Г. И. Бейсенова


ЭЕМ архитектурасы ұғымын ашу әдістемесі



бет58/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   111

ЭЕМ архитектурасы ұғымын ашу әдістемесі

Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар


Информатика курсында компьютер құрылымы оның архитектуралық деңгейінде оқытылады. Мектеп информатикасында архитектура – ЭЕМ-ң техникалық жағын толық сипаттамай, оның құрылымын және жұмыс принципінің қарастырылуы деп түсініледі.
Компьютер архитектурасын жақсы білу, программистерге, әсіресе жүйелік программистерге аса қажет. ЭЕМ архитектурасын қарастырудың ең терең деңгейі – процессордың (машиналық бұйрықтар тілі) бұйрықтардың жүйесін, бағдарламалар орындау барысында оның жұмыс ережесін сипаттау.
Қарастырылатын сұрақтар:

    • ЭЕМ-нің негізгі құрылғылары.

    • Бағдарламалық басқару принципі.

    • ЭЕМ жадының формалары.

    • Ішкі жадының ұйымдастырылуы.

    • Сыртқы жадының ұйымдастырылуы.

    • Дербес компьютердің архитектурасы.

    • Дербес компьютердің бейнежүйесі.

Анықтама. Есептуіш машинаның 1 архитектурасы (Computer architecture) – ақпараттың өңделуін жүргізуді айқындайтын, соның
ішінде, ақпаратты деректерге түрлендіру әдістері және техникалық құралдармен бағдарламалық жабдықтардың арасындағы әрекеттесу прициптерін анықтайтын есептеуіш машинаның концепциялы құрылымы [21].
Әдетте, оқулықтарда ЭЕМ-нің маркасына байланыссыз архитектураның жалпы ұғымдары талқыланады. Ал сабақтағы тәжірибелік жұмыстар компьютердің белгілі модельдерінде өткізіледі. Ол жадының көлемі, процессордың разрядтылығы жайында айта отырып, оқушыларға осы параметрлердің нақты қай шамалары мектеп компьютерлерінде барын айта кеткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет