Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


қ о р т ы қ ( е р г е ж е й л і )



Pdf көрінісі
бет116/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

қ о р т ы қ ( е р г е ж е й л і )
с о л и г е р і ( H y m e n o l e p i s n a n a - н ы ң )
денесі 100-200-дей ұсақ буыннан 
тұрады, үзындығы 1,0-4,5 см. Басқа солитерлерден айырмашылығы 
даму циклі бір ғана иесінің ішінде өтеді адамның ортаңғы ішегінде. 
Ұрықтанған жұмыртқалардан онкосфералар дамып, олар ащы ішек- 
тің өте ұсақ өсінділеріне - бүрлеріне еніп цистицеркоид личинкасына 
айналады. Кейін олар ішек арасына түсіп, сорғыштары арқылы ішекке 
бекініп, ересек түрі жұмыртқаларын бөліп шығарады. Жұмыртқа- 
лардың біразы адамның нәжісімен бірге сыртқа тарайды, ал қалғанда- 
рынан онкосфералар дамып, даму циклі қайталанады (70-сурет). 
Сонымен, адам құрттың негізгі және аралық иесі болып келеді. Химе- 
нолепис ауруымен көбінесе балалар ауырады. Адамның ішегіне соли- 
тердің жұмыртқалары жуылмаған жеміс, көкөніс, су арқылы өтеді.
Т а с п а қ ұ р т т а р о т р я д ы - P s e u d o p h y l lid e a
Бұл отрядтың негізгі ерекшеліктері: басында (сколексте) сорып 
қадалатын екі саңылауы - ботриясы немесе ерекше ұзын қысқыш 
ойығы - ботридиясы немесе тіркелгіш шұңқыры болады; денесі көп 
бунақты; жатыны тұйық болмай, жүмыртқаны сыртқа шығаратын 
тесігі болады; дамуы түпкі (негізгі) иесінен екі аралык иесіне көшу 
арқылы өтеді; личинкалары - процеркоид, плероцеркоид.
Негізгі тұқымдастары; Diphyllobothriidae, өкілі Diphyllobothrium 
latum - жалпак таспа құрт; Ligulidae, өкілі Ligula intestinalis лигула немесе 
белдік құрт.
182


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
71-cypem.
Таспа құрттың (Diphyllobothrium latum) даму циклі: 1 - жұмыртқа,
2 - корацидияның жұмыртқадан шығуы, 3 - корацидий, 4 - бірінші аралық иесі - циклоп 
(қуысында личинка процеркоид), 5 - екінші аралық, иесі - балық (ішкі мүшесінде 
личинка плероцеркоид), 6 - негізгі иесі - адам
Ж алп ақ таспа құрт (Diphyllobothrium latum ). Басында екі 
саңылауы - ботриясы болады, денесі 3000-4000-нан аса буыннан 
тұрады, ұзындығы 9-10 м. Пісіп жетілген буындарының ені 1,5 см, 
жатыны жапырақ тәрізді.
Жалпақ таспа құрттың дамуы иесін алмастыру жолымен өтеді. 
Ересек түрі адамның, иттің, мысықтың, түлкінің ащы ішегінде пара-
183


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
зиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары иесінің ішегінен 
нәжіспен араласып сыртқа шығарылады. Әрі қарай даму үшін 
жүмыртқалар суға түсуі керек. Су ішінде жұмыртқадан денесі кірпік- 
шелермен қапталған алты ілмекті ұрық корацидий шығып, суда еркін 
жүзіп жүреді де, өзінің ары қарай дамуы үшін ол бірінші аралық 
иесінің денесіне түсуі керек (71-сурет). Аралық иесі шаянтәрізділер 
(Cyclops, Diaptomus туыстастарынан). Циклопка жұтылып, ішегіне 
түскен корацидий кірпікшелерін тастап, ішектің қабырғасын тесіп, 
циклоптың дене қуысына түседі және осында процеркоид деп 
аталатын құрттәрізді личинкасына ауысады. Процеркоидтың 
ұзындығы 0,5 мм, денесінің соңында алты ілмешекті тасымалдайтын 
қосымша мүшесі болады, ол моногенея личинкаларының церкомер 
бөліміне үқсас. Процеркоид үш апта уақытта дамып, келесі сатысына 
өту үшін екінші аралық иесіне 
балықтың денесіне түсуі керек. 
Егерде балықтар (шортан, нәлім, алабұға, таутан, албырт) ішінде 
процеркоиды бар циклоптарды жұтса, онда процеркоид балықтың 
ішегін тесіп балықтың бұлшықеттеріне, жыныс бездеріне, басқа да 
мүшелеріне өтіп, осы мүшелерінде церкомер бөлігін тастап, келесі 
плероцеркоид личинкасына айналады. Плероцеркоидтың ұзындығы 
1-1,5 см, алдыңғы бөлігінде екі сорғыш саңылауы жақсы дамыған. 
Плероцеркоид ересек формасына өту үшін енді негізгі (түпкілі) иесі 
адамның, иттің, мысықтың ішегіне түсуі қажет. Толық қуырылмаған 
немесе пісірілмеген балықтың етімен бірге ішекке түскен плеро­
церкоид, басын шығарып, сорғыш саңылаулары арқылы ішекке жабы- 
сып, мойыны жаңа буындарды түзіп, ересек формасына айналады.
Жалпақ таспа құртпен ауыруы 
дифиллоботриоз деп аталады. 
Адам үшін бұл өте қауіпті ауру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет