Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Шошқа солитері (Taenia solium)



Pdf көрінісі
бет114/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   250
Шошқа солитері (Taenia solium) 
немесе қарулы цепені. Сыртқы 
дене пішіні, дене бөлімдері, құрылысы, даму циклі жағынан өгіз 
солитеріне ұқсас. Басында төрт сорғышынан басқа қосымша 
көптеген ілгектері болады, осы белгісіне қарай оларды қарулы деп 
те атайды. Денесі 900-дей буыннан тұрады, ұзындығы 2-3 м, кейде 
6-8 м-ге дейін жетеді. Аналық безі өгіз солитеріндікіндей екі бөлімнен 
емес, үш бөлімнен тұрады. Тұйық бітетін жатын тармақтарының 
саны 7-12. Ересек түрлері адамның ортаңғы ішегінде тіршілік етеді, 
ал цистицерк личинкалары аралық иесі шошқаның ішкі мүшелерінде 
дамиды. Кейде аралық иесі адам да бола алады. Шошқа солитерімен 
ауру адам құсқан кезінде жұмыртқалары қайтадан жұтылып ішектің 
ішіне түседі де, онкосфералары қан жолы арқылы ішкі мүшелерге 
өтіп (бұлшықеттеріне, бауырына, өкпесіне, жүрегіне, миына, көзіне),
178


()\ІЫРТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
68-сурет.
Эхинококк (Echinococcus granulosus): A - ересек формасы;
Б - эхинококк личинкасы; 1 - сколекс, 2 - пісіп жетілмеген буын, 3 - гермафродитті 
буын, 4 - пісіп жетілген буын, 5 - көпіршіктің кутикула қабығы, 6 - герминативті 
кабығы, 7-11 - ішкі жас көпіршіктерінің жетілу сатылары, 12-15 - сыртқы 
көпіршіктерінің жетілу сатылары
орналасып қалады. Бұдан пай да болатын цистицеркоз ауруы адам 
өмірі үшін өте қауіпті. Ересек түрінің жұқтыратын ауруын тениидоз 
деп атайды.
Э хинококк (Echinococcus granulosus). Денесі 3-4 буыннан 
тұрады, ұзындығы 2-6 мм. Басында төрт сорғышы және ұзарған тұм- 
сығында ілмешектері дамыған. Алдыңғы буындары Гермафродитті, 
ал соңғы жетілген буыны ұрықтанған жұмыртқаға толы болып келеді 
(68-сурет). Ересек түрлері иттердің, қасқырлардың ішегінде тіршілік 
етеді, ал эхинококк типті личинкалары аралық иесі: үй қояндары, 
тышқандар, мысық, қой, ешкі, ірі қараның, шошқаның ішкі мүше- 
лерінде, әсіресе бауырында, өкпесінде мекендейді. Адам да аралық 
иесі бола алады. Өте қауіпті кеселге ұшыратады.
Эхинококктың жұмыртқалары иттің қиымен араласып сыртқа 
тарайды, көп жағдайда олардың жүніне жабысып тұрады. Адам итті
179


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
қолымен сипап, қолын жумай тамақ ішсе, жұмыртқалары аспен бірге 
ішке кетеді. Ішекке түскен жұмыртқалардан алты ілмекті онко- 
сфералар дамып, олар қан арқылы ішкі мүшелерге жетіп мекендейді 
(бауырға, өкпеге, жүрекке, миға). Осы мүшелерде эхинококк 
көпіршігі үлкен көлемде өсіп, мүшелерді ісіндіріп қатты зақымдайды. 
Эхинококк көпіршігін тек қана операция арқылы алып тастауға 
болады. Эхинококк көпіршігі өте жай өседі. Бір айдан кейін оның 
диаметрі 1 мм-ге жетеді, 5 айдан кейін - 1 см. Көпіршік жылдар бойы 
өседі (20-30 жыл). Адамға эхинококкоз ауруы өте қауіпті.
Альвеококктың (Alveococcus multilocularis) дене пішіні, дене 
бөлімдері, құрылысы, даму циклі эхинококка өте ұқсас. Түпкі иесі 
түлкі, сонымен қатар ит, қасқыр, басқа да жыртқыштар. Аралық 
иесі 
кемірушілер. Адам да аралық иесі бола алады. Альвеококк 
көпіршігі бір шоқ болып орналасады және көпіршіктер жайылып өсуі 
нәтижесінде бір мүше емес, басқа да мүшелер зақымдалады. Көпір- 
шіктерді тек қана операция арқылы алып тастауға болады. Эхино­
кокка қарағанда, альвекокктар өте қауіпті құрттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет