегі тілдерде әр разрядты бір түбірлі сөздердің үйлесімділік құрылымын анықтау проблемасын зерделейді.

Формалды типологияның бірқатар бөлімдерін, мысалы, формализация типологиясын, формалды әмбебаптарды, графикалық типологияны, тыныс белгілері типологиясын, қысқарту типологиясын және басқаларын бөлуге болады. Бұған тыныс белгілерінің, орфоэпияның және басқаларының семантикалық-синтаксистік белгілерін жасауды жатқызуға болады. Әліпбилерді жетілдіру мен бірыңғайлаудың жалпы жүйелері жасалуда.

Формалды типологияда таза тілдік межеде, яғни «ауызша және жазбаша тіл тұрпат межелері» қатысы саласында, жазба тілінің (салыстырыңыз: графема, графология, графемика және т.б.) бірліктерін терминологиялық таңбалауда шешілмеген мәселелер көп. Орфологиялық сөздіктер жасаумен, формалды типология пәніне ішінара қатысты формалды тілдерді жасау теориясымен байланысты көптеген тіларалық мәселелер бар.

Формалды типологияның жоғарыда санамаланған міндеттеріне халықаралық қатынастың жасанды тілдер графикалық жүйесін жасау және басқа көптеген мәселелер жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет