Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет175/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   250
Қан айналу жүйесі 
арқа және құрсақ қан тамырларынан тұрады. 
Екеуі де денесінің артқы жағында екі сақиналы қан тамырымен 
жалғасады. Арқа қан тамыры тұмсығына өтіп, одан шығарда құрсақ 
қан тамырына ұласады.
Нерв жүйесі 
нашар дамыған, тек құрсақ нерв бағанасынан және 
жұтқыншақ айнала сақинасынан тұрады. Нерв клеткалары нерв 
бағана бойында шашыраңқы орналасып, нерв түйіндерін түзбейді,
267


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
тіпті жұтқыншақ айнала сақинасы да ганглиозды ұлғаймаған. Теріде 
орналасқан сезім клеткаларынан басқа сезім мүшелері жоқ.
Жыныс жүйесі. 
Гонада біреу, ол денесінің артқы бөлігінде кур- 
сак жағында орналасқан. Bonellia және Hamingia туыстары арасында 
жыныстық диморфизмі байқалады. Аналық Bonellia ірі (10-15 см), 
тұмсығы ұзын. Аталық Bonellia-ны А. О. Ковалевский ашқан. 
Олардың денесі кірпікшелермен қапталған, өте ұсақ (1-3 мм) қара- 
пайым құрылысты құрттар. Аузы, аналь тесігі, аналь қапшығы, қан 
айналу жүйесі жоқ. Ішегі тұйықталған. Сперматозоидтарын тұқым 
қапшығы және кірпікшелі нефридиальды воронка арқылы сыртқа 
шығарады. Аталығының өмірі өте қызық. Олар алғашқыда аналы- 
ғының тұмсығының беткей жағында жылжып, кейін алдыңғы ішегіне 
енеді де, аналығының нефридия түтігіне өтіп, сол жерде аналықта- 
рының жетілген жұмыртқаларын өтуін күтіп ұзақ уақыт жатады. 
Біраз уақыт бойы бұл құрттарды аналықтардың паразиті деп санаған. 
А. О. Ковалевскийдің (1870) зерттеуі бойынша эхиуридттердің ата- 
лығы екені ашылған.
¥рықтанған жұмыртқаларының бөлшектенуі полихеттердей 
спиральды детерминативті жолмен өтіп, трохофора личинкасы пайда 
болады. Личинканың екі мезодермальды жолағы сегменттелмей тез 
өсіп, тұтас целомды құрайды. Трохофора планктонда еркін жүзіп 
жүреді де, метаморфоздан кейін теңіз түбіне орнығады.
Тәжірибеде Bonellia личинкаларының жынысын анықтауға өсу 
ортасының әсері анықталды. Личинкаларды жеке баққанда, олардан 
тек аналықтары қалыптасады, егерде, личинкаларды ересек аналық- 
тарымен бірге бақса, олар аналығының тұмсығына өтіп, метамор- 
фозға ұшырап, аталық түрлеріне айналады. Аталықтарының дамуы
аналықтарының тұмсығынан бөлініп шығарылатын жасыл пигменті 
бар сілекейдің әсері. Сілекейден экстракт жасауға болады, оның 
ерітіндісі личинканың аталық түріне айналуына эсер етеді. Осылай- 
ша, Вопеіііа-ның жынысы метагамды кезенде, яғни жыныс клеткасы 
ұрықтанған соң анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет