Ғаламдықжелілердің(ҒЖ)құрылымыжәнеқызметі. Ғаламдық компьютерлік желілер алыста үлкен қашықтықта (аймақ, ел, дүниежүзі масшабында) орналасқан ЭЕМ өзара біріктіреді. Егер жергілікті желіні оқушылар өз көздерімен көре алатын болса, ал ғаламдық желілермен таныстыру көбінесе сипаттамалық түрде жүретін болады.
Мұнда тағы да көмекке ұқсастықәдісікеледі. Ғаламдық желінің құрылу жүйесін телефондық байланыс жүйесі – телефондықжеліменсалыстыруға болады. Абоненттердің телефондары коммутаторлар түйіндері арқылы байланысады. Өз кезегінде барлық қалалық коммутаторлар өзара байланысқан, сондықтан кез келген екі абонент арасында байланыс орнатылады. Барлық жүйе қаланың телефондық желісін құрайды. Қалалық (аймақтық) желілер өзара қалааралық тораптар бойынша байланысады. Басқа елдердің телефондық желілеріне шығу халықаралық байланыс торабы бойынша жүзеге асады. Сөйтіп, барлық дүниежүзі телефондық желілермен «шырмалған». Осы желіге қосылған екі абонент, дүниенің кез келген бөлігінен бірімен-бірі байланыса алады.
Осы туралы баяндаған соң оқушыларға абоненттерде телефонның орнында дербес компьютерлер орнатылғанын елестетуді ұсыныңыз. Коммутаторлардың орнында – қуаттыкомпьютерліктораптаржәне осындай желіде әртүрлі ақпарат – мәтіндіктен бастап бейне және дыбысқа дейін айналып жүреді. Міне, қазіргі дүниежүзілік ғаламдық компьютерлік жүйе осы болады.
ARPANET деп аталған алғашқы ғаламдық компьютерлік желі АҚШ-та 1969 жылы жұмыс жасай бастады, ол алыстатылғантек 4 компьютерді ғана біріктірді. 1981 жылы Нью-Йорк университетімен Йель университін біріктірген BITNET желісінің негізі жасалды. BITNET – аралықжинақтаушыэлектрондықкоммуникацияларжелісіболып табылады. BITNET АҚШ–та 560 астам мекеменің (зерттеу орталықтарын, университеттерді, колледждерді, мектептерді қосқанда) компьютерлерін байланыстырды.
Қазіргі таңда BITNET желісі Европа, Азия және Америка құрылықтарының 52 елінінің 1500 астам мекемесін біріктіреді. BITNET ғылыми зерттеулерді және білім алуды қолдау үшін электрондық ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, көптеген шлюздар BITNET-пен Интернет арасында электрондық поштаны жіберіге мүмкіндік береді.
1990 жылы жасалған Ресейдің орасан зор желісі RELCOM болып табылды. RELCOM европалық желі EUNET-тің құрамына енді, өз кезегінде EUNET – әлемдік алыпбірлестігіINTERNET-ң қатысушысы болып табылады. Мұндай иерархиялық құрылымдау ғаламдық желілерді ұйымдастыру үшін тән нәрсе.
6.4-суретте ғаламдық желінің өзіне тән архитектурасы ұсынылған. Желі – торапты хост-компьютерлерден(У1, У2,...), желі абоненттерінің ДК-нен (A11, ,A12, ...) байланыс жолдарынан тұрады. Әдетте, желінің торабында бір емес, көптеген компьютерлер болады. Әр алуан желілік қызмет көрсетуде серверлік қызметті әртүрлі компьютерлер атқаруы мүмкін.
-сурет. Ғаламдықжелігетәнархитектура
Хост-компьютерлер– үнемі ақпаратты қабылдауға/жіберуге дайын, әрқашанда қосылып тұрады. Ондай жағдайды, олар – on-lineрежіміндежұмыс жасап тұр дейді. Абоненттердің компьютерлері желімен байланысқа тек белгіленген уақытта – байланыссеансындашығады. Қажет ақпаратты қабылдапжібергенсоң, абонент желіден ажыратылып, одан әрі алынған ақпаратпен дербес (автономиялы) – off-lineрежімінде жұмыс жасайды.
Ақпаратты жіберу маршруты, әдетте, пайдаланушыға белгісіз. Ол тек ақпараттың қосылу торабынан өтіп, қажетті пунктіне жеткеніне сенімді болуы керек. Жіберілетін деректерді маршруттауменжелінің жүйелікқұралдарыайналысады. Бір корреспондентпен, байланыстың әр сеансында, ақпарат әртүрлі маршрутпен жүруі мүмкін.
Шлюз– берілген желіні басқа ғаламдық желілермен байланысты үйымдастыратын компьютер.