Г. И. Бейсенова



бет57/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   111
Дыбыстың ұсынылуы. Дыбыстың физикалық табиғаты — ауа (немесе басқа бір серпінді орта) арқылы дыбыс толқынымен тарайтын, белгілі жиілік диапазондағы тербелістер. Компьютер жадында дыбыс толқындарының екілік кодтарға түрлену үрдісі:

Аудиоадаптер (дыбыстық тақша) — дыбыс енгізілгенде дыбыс жиілігінің электр тербелістерін екілік кодына түрлендіруге және кері түрлендіру, екілік кодынан электр тербелістеріне дыбысты жаңғыртуға арналған компьютерге қосылатын арнайы құрылғы.
Дыбысты жазу үрдісінде аудиоадаптер электр тоғының амплитудасын белгілі кезеңде өлшейді және алынған шаманың екілік кодын регистрге енгізеді. Содан кейін алынған екілік код регистрден компьютердің жедел жадына жазылады. Компьютерлік дыбыстың сапасы адиоадаптердің сипаттамалары: дискреттеу жиілігімен және разрядтылығымен анықталады.
Дискреттеу жиілігі — ол 1 секундта енген сигналдың өлшенген саны. Жиілік герцпен (Гц) өлшенеді.
Бір секундта бір өлшем 1 Гц жиілікке сәйкес. Бір секундта 1000 өлшем – 1 килогерц (кГц). Аудиоадаптерлердің ерекше дискреттеу жиіліктері: 11 кГц, 22 кГц, 44,1 кГц және т.б.
Регистрдың разрядтылығы — аудиоадаптердің ригистындағы бит саны.
Разрядтылық енген сигналдың өлшеу дәлдігін анықтайды. Разрядтылық неғұрлым көп болса, электр сигналының әр жеке шамасының санға және кері түрленуі соғұрлым дәлірек болады.
Егер разрядтылық 8 (16) тең болса, онда енген сигнал өлшенген кезде 28 = 256 (216 = 65536) әртүрлі мәндер алынуы мүмкін. Әлбетте, 8-разрядтылыққа қарағанда 16-разрядтты аудиоадаптер дыбысты дәлірек кодтайды және жаңғыртады.
Дыбыс файлы — дыбыстық ақпараттың сандық екілік түрінде сақталған файл. Әдетте, дыбыс файлдарындағы ақпаратты қысуға болады.
Мысал. Дискреттеу жиілігі 22,05 кГц және шешушілігі 8 бит, дыбысталу (орысша звучание) уақыты 10 секундты құрайтын, цифрлық дыбыс файлының өлшемін (байтпен) анықтау. Файл қысылмаған.
Шешімі. Цифрлық дыбыс файлының (бір дыбысты) өлшемін (байтпен) есептеу формуласы:
(Гц-пен дискреттеу жиілігі)*(секундпен жазу уақы- ты)*(биттік шешушілігі)/8.
Сонымен, файлдың өлшемі былай есептеледі: 22050 * 10 * 8 / 8 =220500 байт.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет