Г. И. Бейсенова



бет108/111
Дата04.11.2022
өлшемі2,71 Mb.
#47479
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111
Internet және World Wide Web ақпараттық қызметтері. Ғаламдық желілерде электрондық поштамен қатар пайдаланушылар үшін басқада қызмет көрсету формалары бар.
Telnet. Бұл қызмет пайдаланушыға компьютерде алыстатылған терминал режімінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді; яғни терминалда қойылған бағдарламаларды өз компьютеріңде тұрған бағдарлама сияқты қолдануға болады.
FTP (File Transfer Protocol) – файлдарды тасымалдау протоколы, яғни кез келген пішімді және көлемді файлдарды қабылдау және жіберу үшін желі бойымен ақпаратты беру технологиясы. FTP – протоколы клиентке басқа серверлерде сақтаулы тұрған, көлемі үлкен ақпаратқа тез қатынасу (сервердің каталогтарын қарап шығу, файлдарды көшіру) мүмкіндігін береді.
Archie. FTP-серверлер жүйесінде іздеуші бағдарлама рөлін атқаратын – арнайы серверлер. Олар бізге керек файлдарды тез табуға көмектеседі.
Gopher. Дамыған, яғни көп деңгейлі мәзір құралдары, анықтама кітаптары, индекстік сілтемелері бар желіден ақпаратты іздеу және шығару жүйесі.
WAIS. Кітапханалар мен бөлісілген деректер қорында негізделген, желілік ақпаратты-іздеу жүйесі.
Usenet. Телеконференциялар жүйесі. Басқаша аты – жаңалықтар тобы. Белгіленген тақырыптық телеконференцияларға жазылғандарға қызмет көрсетеді, яғни электрондық почта арқылы оларға материалдарды жіберіп отырады.
World Wide Web. Осы ағылшын сөз тіркесінің еркін аудармасы – Дүниежүзілік тор, WWW немесе Web деп жиі белгіленеді. Бұл- Интернеттің гипермәтіндік ақпараттық жүйесі. Интернет желілерінің қарқындап дамуына, 90-жылдар бойы жаңа WWW технологиясының пайда болуына байланысты.
WWW технологиясы – сілтемелерді жасауға мүмкіндік береді, оны гиперсілтеме деп атайды. Бұл технология, құжаттың ішінде басқа жерге ауысуға, осы компьютердегі басқа құжатқа өтуге, басқа компьютердегі кез келген құжатқа өтуге мүмкіндік береді.
Қазір WWW және оның бағдарламалық жабдықтамасы Интернетте қызмет көрсететін әмбебап құрал болып табылады, өйткені ол пайдаланушыға жоғарыда аталған ресурстарға (FTP, e-mail, WAIS, Gopher және б.) іс жүзінде кіруге мүмкіндік береді.
Гиперсілтеме – бір-бірімен байланысқан сөздер, яғни бір құжаттың ішінен басқа құжатқа сілтеме. Құжаттың мәтінінде асты сызылған түйінді сөз, фраза, белгі, сурет кезіксе, оны «саусақпен» шертіп екінші құжатқа, одан үшінші құжатқа кіріп, қайта қайтуға болады. Өз кезегінде екінші құжаттан үшіншіге, т.с.с. ауысып, одан қайта қайтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет