Г. И. Бейсенова


WWW байланысты негізгі ұғымдар



бет109/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111

WWW байланысты негізгі ұғымдар:


Веб-бет – (ағылш. – Web page) – өзінің адресі бар, WWW негізгі ақпараттық бірлігі.
Web-сервер – Веб-беттер және олармен жұмыс жасау үшін сәйкес бағдарламалық жасақтама сақталған компьютер.
Webброузер (ағылш. – Web browser) – Веб-беттерді қарауға және оны шығарып алуға мүмкіндік жасайтын клиент-бағдарлама.
Web-сайт – қандайда бір мекеменің немесе тұлғаның меншігіндегі Web-серверде тұрған деректер бөлімі. Бұл бөлімде, оның иесі, өзінің ақпаратын көптеген өзара байланысқан Веб-беттер түрінде орналастырады. Әдетте, сайттың өзінің титулы – басты беті болады, онда гиперсілтемелер арқылы немесе «алға-кері» белгілерімен сайттың беттерінде жылжуға болады.
Танымал браузерлердің қатарына Internet Explorer, Mozilla Firefox, Opera, Safari, Google Chrome жатады. Браузердің негізгі міндеті – ізделіп отырған бетті алу үшін Web-сервермен қатынасып бетті экранға шығару.
Ресурстарға әмбебап сілтегіш. Интернетте ақпаратты сақтау және іздеу үшін – URL Uniform Resource Locator – (ресурстарға әмбебап сілтегіш) – деп аталатын әмбебап адрестеу қолданылады.
URL-адресіне құжатқа қол жеткізу протоколы, құжат тұрған сервердің домендік аты немесе IP-адресі, файлға баратын жол және файлдың өз аты кіреді:

protocol://domain_name/path/file_name


Құжатқа қол жеткізу протоколы ақпаратты беру әдісін анықтайды. Веб-беттерге қол жеткізу үшін: HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) – гипермәтінді беру протоколы қолданылады. Протоколды жазғанда оның атынан соң қос нүкте және тура слэш жазу керек: http://. FTP-серверлеріне тілдесу үшін ftp:// – файлдарды тасымалдау протоколы жазылады.

  1. -мысал. «Ақпарат және ақпараттық технологиялар» Web- сайтының титулды бетінің URL-адресін жазайық. Бет schools.keldysh.ru серверінде, info2000 каталогында, index.htm файлында орналасқан. Демек, ресурстарға әмбебап сілтегіш мына түрді қабылдайды: http://schools.keldysh.ru/info2000/index.htm.

Ол үш бөліктен тұрады:
http:// –– гипермәтінмен жұмыс жасау протоколы. Бұл протоколды кез келген WWW - серверімен тілдескенде пайдануға болады.
schools.keldysh.ru сервердің домендік аты;
/info2000/index.htm – Web-бетте файлға баратын жол және файлдың аты.

  1. -мысал. Қашықтықтан неміс тілін оқу кусын файлының адресі мынадай: http://www.scholar.urc.ac.ru/Teaher/German/main.html. Адрестің құрамын сипаттайық:

http:// – қол жеткізу протоколы (гипермәтінмендік);
www.scholar.urc.ac.ru – сервердің домендік аты; Teaher/German/main.html – файлдың маршруты және аты. Тапсырма: «Ақпарат және ақпараттық технологиялар» Web-сайтының басты бетінің URL-адресін сервердің мына: 194.226.57.46 IP-адресін қолданып жазу керек. Басты default.asp беті iit каталогында орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет