Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 70-cypem



Pdf көрінісі
бет115/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

180


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
70-cypem.
Hymenolepis nana-ның даму циклі: А - жалпы көрінісі; 1 - сколекс,
2 - мойын, 3 - стробила, 4 - пісіп жетілмеген буын, 5 - гермафродитті буын;
Б - даму циклі (адамның ішегінде); 1 - стробила, 2 - жұмыртқалар, 3 - онкосфера,
4 - цистицеркоид, 5 - цистицеркоид ішек арасында, 6 - цистицеркоидтың ішекке 
жабысуы, 7 - стробиланың түзілуі
Қой мишығы (Multiceps multiceps). 
Денесі 200-250 буындарынан 
тұрады, ұзындығы 40-80 см. Басында төрт сорғышы және екі қатар- 
лы орналасқан ілмешектері болады. Пісіп жетілген буындарындағы 
жатын тармақтарының саны 9-26. Личинкалары ценур типті. Ересек 
түрлері негізгі иесінің иттің, қасқырдың, түлкінің ішегінде тіршілік 
етеді, ал ценур деп аталатын личинкалары аралық иесінің қойдың, 
ешкінің, тағы басқа жұп тұяқтылардың миында дамиды. Адам да 
аралық иесі бола алады.
Шөп арқылы қойдың ішегіне түскен жұмыртқалардан онкосфера
181


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ұрығы дамып, олар қан тамырлары арқылы миға жетіп ценур личин- 
касына айналады. Көпіршікті сатысында көлемі жаңғақтай болады. 
Олар койды айналма ауруына ұшыратады. Қой жүре алмай, орнында 
айнала береді. Бұл ауру жануарларды өлімге соқтырады.
Anoplocephalidae тұқымдасына жататын 
м о н и е з и я - ( M o n i e z i a
e x p a n s a )
солитері ересек түрінде қойлардың, ешкілердің, ірі қара 
малдың ішегінде паразиттік тіршілік етеді, ал цистицеркоид деп ата- 
латын личинкалары аралық иесінде, топырақта тіршілік ететін ұсақ 
кенелер - орибатидалардың (Oribatoidea) денесінде дамиды (69- 
сурет). Шөппен бірге орибатидалар малдың ішегіне түсіп, цисти­
церкоид личинкалары қүйрық тәрізді өсіндісін тастап ересек түріне 
айналады. Құрттың ұзындығы 1-5 м-ге дейін жетеді. Басында тек 
төрт сорғышы болады. Жатыны қапшық тәрізді. Мониезиоз іш ау- 
руын туғызады.
Hymenolepididae түқымдасына жататын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет