ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ыдырап, олардың әрқайсысы қайтадан қалпына келіп, тұтас организм
пайда болады. Осылайша, Lumbriculus variegatus және Enchytraeus
туысының өкілдері көбейеді. Паратомия жағдайында құрттың
денесінде регенерациялық аймағы пайда болады да сегменттер тізіле
бастайды: алдыңғы аймақтан артқы бөлімі, ал артқы аймақтан бас
бөлімі құрылады. Артқы бөлімнің алдыңғысынан бөлінуінің баяулығы
сонша, әрбір жас особь пайда болғалы жаңа бөлінуге дайындала
бастайды. Осылайша Stylaria lacustris, Chaetogaster limnaei, Aeolosoma
және басқаларында 4, 6 немесе одан да коп особьтан тұратын тізбек
пайда болады, кейін эр тізбек жеке особьтарға бөлініп кетеді.
Олигохеттердің регенерациялык қабілеті күшті дамыған, әсіресе
жыныссыз жолымен көбейетіндерде. Мысалы, Lumbriculus туысы-
ның өкілдері 9-13 үзілген сегменттен, тіпті бір сегменттен де қайтадан
жетіліп, тұтас организмге айналады.
Достарыңызбен бөлісу: