Г. И. Бейсенова



бет72/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   111
Формализациялау ұғымы.
4.1-суретте модельдеу үрдісінің құрылымы мен ақпараттық модельдердің негізгі типтері ұсыну формасы бойынша бейнеленген. Модельдің түрі оны құру мақсатына байланысты болатынын жоғарыда атап өттік. Егер модельге көрнекілік талабы қойылса, онда, әдетте, графикалық түрі таңдалады.
Мысалы: төңіректің картасы, схема, уақытқа байланысты температураның өзгеру графигі, т.б. бәрі графикалық модельдердің мысалдары. Температураның уақытқа байланысты өзгерісін, сандық кестемен – яғни, кестелік модель немесе математикалық функция – математикалық модель түрінде сипаттауға болады.
Формализациялау нақты объектіні немесе процесті, оның формалды сипаттауымен, яғни ақпараттық моделімен ауыстыру.
Сонымен, ақпараттық модельдерді құру үшін әртүрлі тәсілдер және саймандар қолданылады. Мысалы, вербальді модельді құру үшін табиғи тілдермен суреттер қолданылады.
Вербальды (мәтіндік) модельдер объектілердің немесе қатынастардың шындығын сипаттау үшін формалданған табиғи тілдердің диалектілерінің сөйлемдерінің тізбегін қолданады (мұндай модельдердің мысалы ретінде жол жүру ережелерін, милиция хаттамысын айтуға болады).
Әйтсе де, вербальдік құралдар, күрделі зерттеулер жүргізуге жеткіліксіз. Сондықтан математиктер, физиктер, химиктер баяғыдан объектілердің, құбылыстардың және процестердің математикалық модельдерін жасауда.
Математикалық модельдер – объектінің немесе үрдістің мәнді жақтарын теңдеулермен немесе математикалық басқа құралдарының тілімен бейнелейді. Олар теориялық физика, механика, химия, биология және әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарда зерттеудің дәстүрлі түрі болып қалыптасты.
Математикалық модельдерді сипаттау үшін арнайы – формалды тіл – математикалық ұғымдар, алгебралық формулалар, геометриялық функциялар, т.б. қолданылады. Оқушыларға белгілі химиялық формулалар, нота тілі, тіпті қалта телефонымен мәтіндік хабарды жіберуге қолданылатын смайликтер, бәрі формалды тілдердің мысалдары. Баяндалған мысалдардың бәрі «формализациялау» ұғымын айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет