Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


З ә р ш ы ғ а р у ж ү й е с і



Pdf көрінісі
бет177/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   250
Байланысты:
Жануар кітап

З ә р ш ы ғ а р у ж ү й е с і
1-3-ке дейін жететін нефромиксиялар. Олар 
дененің алдыңғы үштен бір бөлігінде кеңейген ұшымен целом қуы- 
сына, жіңішке жағымен сыртқа ашылады. Нефромиксиялар несеп 
заттарын шығарумен қатар негізгі қызметі - жыныс клеткаларын 
шығару.
Т ы н ы с
алу 
ж ү й е с і
дамымаған, бүкіл денесі арқылы тыныс 
алады.
Қ а н а й н а л у ж ү й е с і
лакуналар, синустар және целом қуысы. 
Синус, лакуналар ішектің қабырғасында саңылаулар түрінде 
кездеседі және оның сұйықтығында тек амебоидты клеткалары бола- 
ды. Целом қуысының сүйықтығы қызғылт түсті, ішінде әр түрлі 
клеткалар жүзіп жүреді. Алдымен амебоидты, содан кейін ішіне карай 
қабыстырылған домалақ қызғылт түсті клеткалар. Бұлардың түсі - 
кұрамында темірлі заты бар, гемоглобинге ұқсас гемиэритриннің
269


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
болуына байланысты. Сондықтан бұл клеткаларды омыртқалылардың 
қызыл қан түйіршіктеріне теңестіруге болады.
Целомның құрамында екі клеткадан тұратын денешіктер болады. 
Олардың бір клеткасы мөлдір күмбез тәрізді, екіншісі оған жабыса 
орналасқан шұңғыл тәрелке сияқты, көптеген ұсақ кірпікшелермен 
қапталған. Осы кірпікшелері арқылы олар сұйықтықта шапшаң 
қозғалып жүреді. Кірпікшелі клеткалар целомға жабысқақ затты бөліп 
шығарады, ал оған, бойына зат алмасудың соңғы қалдықтарын жинап 
алған сары түсті дәндер және амебоидты клеткалар жабысып, сары 
дене түрінде нефридия арқылы сыртқа шығарылады.
Денешіктерден басқа целомда 2-ден 
64-ке дейін көпбұрышты 
клеткалардан құралған мөлдір сопақша табақшалар жүзіп жүреді. 
Олар бұласыр (пластырь) сияқты ішектің жарақаттанған жеріне 
барып жабысады. Бұларды амебоцит клеткалары тасымалдайды. 
Ақырында, целомда жетілген жыныс клеткалары да болады.
Нерв жүйесі 
бір жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, екі жұтқыншақ 
айнала коннективадан және құрсақ нерв бағанасынан тұрады. Сезім 
мүшесі тек қана ауыз жанындағы қармалауыштары.
Жыныс жүйесі. 
Сипункулидтер - дара жыныстылар. Жыныс 
бездері перитонеальды эпителиден қалыптасқан білік түрінде 
дамиды. Жыныс клеткалары бастапқы кезеңде жыныс бездерінен 
ажырап, целом қуысыңда жетіліп, сыртқа шығарылып, теңіз суында 
ұрықтанады. Ұрықтанған жұмыртқаларының бөлшектенуі спиральды 
детерминативті жолмен өтіп, трохофора личинкасы пайда болады. 
Личинканың екі мезодермальды жолағы тез өсіп, тұтас целомды 
құрайды. Демек, дамуында ешқандай сегментациясы жоқ. Трохо­
фора планктонда еркін жүзіп жүреді де, теңіз түбіне орнығып, ересек 
формасына айналады.
Сипункулидтер барлық теңіздерде және мүхиттарда кездеседі
тек Балтық және Қара теңіздерде жоқ. Негізгі өкілдері: Phascolosoma 
margaritacea - ұзындығы 19 см, лайлы жерде тіршілік етеді; Sipunculus 
nudus ұзындығы 25 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет