ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Тұмсықты сүліктер отряды - Rhynchobdellida
Бұл отрядқа еркін жүзетін және паразиттік тіршілік ететін
сүліктер жатады. Тұмсықтарының болуымен ерекше. Ол ауыздан
уақытша сыртқа шығып қорегіне қадалуға қабілетгі. Branchellion
туысының өкілдерінде желбезектері болады. Негізгі тұқымдастары:
Ichthyobdellidae, Glossiphonidae.
Балық сүліктері - (Ichthyobdellidae) тұқымдасының
өкілдері балық
шаруашылығына көп зиян келтіреді. Бұлар теңіздерде, тұщы суларда
кең тараған. Негізгі өкілдері: балық сүлігі - Piscicola geometra, сүйекті
балықтардың желбезегіне жабысып қанын сорады. Үзындығы 20-50
мм,
алдыңғы сорғышы жақсы дамыған, диск тәрізді, денесінен айқын
бөлініп тұрады (98,Г-сурет). Көл, өзен, тоспа суларда кездеседі.
Pescicola caspica Каспий теңізінде мекендейтін, сүйекті
және бекіре
балықтардың паразиттері, ұзындығы 8 мм шамасында.
Cystobranchys fasicatus
жайынның, C.mammillatus
налимнің
паразиті. Trachelobdella turkestanica Орталық Азияда (Іле өзенін-
де) кең тараған қаяз бен маринканың паразиті.
Жалпақ сүліктер (Glossiphonidae)
тұқымдасының өкілдері әр
түрлі омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың паразиттері.
Protoclepsis туысының өкілдері құстардың жұтқыншағы мен
кеңірдегінде паразиттік тіршілік етеді. Haementeria costata - тасба-
қалардың, Batracobdella algira
қосмекенділердің, Glossiphonia
complanata - ұлулардың паразиттері.
Кейбір сүліктер өз ұрпағының дамуына қамқорлық жасайды.
Жұмыртқаларын денесімен жауып немесе
жас ұрпақтарын денесінде
алып жүреді. Ондай түрлеріне Glossiphonia және Haementeria
туыстары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: