ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
З ә р ш ы ғ а р у ж ү й е с і
метанефридиялы. Бір қабатты клеткалары-
мен қапталған нефридиялық түтіктері дененің бүйір жағында мета-
мерлі орналасқан. Бұл түтіктер нефропора (шығарғыш тесіктер) арқы-
лы сыртқа ашылады. Медициналық сүлікте 17 жұп нефридиялары бар.
Сүліктердің нефридияларының негізгі ерекшелігі
нефростома
(кірпікшелі воронка) мен нефридиялық түтігі жалғасқан жерінде
екеуінің де ұшы тұйық бітеліп, нефростомаға жиналған несеп заттар
оның қабырғасы арқылы нефридия түтігіне осмостық жолымен
сіңіріледі де, сыртқа шығарылады. Нефростома кеңейген ұшымен
бүйір жағындағы синустың (целомның қалдығы) ішіне, жіңішке
жағымен тұйықталған резервуарға ашылады.
Целом қалдықтарының қабырғаларында дән тәрізді клеткалар
жинақталған. Оларды “ботриодты тканьдер” деп атайды. Азқылтан-
дылардағы хлорагогенді клеткаларға ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: