Г. И. Бейсенова



бет103/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   111
Әкімшілік

Ұжымның типі

Географиялық

Ел

com, biz

Коммерциялық

са

Канада

edu

Білімдік

de

Германия

net

Коммуникациалық

jp

Япония

org, pro

Коммерциялық емес

ru

Ресей

name

Дербес

it

Италия

museum

Мұражай

uk

Ұлыбритания

gov

Үкіметтік

kz

Қазақстан

Мысалы, Microsoft компаниясы жоғарғы деңгейдегі әкімшілік com доменінде – екінші деңгейлі Microsoft доменін, ал Мәскеулік ашық білім беру институты – екінші деңгейлі metodist доменін жоғарғы деңгейлі географиялық ru доменінде тіркеген (6.6-сурет).
Интернеттегі сервердің домендік аты (оңнан солға қарай) – жоғарғы деңгейдегі доменнің атынан, екінші деңгейдегі доменнің атынан және компьютердің өз атынан тұрады.
Мысалы, Microsoft компаниясының негізгі серверінің аты – www.microsoft.com, ал институт серверінің аты – iit.metodist.ru.


    1. -сурет. Домендік атау жүйесі

Интернетке қосылған әр компьютердің Интернет-адресі болады, әйтсе де оның домендік аты болмауы да мүмкін. Әдетте, Интернетке телефон желісімен қосылған компьютерлерде болмайды.
Материалды бекіту үшін оқушыларға жауабы қысқа мынадай тапсырмалар беруге болады:

  1. -тапсырма.Компьютердің екілік 32-биттік Интернет-адресін: 00001111 00000111 00000011 00000001 ондық пішінде ұсыну қажет.

  2. -тапсырма. Компьютердің домендік атын жазу керек. Ол жоғарғы деңгейдегі ru доменінде, екінші деңгейлі schools доменінде тіркелген, өзінің аты – www.

Деректерді маршруттау және тасу. Протокол компьютерлік желіде ақпаратты ұсыну, түрлендіру және жіберу стандарты.
Бейнелеп айтқанда, протокол – анықталған желілік тіл. Әртүрлі ғаламдық желілер автономиялы жұмыс жасаған кезде олар
«әртүрлі тілде сөйлесті». Оларды біріктіру үшін жалпы (өзгеше желілік эсперанто) тілін ойлап табу қажет болды. Сондай жалпы желілік тіл болып – ТСР/1Р протоколы қалыптасты. ТСР/1Р термині деректерді жіберудің екі портоколының атынан құралады:

  • TCP (Transmission Control Protocol) – тасу протоколы;

  • IP (Internet Protocol – маршруттау протоколы.

ТСР/1Р протоколының негізінде, желінің сервис негізін құрайтын, Интернеттің басқа қолданбалы протоколдары жүзеге асырылды. Бұл протоколды желінің бағдарламалық және аппараттық құралдары қолдайды. Ол мына тәртіптерді стандарттайды:

    • жіберілетін деректерді пакеттерге (бөліктерге) бөлу;

    • пакеттерді адрестеу және оларды анықталған маршруттары бойынша тағайындалған пунктіне жеткізу;

    • пакеттерді деректердің бастапқы түріне келтіріп жинау.

Бұл ретте пакетті қабылдау-жіберу дұрыстығы, қажетті орында жіберілген барлық пакеттердің жиналу дұрыстығы тексеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет