Г. И. Бейсенова



бет102/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   111
Internet деген не? Әдебиетте бұл сұраққа жауаптың әртүрлі нұсқаларын кезіктіруге болады. Бәрінен жиі алынатын жауап ол:
Internet бүкіл дүниежүзін қамтыған, көп желілердің жиынтығынан тұратын бірыңғай ТСР/1Р (Transmission Control Protocol/Internet Protocol) протоколын қолдайтын алып желі.
Тағы бір анықтамасы мынадай: Интернет жергілікті, аймақтық және корпоративтік желілер өзара, өткізу мүмкіндігі жоғары, есепсіз ақпаратты жіберу арналарымен қосылған ғаламдық компьютерлік желі. Сондықтан Интернетті желілердің желісі дейді.
Көптеген ақпаратты қорғауға мүдделі ұжымдар (мысалы, әскери, банктер және т.б.), рұқсатсыз кіруден қорғау үшін, өздерінің жеке корпоративтік желілерін жасайды. Корпоративтік желілер, әр елдерде және қалаларда орналасқан, мыңдаған және он мыңдаған компьютерді біріктіруі мүмкін.
Біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру қажеттілігі

  • жергілікті, аймақтық және корпоративтік желілерді ғаламдық компьютерлік Интернет желісіне бірігуіне келтірді.

Ғаламдық желінің жұмыс жасау сенімділігі, жергілікті, аймақтық және корпоративтік желілер арасындағы өткізу мүмкіндігі жоғары, есепсіз ақпаратты жіберу арналары қамтамасыз етеді.




    1. -сурет. Интернеттің ғаламдық желісіне біріктірілген аймақтық компьютерлік желілер.

Мысалы, ресейлік аймақтық компьютерлік желі Рунет (RU) көптеген ақпаратты жіберу арналары арқылы солтүстік американдық (US), еуропалық (EU), жапондық (JP) аймақтық желілерімен қосылады (6.5-сурет).
Интернетте адрес беру. Ақпаратпен алмасу үрдісінде, Интернетте компьютерлер бірін-бірі табу үшін Интернет-адресті қолдануға негізделген адрестеудің бірыңғай жүйесі қалыптасқан.
IP-адрестер деп аталатын ол жүйе Интернеттің негізі болып табылады. Интернетке қосылған әрбір компьютер өзінің бірегей екілік 32-биттік Интернет-адресін алады.
IP-адрес нүктемен бөлінген, төрт бүтін ондық сандардың тізбегі. Мысалы: 213.171.37.202. Интернет желілердің желісі болғандықтан, бірінші сан құрамында компьютер кірген желіні анықтайды, мына сандар осы желідегі сол компьютердің координаталарын дәлдейді.
Хартли формуласы1 бойынша, 32-биттік Интернет-адрестердің жалпы N санын есептеуге болады.
Шешімі: Интернет-адрестегі ақпараттың саны I = 32 бит, сонда N әртүрлі Интернет-адрестердің жалпы саны:
N = 2I = 232 = 4 294 967 296 болады.
Қорытынды: Ұзындығы 32 биттік Интернет-адрес, Интернетке 4 миллиардтан астам компьютерлерді қосуға мүмкіндік береді екен.
Домендік атау жүйесі. Адамға сандық адресті ойда сақтау оңай емес, сондықтан Интернеттің пайдаланушыларына ыңғайлы болу үшін домендік атау жүйесі енгізілді. Бұл жүйеде компьютердің сандық Интернет-адресіне сәйкес бірегей домендік атау қойылады. Арнайы серверлік бағдарламаның көмегімен сандық және домендік адрестер арасында байланыс орнатылады.
Домен нүктемен бөлінген символдық аттар. Домендік атау жүйесі иерархиялық құрылымды болады: жоғарғы деңгейдегі домендер – екінші деңгейдегі домендер – үшінші деңгейдегі домендер.
Жоғарғы деңгейдегі домендер екі типті болады: географиялық және әкімшілік. Дүниежүзінің әр еліне екі әріпті кодпен белгіленген өзінің географиялық домені бөлінеді. Мысалы: ru — Ресей, uk — Ұлыбритания, fr — Франция, kz – Қазақстан. Әдетте, ол сол компьютер тұрған елді анықтайды (сөйтіп, компьютер ұлттық желінің элементі болып табылады). Мысалы, www.psu.ru.
Әкімшілік домендер – үш немесе одан артық әріптермен белгіленеді. Әр типті ұжымдар, оны өздерінің екінші деңгейдегі домендерін тіркеу үшін қолданады (6.3-кесте).
6.3-кесте. Жоғарғы деңгейдегі домендердің кейбір атаулары






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет