Г. И. Бейсенова



бет107/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111
Байланыс желілері. Желідегі компьютерлер арасындағы байланыс желілерінің негізгі типтері: телефон сымдары, электр және оптоталшықты кабельдері және радиобайланыс.
Байланыс желілерінің негізгі параметрлері – өткізу мүмкіндігі (ақпаратты берудің барынша көп жылдамдығы), кедергіге қарсы тұру тұрақтылығы (орысш. – помехоустойчивость) және бағасы. Бағасы бойынша, ең қыматы оптоталшықты, ең арзаны телефон сымдары болып табылады. 6.4-кестеде жылдамдығы және кедергіге қарсы тұру тұрақтылығы параметрлері бойынша желілердің салыстырмалы сипаттамалары берілген.


6.4-кесте. Байланыс желілерінің сипаттамасы



Байланыс типі

Жылдамдық
(Мбит/с)

Кедергіге қарсы
тұрақтылығы

Айналмалы қос сым

10-100

Төмен

Коаксиальді кабель

10 дейін

Жоғары

Телефон желісі

1-2

Төмен

Оптоталшықты кабель

10-200

Абсолютті

Оптоталшықты байланыс желілері жергілікті желілерді қосу үшін бәрінен жиі пайдаланылады. Әйтсе де, кабельді төсеу мүмкін болмай, компьютерлік желілер алыста немесе ыңғайсыз орналасқан жағдайда сымсыз байланыс желілері қолданылады. Егер хабарлағыш және қабылдағыш антенна тура көрінетін шекте болса, онда радиоарналар, әйтпеген жағдайда арнайы антенналарды қолданып, ақпарат алмау спутник арқылы жүреді (6.8-сурет).
Пайдаланушылардың жүздеген миллион компьютерлері, Интернет-провайдерлердің көмегімен коммутацияланған телефон арналары бойынша дамыл-дамыл Интернетке қосылу мүмкіндігі бар. Интернет-провайдерлердің өздерінің серверлері Интернетке жоғарғы жылдамдықпен қосылады, сондықтан бір шақта жүздеген және мыңдаған пайдаланушыларға телефон арналарына шығуға мүмкіндік бере алады.

6.8-сурет. Ғаламдық компьютерлік Интернет желісіне қосылудың әртүрлі нұсқалары
Ақпаратты байланыс арналары арқылы жіберу үшін оны компьютерде тұрған пішіннен сигналдар түріне түрлендіру қажет. Ондай түрлендірулерді, арнайы құрылғылар – желілік адаптерлер жүзеге асырады.
Пайдаланушының компьютерін телефон арнасы бойынша Интернет-провайдердің серверімен қосу үшін екі компьютерде модемге қосылып тұруы керек. Модемнің қызметі: екілік кодпен берілген компьютерлік ақпаратты телефон сигналына және кері түрлендіру. Модемдер аналогты телефон арнасы бойынша 56 Кбит/с. жылдамдығымен сандық компьютерлік деректерді беруді қамтамасыз етеді.
Қазіргі ADSL-технологиялары дағдылы телефон арнасын Интернетке жоғарғы жылдамдықпен (1 Мбит/с және одан жоғары) қосуға мүмкіндік береді. Бұл ретте телефон нөмірі бос тұрады, сол маңызды. Жәй және ADSL модемдер компьютердің USB-портына және телефон розеткасының ажыратқышына қосылады.
Ықшамды компьютерлерді қолданатындар Интернетке сымсыз Wi-Fi технологиясын қолданып қосыла алады. Вокзалда, әуежайда, оқу мекемелерінде және басқа қоғамдық жерлерде, Интернетке қосылған сымыз байланысқа шығу орындары қойылады. Сымсыз байланыспен жабдықталған ықшамды компьютер, радиусы 100 м. шеңберінде, жылдамдығы 11 Мбит/с. дейін Интернетке шығуға мүмкіндік алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет