Г. Х. Демесінова, Х. Б. Мағзұмов тілдер типологиясының негізгі ұҒымдары



бет26/32
Дата06.01.2022
өлшемі318,5 Kb.
#12230
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
3.2 Изоморфизм мен алломорфизм ұғымы

Көлемі мен масштабы әртүрлі жүйелердің ұқсастығын немесе үйлесімдігін табу типология үшін аса маңызды. Тіл құрылымының жекелеген буындарының, оны құрайтын жекелеген микро- немесе макро-құрылымдардың мұндай ұқсастығы немесе параллелизмі изоморфизм атауын алды.

«Изоморфизм» терминін поляк тіл маманы Е. Курилович сандардың екі жүйесінің ішкі құрылымының ұқсастығын, бара – барлығын білдіретін математикадан лингвистикалық айналымға кіргізген.

Е. Куриловичтен айырмашылығы Э.А. Макаев изоморфизмді түрлі деңгейдегі конститутивті тілдік бірліктер құрылымының бір типтілігі ретінде анықтайды, соның салдарынан түрлі деңгейлерде осы бірліктер арасындағы қатынастардың бір типтілігі болып табылады немесе болуы мүмкін.

Э. А. Макаевтың пікірінше, изоморфизмді бұлай түсіну тіл құрылымының ерекшеліктерін көрсетеді және оның түрлі деңгейлерімен байланысты. Ол варианттардың шектеусіз санында инварианттардың шектеулі саны, барлық деңгей бірліктері құрайтын парадигмнің болуы сияқты түрлі деңгей бірліктері құрылымдарының бір типті сипатын табуға ықпал етеді; типологиялық грамматиканы құруға қатысты тілдің түрлі деңгейлерін құрастыру мүмкіндігін береді. Сондай – ақ Э.А. Макаевтың пайымдауынша, тіл деңгейлерін сипаттағанда және құрылымдарының бір типтілігін анықтағанда дистрибутивтік және трансформациялық талдау барынша тиімді болып шығады.

В.Д. Аракиннің пікірінше, түрлі тілдердің изоморфизмін табу, яғни бірқатар тілдердің микрожүйелерінің ғана емес, сол сияқты шағын жүйелері мен тұтас жүйелерінің үйлесімділігін немесе ұқсастығын анықтау тілді типологиялық сипаттау мақсаттарының бірі болып есептелуі керек.

Сол деңгейді құрайтын тілдік бірліктер құрылымының түрлі типін көрсететін алломорфизм изоморфизмге қарама қайшы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет