Г. И. Бейсенова


Жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыттарға арналған информатиканың кәсіби курстары



бет17/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   111
4.Жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыттарға арналған информатиканың кәсіби курстары.

Оқыту ұзақтығы – 2 жыл (10-11сыныптар)


Негізгі міндет – бейінді оқыту
Бейінді оқыту – жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сәйкес әлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау.

10-11 сыныптарда «Информатика» пәнін оқытудың мазмұндық желісі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық бағыттар бойынша қарастырылған.


Қоғамдық –гуманитарлық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негізінде қарастырылған: ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, телекоммуникациялық желі, әлеуметтік информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың гуманитарлық қызмет саласында қолданылу мүмкіндіктерімен байланыстырылып қарастырылады.
Жаратылыстыну - математикалық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негізінде қарастырылған: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтік информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың жаратылыстану - математикалық бағыттарда қолданылу мүмкіндіктерімен байланыстырылып қарастырылады. Сонымен қатар, программалау тілдері тереңдетіліп, оқытылады.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мектептің әр түрлі сатысында берілетін оқу мазмұнына сәйкес берілген. «Информатика» оқу пәні бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту үрдісін мамандармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісін оқу- әдістемелік жағынан қамтамасыз ету; материалдық -техникамен базамен қамтамасыз ету.


Бақылау сұрақтары:



  1. Мектептегі информатика пәні тарауларының мазмұны мен құрылымы

  2. Информатиканы оқытуда мұғалімнің рөлі

  3. Бастауыш мектепке информатиканың пропедевтикалық курсы.

  4. Мектеп информатикасының базалық курсы.

  5. Жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыттарға арналған информатиканың кәсіби курстары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет