Г. Х. Демесінова, Х. Б. Мағзұмов тілдер типологиясының негізгі ұҒымдары


Анықтау үшін әмбебаптар туралы және типологияның мәні туралы ұғымдары



бет27/32
Дата06.01.2022
өлшемі318,5 Kb.
#12230
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
317 demesinova g.h. magzumov h.b. tilder tipologiyasinin negizgi ugimdari jogari okhu orindarinin til mamandikhtari studentterine arnalgan tipologiyalikh zertteuler negizderi

3.3 Анықтау үшін әмбебаптар туралы және типологияның мәні туралы ұғымдары

Тілдік нышандарды әмбебаптандыру проблемасы қазіргі лингвистикалық типологияның таяу арада жүзеге асырылуы кәдік негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Тіл білімі үшін жаңа мәселе болмағанымен лингвистикалық әмбебаптар бертінде ғана кеңінен тарады.

Тілдік әмбебаптар – тілдердің баршасына немесе көпшілігіне өртақ құрылым заңдылықтары.

Әмбебаптар туралы тұңғыш рет XX ғасырдың 50 - жылдарында айтыла бастады. Оған В. мен Э. Агинскийлердің «The Importance of Language Universals» (1941 ж.) мақаласы бастау болды. Бұл бағыт 1961 жылы сәуірде Нью-Йоркте өткен конференциядан соң шынайы дамыды. Осы конференцияда «Тілдік әмбебаптар туралы меморандум» жарияланды, оның авторлары Дж. Гринберг, Дж. Дженкинс пен Ч. Осгуд. Осы конференцияның бастамашылары бұл бағыттың дамуының одан арғы барысын анықтап, тілдер жүйесін сипаттау әдістемесін жасады.

Жаңа әдіс бойынша тіл фактілерін жүйелеумен Б.А. Успенский, Ю.В. Рождественский, П.Ф. Вардуль, В. В. Иванов, В.П. Недялков, Дж. Грингберг, С. Сапорта, Р. Якобсон, Ч. А. Фергусон, Н.С. Трубецкой, В. Трнка, Ч. Ф. Хокетт, II Кречмер, И. Крамской, В. Скаличка және басқа зерттеушілер айналысады.

Универсалий мысалдарының кейбір мысалдарын салыстырыңыз. «Тілдік универсалия – барлық тілдерге немесе тұтастай тілге тән кейбір нышан немесе қасиет», - деп жазады Ч.Ф.Хоккет. Б.А.Успенскийдің айтылымы да осыған ұсқас: «Тілдік универсалийлер – тілдердің баршасына немесе басым көптілігіне ортақ заңдылық түсінігі қалыптасқан».

Тілдердегі ортақтықты табу ареалды да, генетикалық та типологияға тән екенін, алайда біріншісінің белгілі географиялық аймақпен шектелетінің, ал генетиканлық типологияның генетикалы туыстас тілдер тобымен айналысатынын атай көрсеткен жөн. Тілдік универсалийлерге келер болсақ, онда көрсетілген шектеулер жоқ. Сондай-ақ лингвистикалық универсалийлер тілдің салыстырылатын бірліктерін өзгеше жүйелеп, жалпылайды. Тіл фактілер жинақтау тұрғысынан тіл білімінің бұл бөлімі зерттеудің басқа лингвистикалық әдістерімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие.

Ғылыми әдебиетте тілдік универсалийлердің сипаттау жолымен, не кванторлар орналасқан арнайы жиынның көмегімен берілуі мүмкін. Бұл жиындарды Б.А.Успенский алғашқы болып қолданады. Дж.Гринберг сөзбен және Б.А.Успенскийдің формальды кестелердің көмегімен берген тілдік универсалийлердің үлгілірін салыстырыңыз.


3 кесте – Әмбебаптылыктың формалды көрінуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет