Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Амфиподалар немесе бүйірімен жүзуші шаяндар отряды



Pdf көрінісі
бет207/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   250
Амфиподалар немесе бүйірімен жүзуші шаяндар отряды
Amphipoda
4500-ге жуық түрі бар, басым көпшілігі теңіздерде жағалау ай- 
мақтарда топыраққа көміліп, арнайы қорғаныш түтіктерде және су 
беттерінде (планктонды) еркін жүзіп тіршілік етеді. Біразы тұщы су 
қоймаларында да мекендейді, паразиттік тіршілік ететін түрлері де 
бар. Тайыз суларда бүйірінен жатып жүзе алады (бүйірімен жүзуші- 
лер деген аты да осыдан), ал терендеу суларда денесінің кеуде және 
құрсақ бөлімдеріндегі әр түрлі құрылысты болып келген аяқтарымен 
жүзеді (екінші атауы да осыдан). Үзындығы 1-2 см-ден 28 см-ге дейін
денесі екі бүйірінен қысыңқы. Теңаяқты шаяндардағыдай бұлардың 
да бас құрылысы күрделі, оған акрон және 4 сегменттен басқа кеуде- 
нің 1-2 сегменттері қосылады. Фасетті көздері жақсы дамыған, кара­
паксы жоқ. Кеуде және құрсақ сегменттеріндегі аяқтарының құры- 
лысы әр түрлі. Кейбір кеуде аяқтары ұстағыш ілмекпен қаруланған
110-сурет.
Теңаяқты шаяндар (Jsopoda): А-жылбысқа (Porcellio); 
Б-су есекқүрты (Asellus)
315


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
және бәрінде түп жағында дерлік жапырақ тәрізді желбезек тақта- 
лары болады, бұлар бір-бірімен тығыз жанасып бүйір қабырғасын 
қүрайды. Бұлар нәзік құрылысты желбезектерді қорғау, судың ағыны- 
на белгілі бағыт беру және аналықтарында ұрпақ қапшығы ретінде 
жүмыртқаларына қорғаныш жасау үшін керек.
Құрсақ аяқтары жақсы жетілген, алдыңғы 3 жұбы екі бұтақты
жүзгіш қылтандарымен қапталған және солармен жүзеді, ал артқы 
жұптары артына қарай бағытталып, тельсонмен бірге секіру үшін 
қажет.
Аналықтары жұмыртқаларын кеудесіндегі ұрпақ қапшығына 
салып, одан ересек түрлеріне ұқсас жас ұрпақтарын шығарады.
Көпшілігі жыртқыштар, талғаусыз қоректілері де бар (өсімдік- 
терді де, ұсақ жануарларды да, шіріген заттарды да қорек етеді), ал 
кит биттері (Cyamidae түкымдасынан) екі мықты жұп жағымен киттің 
терісін ойып, терең кіріп терісін мүжиді.
Негізгі туыстары: Gammarus, Anisogammarus. Бүлар теңіздердің 
литоральды (латынша litoralis жағалау, жақын жиек) аймақтарында 
кең тараған. Мысалы, Чукот теңізінің түбінде 1 м.кв. өлшемінде 
40000-ға жуық особьтар мекендейді.
Тұщы суда көп тараған бүйірімен жүзуші бүрге (Gammarus pulex), 
көлді бүрге (G.lacustris) және тұнба бүргесі (Carinogammarus roeseli). 
Бұлар өзендердің тайыз жерінде, көлде және тұма суларда тіршілік 
етеді. Байқал көлінде тек оған ғана тән Amphipoda-лардың 300-ден 
аса түрлері кездеседі.
Бүйірімен жүзушілер балықтардың сүйікті қорегі болғандықтан, 
кейбір түрлері көл мен су қоймаларына ауыстырылып, жерсіндіріл- 
ген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет