Г. Х. Демесінова, Х. Б. Мағзұмов тілдер типологиясының негізгі ұҒымдары



бет25/32
Дата06.01.2022
өлшемі318,5 Kb.
#12230
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Тіл типінің ұғымы тілдегі типтен кеңірек, ол жалпы ұғым болып табылады. Тіл типтеріне XIX ғасырдың тіл мамандары бөліп көрсеткен және қазіргі тіл мамандарының еңбектерінде өзінің қосымша сипаттарын алған жалғамалы, қопармалы, оқшаулаушы, полисинтетикалық типтер жатады.

Тілдегі тип тіл типінен тар болып, яғни ішінара тілдік тип болып табылады. Тілдегі тип - әдетте бірнеше тілдерде аталып өтілетін тілдік құрылымның сапасы, мысалы, грамматикалық тұлғалар аналитизмінің болуы немесе дәрежесі; морфемалар қосылысында фонетикалық өзгерістердің болуы/болмауы, т.б. және осыған байланысты морфемалардың қосылу тәсілі – фузия немесе жалғама (М.И.Журинская).

Тіл типі - өзара белгілі бір байланыстағы тілдердің жетекші нышандарның берік жиынтығы, онда әлдебір нышанның болу-болмауы басқа нышаннның немесе нышандардың болу-болмауымен шартты болып келеді (В.Д.Аракин).

Осылайша тіл типі туралы айтқанда, тілдер жүйелері сипатталатын жетекші нышандардың жиынтығы, ал типтегі тіл туралы айтқанда белгілі бір нақты тілдің немесе тілдердің жүйесіндегі ішкі тілдік нышандар ойға алынады, мысалы, екпін бір тілдерде еркін, ал басқаларында орнықты, дауыстылардың созымдылығы бір тілдерде фонетикалық жағынан шартты, басқаларында шарттсыз болып келеді. Бір тілдерде (орыс, ағылшын, т.б.) сандық көрсеткішті, сынды білдіретін тұлға анықталушы сөздік тұлғасымен үйлесімді өзгеріп отырса (мысалы, одна книга, две книги, мои друзья – моим друзьям), басқа тілдерде (түркі) тілдерінде ондай үйлесімділік жоқ (мысалы, бір кітап, екі кітап, менің достарым - менің достарыма), әйткенмен бұл тілдердегі басқа категорияларының айтылымдарында мұндай жағдайлардың екеуі де кездеседі. Мысалы, өздік есімдіктер мен рефлекстік жұрнақ тілдердің екі типінде де сондай жағдайда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет