Г. И. Бейсенова


Мектеп информатикасының базалық курсы



бет16/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   111
3.Мектеп информатикасының базалық курсы.

Оқу мерзімі - 5 жыл (5-9 сыныптар)




Негізгі міндеті – адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.Бейіналды оқыту енгізіледі.
Негізгі мектепте информатиканы оқытуда берілетін білім мазмұнының құрылымы төмендегідей:
1) Ақпараттық үрдістер, ақпараттың ұсынылуы:
▪ адам өмірінде, тірі табиғатта, техникада ақпаратты пайдалану, тарату, түрлендіру және сақтау;
▪ ақпараттың сандық өлшемі, ақпараттың өлшем бірліктері;
▪ тіл ақпаратты ұсыну тәсілі ретінде, ақпараттың екілік түрде ұсынылуы және оның ерекшеліктері мен артықшылықтары;
▪ компьютердегі бұйрықтарды және мәліметтердің берілу принциптері.
2) Алгоритмдеу және бағдарламалау:
▪ алгоритмдер, алгоритмдердің қасиеттері, алгоритмдерді атқару арқылы адам қызметін автоматтандырудың мүмкіндіктері;
▪ шама: атауы және мәні, шамалардың типі, мәліметтердің негізгі құрылымы;
▪ алгоритмдердің негізгі құрылымы және оны алгоритм құру үшін пайдалану, алгоритмдер кітапханасы;
▪ мектептік алгоритмдік тіл (немесе бағдарламалау тілі).
▪ компьютерде есеп шығару кезеңдері: есептің қойылысы, модель құру, алгоритм жазу және атқару, нәтижелерді талдау;
3) Компьютер және оны бағдарламалық қамтамасыз ету:
▪ ЭЕМ жұмысын басқаруды ұйымдастыру, компьютердің негізгі құрылымының жалпы жұмыс істеу принципі;
▪ ЭЕМ-де бағдарламаның автоматты түрде атқарылу принципі;
▪ ЭЕМ- ді бағдарламалық қамтамасыз етудің түрлері (базалық бағдарламалық қамтамасыз ету, трансляторлар, бағдарламалау тілдері, саймандары, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету).
4) Формальдау және модельдеу негіздері:
▪ формальдаудың негізгі принциптері;
▪ компьютерлік модель құру және оны пайдалану.
5) Ақпараттық технологиялар:
▪ мәтіндік, графикалық редакторларды пайдалану, мәліметтер қоры, электрондық кестелер;
▪ телекомуникациялар, әртүрлі типтегі телекомуникациялық желілер (жергілікті, аймақтық, аумақты), оның қызметтері және мүмкіндіктері, электрондық телекоммуникациялар;
▪ мультимедиа технологиялары.
6) Әлеуметтік информатика:
▪ Ақпараттық ресурстар қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының негізі ретінде;
▪ ақпараттық технологияның қоғамдағы рөлі;
▪ әлеуметтік ақпараттық технологияның (АТ) ерекшеліктері мен түрлері;
▪ ақпарараттық қаупсіздіктің өзекті мәселелері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет