Г. И. Бейсенова


Бастауыш мектепке информатиканың пропедевтикалық курсы



бет14/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   111
2.Бастауыш мектепке информатиканың пропедевтикалық курсы.


Оқуды бастау жасы – 6 жас


Оқу мерзімі – 4 жыл (1-4 сыныптар)


Негізгі міндеті – баланың жеке басының қарқынды қалыптасуын қамтамасыз етіп, оның өз бетінше білім алуы және оларды танымдық есептерді шығаруда пайдалану қабілеттері, коммуникативтік іскерліктері дамытылады, оқуға құштарлық, оқу іскерліктері мен мақамдары қалыптастырылады.
Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаты:
• ақпарат қасиеттері жайында алғашқы қалыптасуды көрсету, онымен жұмыс істеу тәсілдері, дербес жағдайда компьютерді пайдалану;
• логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін қалыптастыру және жетілдіру;
• болашақ оқу жүйесінде компьютерді қолдануға дайындау.
«Информациялық процестер», «Информациялық моделдеу», «Информациялық басқару негізі» мағыналы бағыттарын оқуда қажетті икемділік пен дағды, білімнің қалыптасуы негізгі мектепте пәнді оқытудың мағыналы бағыттарына сәйкес, бірақ ол пропедевтикалық деңгейде кірістіріледі.
Информатиканың және информациялық технологияның басты курсын оқытуды ұйымдастыру бастауыш мектеп мұғалімдеріне және информатика мұғалімдеріне жүктеледі.
Мақсаттары мен міндеттерін қарастырғанда басты назар психологтардың тұжырымына, яғни негізгі логикалық ойлау құрылымы 5 пен 11 жас аралығында қалыптасатындығы, осы құрылымның кешіктіріліп қалыптасуы үлкен қиындық ұштасады, дербес жағдайда аяқсыз қалады. Логикалық ойлауды жетілдіру пропедевтикалық курстың басты мақсаты болып саналатынын және осы мақсаттарға жету жолдарын білуді болашақ мұғалімдер түсінуге міндетті. Сол себептен курсты оқыту барысында олар таңдау бойынша логикалық ойлауды қалыптастыруды жетілдіретін программалық ортамен «ЛогоМиры», «Роботландия» танысады және осы ортада оқушыларға жұмыс істейтін тапсырмаларды құрастыруды үйретеді.
Студенттер информатиканы оқытудың даралық тәсілдерін, яғни компьютерде жұмыс істегенде оқу іс әрекетінің жаңа түрін оқушылардың жылдам меңгеруін, оқытудың ойын түрінен әдеттегі аудиториялық сабаққа ұштастыруын, оқу процесіне қатысушылар арасында сенімділікті тудыруды, оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруды, олардың информациялық дамуын меңгеру керек.
Даралап оқытудың принциптерін меңгеруге оқушылардың жеке және жас ерекшеліктеріне, олардың оқу қабілеттігіне қарай кесте құру тапсырмалары оқыту әдістерінің сәйкестігіне мүмкіндік туғызады. Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың әдістері мен жолдарының сәйкестік кестесінің үзіндісін қарастырайық (1-кесте).
Кесте 1- Бастауыш сынып оқушыларыны ерекшеліктеріне қарай оқыту картасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет