Г. И. Бейсенова



бет21/31
Дата21.11.2022
өлшемі274,67 Kb.
#51580
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Бақылау сұрақтары:
1.Ақпараттық технологиялардың даму технологиясы.
2. Ақпараттық технологиялардың бөліну кезеңдері және олрдың сипаттамасы.
Негізгі әдебиеттер:

  1. Концепция информатизации образования в РК. Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. Ы.Алтынсарина. Алматы, 2000 г., 39 стр.

  2. Полат Е.С. и др. Новые педагогические и информациониые технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов псдвузов и системы повышения квалификации педкадров. Москва: «Академия», 1999. -224 с.

  3. Брановский Ю.С. Новая дисциплина «Введение в педагогическую информатику» в структуре многоуровневого педагогического образования. Журнал «Педагогическая информатика». N 5, 2005 г.

  4. Гузеев В. О технологии обучения и предмете педагогической информатики. Журнал «Информатика и образование». № 1, 2009.

  5. Зарецкий Д.В., Зарецкая З.А., Первин Ю.А.Педагогические и технологические основы создания открытых программных методических систем.Журнал «Информатика и образование», № 1, 2008.

Қосымша әдебиеттер

  1. Леднев В.С., Кузнецов А.А., Бешенков С.А. Состояние и перспективы развития курса информатики в общеобразовательной школе.Журнал «Информатика и образование».№ 3, 1998.

  2. Моисеева М.В. Факультатив по компьютерным телекоммуникациям. Журнал «Информатика и образование».№ 5, 2006 г.

  3. Интернет материалдары: WWW.infojournal.ru

  4. Информатика и образование, 2010-2013.

9-дәріс.
Тақырыбы: Қазақстанда білім беруді ақпараттандыру. Білім беруді ақпараттандырудың даму тенденциялары.
Жоспары:

  1. Қазақстанда білім беруді ақпараттандыру.

  2. Білім беруді ақпараттандырудың даму тенденциялары.

Мазмұны:
1. Қазақстанда білім беруді ақпараттандыру.
Қазақстанда білім беруді ақпараттандыру процесін қарастыруды экономикасының нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану жағдайының пайда болуы мен тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу процесіне байланысты өзгеріс аралағындағы білім беру жүйесінің жағдайына талдаудан бастайық (1991-2001 жж.).
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің теориясы мен практикасының негізгі тенденцияларының дамуы жетекші ғалым-педагог Т.С.Садықов, А.Е.Абылқасымова, Р.М.Жұмабековалардың жұмыстарында талданған.
Авторлар, 1990 жылы жалпыға арналған білім берудің бүкіл Әлемдік декларациясы қабылданған кезде Қазақстан Кеңестер Одағының құрамында болған және ол жөніндегі Жомтьендегі негізгі құжатқа қол қоймағандығын атап көрсетеді. Сондықтан тәуелсіздік алғаннан кейін 1998 жылға дейін елде Жомтьен конференциясының шешімдерін жүзеге асыруға арнайы нақты әрекеттер жасалмады. Дегенмен, Қазақстан Республикасында әрбір азамат білім алу мүмкіндігіне ие болды, елде 1930 жылдан бастап ересек адамдардың сауатсыздық проблемасы толық жойылды. Алдағы жылдардың халық санағының мәліметтері бойынша халық арасындағы 9 бен 49 жас аралығындағы сауаттылардың үлесі 1939 жылы 83,6%, ал әйелдер арасында 75,8%, 1970 жылы 99,7%, және 99,5%, ал 1979 жылы 99,7%, ал 99,8% болды. 15-тен кейінгі жае аралағында 1000 адамға шаққанда бастауыш білім 1970 жылы -790 адам болса, 1979 жылы - 941 адам болды.
Қалыптасып келе жатқан ұлттық білім беру жүйесін заңды түрде қамтамасыз ету үшін алғашқы заңдардың бірі болып Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы қабылданды (1992 ж.), «Жоғары білім туралы» заңы (1993 ж.) қабылданды. Мамандардың пікірінше, бүл заңдардың бұрынғы заң актілерінен ерекшеліктері білім беруге мемелекеттік монополияның болмауы, жоғарыдан орталықтандырылған жетекшіліктің жоқтығы, қаржыландыру мәселесін тек мемлекеттік бюджеттен ғана емес, шешуге бағыттау және т.б. болды.
«Білім туралы» заңы (1992 ж.) бойынша жалпы орта білім беру білім беру жүйесіндегі негізгі буын болып табылады және жалпы білім беретін орта мектепте үш баспалдақта жүзеге асырылды: бастауыш, негізгі және аға. Көрсетілген баспалдақтың әрқайсысы өзінше басқарылды. Кәсіптік - техникалық білім беру мекемесі жалпы білім беру жүйесінің оқу мекемесі болып қалды жэне ол оқушы жастарды жаппай мамандандыру мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
Ал, ересектерге негізгі орта білім алу мүмкіндігі кешкі «ауыспалы» жалпы білім беру мектептерінің кеңейтілген желісі арқылы мүмкін болды. Мысалы, 1991 жылы реепубликада мұндай 255 мектеп, бұдан басқа 396 күндізгі жалпы білім беру мектеперінде жастарды кешкі оқыту сыныптары құрылды, 1018 оқу консультациялық пункттері жүмыс іетеді.
Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің бастапқы қалыптасу кезеңінде «Білім туралы» заң мен «Жоғары білім туралы» заң жаңа қазақстандық білім беру жүйесінің қалыптасуында оң роль атқарды.
«Білім туралы» заңдағы келтірілген прогрессивті идеялар президенттің жарлығында әрі қарай дамыды, 30-тамыз 1995 ж. және 27 -қаңтар 1996 жылғы Қазақстан Республикасындағы білім беру мәселелеріне байланысты кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңында күшіне енді. Білім беру еаласындағы мемлекеттік саясаттар тұжырымдамасы 1995 жылғы сәуірдегі республикалық білім беру қызметкерлерінің кеңесінде, Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің бірінші съезінде және үкіметтің бірқатар қаулыларында анық көрсетілді.
Білім беру 1997 жылдың қазанында қабылданған «Қазақстан - 2030: гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмысын жақсарту» стратегиялық бағдарламасының басымдылықтарының бірі болды.
1995 жылы Қазақстан Республикасының Жаңа Ата Заңы қабылданды, өмірдің барлық саласына, оның ішінде, білім беру жүйесіне нарықтық қатынастар екпінді енді, Қазақстанның 2030-жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыру басталды. Жаңа уақыт пен болашақ білім беру жүйесінің жаңа заңдылық негізін талап етті. Қазақстан республикасының парламентінде 1999 жылдың 7-маусымында бірыңғай барлық деңгейде білім беруге арналған жаңа «Білім туралы» заң қабылданды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңының ерекшелігі білім берудің жаңа ұлттық моделін бекіту болды. Ол төмендегідей қағидаларды қамтыды:

  • білім беруді басқаруға демократиялық сипат және білім беру мекемелерінің өкілеттілігін кеңейту;

  • білімділікке ұмтылыс принципі мен дарындылықты дамыту;

  • үш тілділікті енгізу принципі (қазақ, орыс және бір шетел тілі);

  • ана тілін үйренудегі ұлттық топтардың құқығын орнату оларға арналған оқу орындарын құру;

  • мемлекеттік емес білім беру секторын бірыңғай білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде анықтау.

Ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі, ең алдымен, жоғары сапалы білім беру мен тәрбиелеуді жаңаша ойлай білетін және аса жоғары деңгейдегі азаматтылығы бар жоғары кәсіптік маман кадрларды дайындауды қамтамасыз етуге бағытталған. Отандық білім беру жүйесін реформалаудың жаңа кезеңін анықтайтын бұл міндеттерді шешу қазіргі білім беру мен ақпараттық технологияларға, оқыту және жастарды тәрбиелеу стандарттарына, оларды жаңа нарықтық жағдайға еңбек етуге дайындауға сүйенуі тиіс.
Білім берудің ұлттық моделі жалпы білім беру бағдарламалары негізінде оның жетістіктері мен үздіксіздігімен білім берудің төрт деңгейін қамтиды:

  • мектепке дейінгі тәрбиелеу жэне оқыту;

  • орта білім беру;

  • жоғары кәсіптік білім беру;

  • жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру.

Ұлттық білім берудің жаңа моделіне сәйкес орта білім: жалпы орта, бастауыш кәсіптік және орта кәсіптік білім беруді қамтиды. Жалпы білім беретін орта үш баспалдақтан түрады: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі (5-9 сыныптар) және аға (10-11 сыныптар). 9 сыныпты бітіргеннен кейін яғни, негізгі білім алғаннан кейін оқушылар өзінің оқуын не жалпы білім беретін мектепте, не кәсіптік мектепте немесе колледжде жалғастыруына болады.
Бұл модель 1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған білім берудің халықаралық классификациясына сәйкес келеді.
Сондай-ақ, занда білім берудің сапасын мемлекеттік бақылаудың түрлері мен мақсаты, мемлекеттік стандарттың орындалуы анықталған, мемлекеттік тапсырысты білім беру гранты немесе несие түрінде кәсіптік білім алуға енгізу жүйесінің заңдық негізі құрылған.
Сонымен қатар, «Білім туралы» жаңа заңға оның басым міндеттері ретінде еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау жэне біліктілігін арттыру жатқызылған.
Республикада 162 жоғары оқу орнын, 246 колледж, 303 кәсіптік мектептер, 15 000 оку өндірістік комбинаттары, оқу орталықтары мен әртүрлі курстарды қамтитын кәсіптік білім беруді ұйымдастырудың кеңейтілген желісі бар.
Орта білім беру елдегі тұтастай үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі буыны қызметін атқарады. Сондықтан орта білім беру жүйесінің мақсаты алынған білім негізінде еркін бағдарлай алатын, өзін жүзеге асыра алатын және жылдам өзгеретін қазіргі өмірлік жағдайда өз бетімен дұрыс шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру болуы тиіс. Бұдан білім, іскерлік пен дағды осы мақсатқа жетудің құралы болуы қажет. Бүл мақсатқа жетудің құралы демократиялық өзара әрекеттесу принципі мен педагогиканың бірлескен қызметі негізінде құрылған жеке тұлғаға бағдарланган білім беру жүйесі болып табылады.
Қазақстандағы оқушылардың қызығушылығы мен қабілетін ескеретін педагогикалық тұжырымдаманы жүзеге асыруға жасалған тактикалық қадамдары 2002 жылы қабылданған жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын енгізу жағдайында жүзеге асырылады. Мемлекеттік стандарттардың жүзеге асырылуы туралы 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Ата Заңының 30-бабында бекітілген: «Мемлекет жалпыға міндетті білім беру стандаргын тағайындайды. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандартқа сәйкес келуі тиіс». Қазақстан Республикасыныц «Білім туралы» заңының 6-бабында білім берудің әрбір деңгейіне қойылатын жалпы талаптар:

  • білім мазмұнына;

  • оқушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне;

  • білім беру сапасын мемлекеттік бақылаудың ережелері мен процедураларына;

  • оқушылардың дайындық деңгейіне;

  • оқушылардың белгілі бір білім беру бағдарламаларын меңгергенін растайтын құжаттар жиынтығын анықтайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын тағайындауды заңды түрде реттейді.

Орта білім берудің мазмұнын жаңартудың негізгі идеялары мен принциптері, сондай -ақ, барлық көзқарастар жүйесі ҚР – ғы жалпы білім беретін мектептің мемлекеттік базистік оқу жоспарынан көрініс табады.
Жалпыға міндетті стандарттар ҚР-ның азаматтарының әлемдік білім беру кеңістігінің талаптарына сәйкес толыққанды орта білім алу конституциялық құқығына кепілдік беру үшін енгізіледі.
Мемлекетгік тапсырысқа негізделген жоғары кәсіптік білім берудегі мамандар дайындау мәселесі негізгі есепте болды. 2000-жылдан бастап жоғары оқу орындарында студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа моделі жүзеге аса бастады. Жаңа модель жоғары білім беру жүйесінде бәсекелес ортаны құрды, ұзақ мерзімді жоспарда ол сапалық көрсеткіштерден байқалатыны күдік келтірмеді.
Қазақстандағы білім беруді реформалаудың негізгі тәсілдерінің бірі «Білім туралы» заңға сәйкес, білім беруді басқару болып табылады. Қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында білім беру жүйесін басқару ашықтықтың және оның субъектілерінің өз бетінділігінің дамуына бағытталуы тиіс. Т.С.Садықов және т.б. жұмыстарында орта білім беруді басқару талданған және ол жүйелік тәсілге негізделуі тиіс деп көрсетілген. Жүйелік тәсіл барлық жүйе оған кіретін ішкі жүйелермен тұтастай өзара әрекеттесуде болатын жағдай қарастырылады. Ол:

  • оқушылардың оқу үлгерімінің деңгейін, оқытушылардың педагогикалық іс - әрекетінің деңгейін бақылау;

  • қаржыландыруды қамтамасыз етуді басқару;

  • ғылыми педагогикалық кадрлардың және оқушылардың кәсіптік дайындығының деңгейін арттыру;

  • материалдық техникалық қамтамасыз етуді басқару;

  • оқу әдістемелік қамтамасыз етуді басқару;

  • ғылыми зерттелген педагогикалық жұмыстарды енгізу мен эксперимент жүргізу процесін басқаруды қамтуы тиіс.

Сонымен қатар, оқу бітірушілерді даярлау сапасын арттыру үшін республиканың әрбір білім беретін оқу орны бес жылда бір рет білім берудің жалпыға міндетті стандартына сәйкес аудиторлық тексеруден өтуі тиіс екендігі шешім ретінде қабылданған. Сондай-ақ, тәуелсіз сараптау емтихан комиссияларының шешімінің негізінде жоғары буындағы бітіруші сынып оқушылары аттестациядан өтуі жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалаудың бастапқы кезеңі аяқталатынын атап керсету қажет, өйткені оған бара-бар заңдылық негіз «Білім туралы» жаңа заң және ҚР үкіметінің сәйкес қаулылары қабылданды; Білім берудің барлық деңгейіне арналған мемлекеттік стандарттар жасалып, енгізілді; орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы, республиканың жалпы білім беретін орта мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер дайындап шығарудың мақсатты бағдарламасы кезеңдерімен табысты жүзеге асырылды. Білім беру жүйесін дамытудың бастапқы кезеңінің міндеттері білім беру қызметкерлерінің бірінші съезінде анықталды, «Жалпыға білім беру 2000» деп аталатын ұлттық есепте алғашқы қорытындылары жарияланды.
2000 жылы ҚР президентінің жарлығы бойынша «Білім берудің» мемелекеттік багдарламасы бекітілді. Бағдарламаның басты мақсаты білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды ұйымдастыру шарттарымен қамтамсыз ету. Бағдарламада білім берудің үлттық моделінің болашақтағы дамуының бағыттары мен басымдықтары анықталған. Мемлекеттік бағдарламада білім беру жүйесінің даму стратегиясы жасалған. Мүндағы негізгі міндет - «Бәріне арналған білім беруден» «Таңдау бойынша білім беруге» көшуінің, яғни білім берудің даму парадигмасының өзгерісі болып табылады.
Алғаш рет тұтастай үздіксіз білім беру жүйесінің барлық аспектілері кешенді түрде қарастырылады, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудан бастап жоғары оқу орынынан кейінгі кэсіптік білім берумен аяқталатын оның барлық деңгейлері қамтылған.
Мемлекеттік бағдарламада (2000 ж.) көрсетілген мақсаттарға жету және негізгі міндеттерді шешу үшін ресурстық қамтамасыз ету қарастырылған, мұнда басқару, нормативті - құқықтық,қаржы - экономикалық, оқу әдістемелік аспектілері, сондай-ақ, мамандар дайындау мәселесі мен білім беру ұйымдарының желілерін тұрақтандыру қарастырылған. Республикада жалпы орта білім беретін мектептер желісі тұрақтандырылып, дамуда. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының үкіметі, білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, жергілікті атқарушы органдар, білім беруді басқарудың жергілікті органдары жүзеге асыруда.
Одақ ыдырағаннан кейін Қазақстанның білім беру жүйесінің алдында бірқатар мәселелер пайда болды: білім берудің барлық деңгейінде информатиканы оқыту (мектепте, жоғары оқу орнында), информатика мұғалімдерін дайындау, оқу әдістемелік жэне техникалық қамтамасыз ету жағдайы. Қысқа уақыт аралығында заңдылық, нормативті құқықтық актілерді қабылдау нәтижесінде Қазақстан бұл мәселелерді біртіндеп шешуге мүмкіндік алды, бірақ білім берудің алдына қойылған мақсатын жүзеге асыру үшін белгілі бір мақсатты көздейтін, барлық мәселелерді жан-жақты қамтитын білім беруді ақпараттандырудың бағдарламасы қажет болды.
22-қыркүйек 1997 жылғы (№3645) Қазақстан Республикасы Президентінің үкімімен бекітілген ҚР Президентінің Мемлекеттік бағдарламасы білім беруді ақпараттандыру процесінің негізін қалады. Бұл кезеңде демократиялық мемлекет пен нарықтық экономиканың талаптарына жауап беретін орта білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер әтіп жатқан еді, яғни білім берудің моделінің қалыптасуы бұдан білім беру жүйесін тұтастай ақпарттандырудың қажеттілігі пайда болады. Дәл осы кезде білім беруді ақпараттандыру саласындағы мәселелерді реттейтін негізгі нормативті құқықтық актілер қабылданған болатын.
Орта білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік тұжырымдамасы негізінде жасалған орта білім беруді ақпараттандыру бағдарламасында негізгі мәселелерді шешуғе бағытталған мақсаттар мен міндеттер көрсетілген:

  • қоғамның қоғамдық қажеттілігіне бара-бар болатын білім беруді дамытудың жаппы мемлекеттік стратегиясын жасау және жүзеге асыру;

  • отандык білім беру жүйесін бірыңғай әлемдік ақпараттық білім беру кеңістігімен интеграциялау;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет