Көрсетілген бөлімдердің ішінде лингвистикалық типологияның кейбір басқа шағын бөлімдерін бөлуге болады.
Супрасегментті типология бір мезгілде тілдердің фонологилық, морфологиялық және синтаксистік деңгейлерімен байланысты тілдердің просодиялық бірліктерін (интонация, тон, акцент) зерделейді.
Символикалық типология сөздің дыбыстық айтылымында белгілі семантиканың болуын зерделейді. Мысалы, сөздерде мұрын арқылы айтылатын дыбыстардың ана, латынша mater, ағылшынша mother, немісше Mutter, орысша мать, тәжікше модар мәнді сөздерде болуы. Мұндай құбылыстың көптеген тілдерде болуы оның типологиялық изоморфалығын дәлелдейді. Қазір дыбыстық символизм аз зерттелген немесе белгілі бір тілдік топтармен немесе тілдік одақтармен шекшеледі.