Г. И. Бейсенова


Информатика оқулықтарына талдау жасау үлгісі



бет12/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   111
5.Информатика оқулықтарына талдау жасау үлгісі

1. Авторы, атауы, баспадан шыққан жылы.


2. Оқулықтың құрылымы және нөмірленуі.
3. Оқулықтың жеке пунктарының мазмұны:
а) оқу материалының «Информатика бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумына» мазмұны мен көлемінің сәйкестігі;
б) автор оқулықта өзіндік бақылауға арналған сұрақтар қойған ба?
4. Оқулық тапсырмалары мен жаттығуларына талдау:
а) теориялық материалдарды бекітуге және өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар мен жаттығулары жеткілікті ме;
б) олардың орындалуы қиындық деңгейінің өсуіне байланысты орналасқан ба;
в) берілген тапсырманың мазмұны білім алушылардың тәрбиелеу мақсатына сәйкес келеді ме;
г) ауызша есептеуге арналған тапсырмалар мен күрделі түрде берілген тапсырмалары бар ма? Білім алушылардың математикалық ойлауын немесе ынтасын дамытуға арналған тапсырмаларға мысал келтріңіз.
д) қызықты және тарихи тапсырмалары кірістірілген бе?
5. Оқулық мәтінін талдау:
а) оқу материалының мазмұны, оның түсіндірілуі, көрнекілігі, қарапайымдылығы және т.с.с. түсінікті тілде берілген бе? Мысал келтіріңіз.
б) дидактика принциптерінің қамтылуы: анықтылығы, жүйелілігі, бірізділігі, көрнекілігі, практикамен байланысы, күрделі мәселелі түрде ұсынылған материалдардың берілуі, ғылыми мәнділігі және нақтылығының арасында тиімді байланыстың сақталғандығы. Мысал келтіріңіз.
в) Білім алушының жасына байланысты түсініктілігі, оқулықты қолданғанда қалыптасқан білім, білік және дағды деңгейлерінің білім алушының жас шамасына, психологиялық ерекшелітеріне сәйкес ескерілуі. Мысал келтіріңіз.
г) Оқулық шрифтерінің безендендірілуі және басылымның сапалылығы эргономикалық талаптарға сәйкес келуі.
6. Оқулықта сызбалар, суреттер, графиктер және т.б. қалай орналасқан? Олардың орналасуының сапасы мен дұрыстығы қандай?
7. Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі ұсынған оқулықтар тізіміне енгізілген бе (және қандай сапада)?
8. Сабақтан тыс жұмыстарды орындайтын материалдары бар ма?
9. Оқулықта информатика курсының пәнаралық байланысы қамтылған ба? Мысал келтіріңіз.
10. Оқулықтың басқа авторлардың оқулықтарынан қандай әдістемелік ерекшеліктері бар?
11. Берілген информатика курсын орындауда қандай программалық-педагогикалық құралдар және программалық қамтамасыз ету ортасы (жүйелік, құрал-саймандар және қолданбалы) қажет?
12. Оқулық туралы өз ойыңыз:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет