Г. И. Бейсенова


Бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктері



бет15/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   111
Бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктері

Оқытудың әдістері мен жолдары

Интелектуалды дамуы.
Нақты операция кезеңі (7-11 жас) – логикалық ой түйіндеуге қабілетті

Теориялық және практикалық материалдар алаңдатпайтын, нақты мысалдарға жүгінуі тиіс. Балаларды формалды түрде берілген тапсырмаларды орындатуға әкелу логикалық ойлауын біртіндеп дамытады.

Психикалық функциясын дамыту.
Ойлау қабілеті – басым функция.



Оқытудың бірінші екі жылында көрнекі үлгідегі жұмыс бойынша тапсырмалар, келесі сыныптарда мұндай тапсырмалар көлемі қысқартылыды, сөзді- логикалық ойлау қабілетін дамытатын тапсырмалар басымдық алады.
Оқушыларға теориялық ойлау қабілетін дамыту үшін есептерді шешу олардың сыртқы белгісі бойынша емес, байланыс обьектісі мен көрнекілік белгісі, оның ішкі маңызды қатнасы және қасиеттері бойынша тапсырмалар беріледі.

Пропедевтикалық курстың ұғыну кезеңінде информатиканы оқыту үшін сұхбат, әңгіме, түсіндіру, ойын, мультимедиялық оқыту бағдарламаларын; меңгеру және жаңғырту кезеңінде – басылым негізінде дәптерлермен жұмыс, тренажерлар, жаттығулар, медетті (тіректі) конспектілер, ойындар; творчествалық өрнек кезеңінде – проектілер, ойындар қолдану.


Әр сабақтың конспектісін құру барысында оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп жоспарлау қажет.
Курс бойынша оқып болған соң студент негізгі білімдік, икемділік пен дағдыны меңгеруге міндетті.
Оқушылар білу керек:
• информатикаға оқытудың бастапқы сатысында мақсаттары мен міндеттерін, басқа пәндер арасында информатика мен информациялық технологиялар курсының орнын;
• бастауыш мектепте информатиканы оқытуды ұйымдастырудың мүмкін түрлері;
• информатиканың бастауыш курсының негізгі мағналы бағыттары және олардың өркендеу тенденциясы;
• бастауыш мектепте информатиканы оқыту құралдары;
• бастауыш оқушыларының жас шамалық психолого–педагогикалық ерекшеліктері және оларға сәйкес информатиканы оқытудың әдістері мен түрлері;
• бастауыш мектепте информатиканы жекеше оқыту;
• «Информациялық моделдеу» бағытын зерттеудің ғылыми - әдістемелік негізі;
• «Информациялық про­цестер» бағытын зерттеудің ғылыми - әдістемелік негізі;
• «Информациялық басқару негізі» бағытын зерттеудің ғылыми - әдістемелік негізі.
Оқушылар істей алу керек:
• информатиканың бастауыш курсының тақырыптары мен бөлімдері үшін тематикалық жоспарын және сабақтың конспектісін құрастыру;
• сабақтарға демонстрациялық электрондық дидактикалық материалдар әзірлеу, сабақтарды моделдеу және талдау;
• бақылау-бағалау іс әрекетінің оңтайлы орындаудың әдістері мен түрлерін анықтау;
• жаңа информациялық технологияның құралдарын «мұғалім-оқушы» жүйесінде кері байланысты ұйымдастыру үшін қолдану процессін жоспарлау;
• оқу процессінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алуды жоспарлау.
Бастауыш мектептегі информатика курсы – дамушы, әлемдік көзқарастағы, технологиялық сипаттағы мәселелерді шешеді.
Төменгі сынып оқушылары үшін информатика курсы ерекшеқұралдық негізімен ерекшеленеді. Осы жастағы топтардағы оқудың қалыптасқан элементтерінен басқа (оқулықтар, жұмыс дәптерлері, сабақ кезіндегі қызықты сұрақтар, тапсырмалар, дене шынықтыру сабақтары, санамақ, тақпақ оқу, әңгемелесу, логикалық есептер және т.б.) перне тақтасы мен «тышқан» манипуляторын пайданалатын және компьютері мен әртүрлі ойлау қабілетін дамытатын және бақылайтын бағдарламалары бар компьютерлік ойындар кіреді.
Бастауыш мектептің оқу процессінде информатиканы тиімді оқыту үшін, мектепке дейінгі жас пен 1 сыныпта оқыған уақытты қамтитын дайындық курсы қажет. Сонымен қатар программалық қамту мен дидактикалық материалдарды таңдауда сабақ оқытудың арнайы әдістемесі талап етіледі.
Информатика пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптарда оқытудың тәжірибиесі көрсеткендей, оқушылардың оның құралдық базасын (негізін) табысты игеруі үшін, орыс алфавитінің әріптері мен тыныс белгілерін, жиырма шақты санды, алу мен қосудың арифметикалық амалдарын, табиғат құбылыстарын, салыстыруларды, мамандықтар мен кәсіптік құралдарды, балаларға арналған тақпақтарды білуге, танымал балалар әдебиетіндегі жақсы таныс кейіпкерлерді, геометриялық фигураларды құрастырудың негізгі әдістерін игеру мен заттың кеңістіктегі орналасу орнын анықтау, қоғамдық орындарда өзін ұстауы және үлкендер мен құрдастарының арасында қарым-қатынас жасауы, сонымен бірге оқи білуі, жасына байланысты белгілі бір сөздерді дұрыс жазуы, тапсырманы кітаптан көшіріп жазу мен айтып тұрғанды жаза білуі керек. Біздің ойымызша, оқушыларды оқытудың біз ұсынып отырған деңгейі, информатиканың пропедевтикалық курсын оқытудағы ең тиімді жолы болмақ. Бірінші оқу жылында математика, орыс тілі, ана тілі, сурет пен еңбек сабағын оқыту арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады.
Балалар мектептің алғашқы күнінен бастап оқулықтардан, сабақтан тыс оқудан, альбомдардан, аудио және видеожазбалардан әр түрлі ақпараттар алады, әр түрлі оқу кездерінен керекті білім алып, оларды талдап, қорытынды жасай алады. Яғни, болашақ «Информатика» пәнінің әрбір элементтері бірінші сынып оқушыларының оқитын пәндерінің бәрінде кездесетініне көзіміз жетеді.
Әр түрлі пәндерді оқытқанда, материалдарды қайталағанда компьютердің демонстрациялық мүмкіндектерін пайдалана отырып (электрондық POWER POINT-ті презентациялағанда, білім сайттарына қатысқанда), оқушыларды 1 сыныптан бастап жаңа ақпараттың технологияларға үйрету керек. Бұл үшін сыныпта, компьютер проекторы, көрсететін экраны бар бір комплект жеткілікті. Компьютерлік технологияны пайдаланып өткізілген сабақ, оқу процесін жандандыра түседі (бұның ерекшелігі, егер төменгі сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескерсек, яғни көзбен көріп ойлағанның абстрактілі-логикалық ойлаудан жоғары болуы), сонымен бірге оқушының қызығушылығын арттырады, компьютерге қызығушылық туғызады, оны басқаруды үйренуге талаптанады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет