Г. Х. Демесінова, Х. Б. Мағзұмов тілдер типологиясының негізгі ұҒымдары



бет29/32
Дата06.01.2022
өлшемі318,5 Kb.
#12230
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

3.4 Тіл-эталон туралы ұғым


Тіл-эталон ғылымға белгілі кезкелген тілді салғастыруға болатын өмием бірлігі үшін шартты түрде қабылданған тіл.

«Тіл-эталон» ұғымын Б.А. Успенский ұсынған. Тіл-эталон идеясы салыстыру ұғымынан шаққан. Типологияның негізінде жатқан кез келген салыстыру, яғни туралы ілім (сөздің кең мағысында) салыстыру негізінде құрылады.

Тіл-эталон немесе мататіл дедуктивтік негізінде бөлінеді. Б.А. Успенский тіл-эталон (матетіл) мен тіл-эталоннан нақты тілдерге және керісінше (түрлы деңгейлер үшін) трансформацияны анықтап, құрылым типологиялық құруға болады дей есептейді.

Тіл-эталонда лингвистикалық типологияға тән салыстыру негіздері тіркелуге тиіс. Сондықтан тіл-эталон ретінде көріне алатын тілдің әлдебір априорлы жүйесін құрастыруға талпыныс жасалуда.

Қазіргі уақытта ғылым теориялық пайымдаулармен шектліп, тіл-эталон атауна лайық тілдерді ғылыми сипаттаудың құралдарын ұсына алмай отыр.

Ю.В. Рожденственский тіл-эталонның келесі нымандарын бөліп көрсетеді:

1) тіл-эталог әмбебап дефиницияларды тексеріп, белгілеу үшін құрылып, өздіндіқ типологиялық (мазмұнды) теорияны тудыруға ықпал етеді;

2) тіл-эталонда тіл қасиеттерінің екі түрін сипаттайтын бекінім бар: тилогогиялық аыйрмаларынысыз барлық тілдерінің құрылуын түсіндіретін бекінімдер мен тілдерді аыырықмалайтын әмбебаб дефиницияларға қатысты бекінім;

3) тіл-эталон типологиялық теория үшін тіл-объект болады: ол әлемнің барлық тілдерін бір тілде көрсетеді;

4) тіл-эталон генеративті негіздерге құрылып, әдетте рәсімдерді пайдаланады;

5) тіл-эталон типологиялық метатілін білдіреді, ойткені ол бұрынғы типологиялық айтылымдарды түсіндіреді.

Б.А. Успенский екі тіл-эталонды – минималды-максималды тіл-эталонын ажыратуды ұсынады. Минималды тіл-эталон өзіне барлық тілдердің зерттелеуі деңгейінің (аспектісінің) типологиялық нышандарын біріктіруге тиіс. Максималды тіл-эталон өзіне сипатталаймын тілдердің барлық нышандарының жиыншығын бірітіруге тиіс.

Б.А. Успенский табиғи тіл-эталон ретінде тулғасыз тілдерді қарастыруды ұсынады, алаййда іс жүзінде орлар өз құрылымы бойынша тіл-эталон жақындауға тиіс идеалдан күрделірек.

Белгілі фактылардың негізінде тіл-эталон ретінде қолданылайтын кейбір жүйелерді бөлуге болады:

1) арнайы жасалған жасанды тіл немесе жалпы жасанды ережелерден тұрайтын символикалық тіл;

2) жүйесі жақсы жасалған белгілі бір нақты тіл;

3) белгілі бір жүйе;

4) лингвистикалық (грамматикалық, семантикалық және т.б.) категория;

5) белгілі бір дифференциалды нышандар;

6) белгілі бір грамматикалық ереже;

7) белгілі бір семантикалық өріс;

8) фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және т.б. модельдер;

9) белгілі бір әдіс;

10) аударма кезіндегі делдал тіл;

11) типологиялық категориялар және т.б.

Зерттеудің сипаты мен мақсаттарына қарай көрсетілген тізбені жалғастыра беруге болады.

Өзіндік табиғи метатіл тіл білімі пайда болған сәттен бері өмір сүреді: латын тілінің жүйесін сипаттау моделі негізінен сол функцияны атқарды. Осы метатілдің қолданылуы кптеген тілдердің грамматикаларын тудырды. Сондай-ақ сан алуан тілдердегі түрлі грамматикалық және басқа категориялар сол арқылы зерделенді.

Шет тілдің жүйелерін анна тілмен (ағылшын тілін орыс немесе қазақ тілімен) салыстырғанда ана тілі тіл-эталон болады. Орыс және қазақ тілдер құрылымының айырмашылығынан салыстыру салыстыру нәтижелері әртүрлі болады.

Салыстырылатын материалдың сипатына қарай не ағылшын, не орыс, не қазақ тілінің жүйесі жиі метатіл болып қызмет етеді. Мысалы, белгілік және белгісіздік каиегорияларды салыстырғанда метатіл ретінде ағылшын тілі таңдалады, өйткені оған белгілік пен белгісіздіктің (белгілік және белгісіздік артикльдері) арнайы маркерлерінің болуы тән. Ал септік тұлғаларымен байланысты категориялық ұғымдарды салыстырған метатіл ретінде орыс немесе қазақ тілдерінің жүйелерін алған жөн.

Дегенмен, салыстыру метатілі етіп типологиялық категорияларды таңдаған дұрысырақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет