Г. Х. Демесінова, Х. Б. Мағзұмов тілдер типологиясының негізгі ұҒымдары



бет18/32
Дата06.01.2022
өлшемі318,5 Kb.
#12230
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
2.2.2.5 Лексикалық типология

Тілдің лексикалық деңгейінің бірліктерін салыстыру лексикалық типологияның басты міндеті болып табылады. Лексикалық типология сөздердің тіларалық парадигмаларын, сөздік бірліктермен айтылатын мәннің тіларалық инварианттарды қарастырады. Кейбір тіл мамандары лексикалық және семантикалық типологияны біріктіреді. Алайда фонетика – фонологиялық, морфологиялық және синтаксистік типология сияқты оның салыстырмалы типологияның арнайы бөлімі ретінде қарастырылу мүмкіндігі бар. Лексикалық типологияның негізгі мәселелері түрлі типті жұмыстарда – сөз типологиясына, тілдерді лексикалық салғастыруға, тілдердің лексикалық-семантикалық проблемаларына, тілдердің лексикалық-синтаксистік деңгейіне, сөзжасамға, лексикографияға, лингвистикаға және басқаларына арналған арнайы еңбектерде қарастырылды.

Лексикалық типологияға бірқатар бөлімдер кіреді: 1) сөздердің лексикалық типологиясы, немесе сөз типологиясы; 2) сөзжасамның лексикалық типологиясы немесе сөзжасамдық типология; 3) салыстырмалы лексикография; 4) лексикалық-статистік типология; 5) кірменің лексикалық типологиясы; 6) фразеологияның лексикалық типологиясы; 7) мақалдар мен мәтелдердің лексикалық типологиясы; 8) ономастиканың лексикалық типологиясы; 9) топонимиканың лексикалық типологиясы; 10) терминологияның лексикалық типологиясы; 11) диахрониялық лексикалық типология; 12) синхронды лексикалық типология және басқалары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет