Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 111-cypem



Pdf көрінісі
бет209/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   250
317


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
111-cypem.
Онаяқты шаяндар: A - кәдімгі креветка (Crangon crangon); Б - Норвеж 
омары (Nephros norvegicus); В - тақуа шаян (Pagurus setosus) актинияларды арқасына 
қондырған; Г - тақуа шаян (Pagurus setosus); Д - тас крабы (Cancer pagurus)
31 8


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Palinura, орташа құйрықты шаяндар Astacura, жұмсақ құйрықты 
Anomura және қысқа құйрықты 
Brachyura.
¥зын құйрықтылар Palinura тобына ірі (60 см-ден аса), теңіздер- 
де мекендейтін шаяндар 
қысқышсыз шаян немесе лангустар (Ра- 
linurus) туысының өкілдері жатады. Қысқыштары жоқ, антенналары 
және денесі өткір қылтандармен қаруланған. Құрсағы ұзын. Негізгі 
өкілі кәдімгі лангуст (Р elephas).
Astacura тобына омарлар (Homarus) және өзен шаяндары 
(Potamobius, Astacus) жатады. Бұлардың лангустар сияқты құрсағы 
ұзын, аяқтары жүзіп жүруіне жарамайды. Аналықтары жұмырт- 
қаларын құрсақ аяқтарына жабыстырып, ұрпақтары дамып шыққан- 
ша өзімен алып жүреді. Аталықтарында құрсақ аяқтарының 1-2 жұбы 
шағылыс мүшесіне айналған. Кеудесінің алдыңгы жүру аяқтарының 
ұшында үлкен қысқышы бар, ол жемтігін ұстауға, оны жұлуға, 
жауынан қоргануға және денесін тазартуға арналған. Негізгі өкілдері: 
Еуропалық омар (Homarus gammarus) үзындығы 65-см-ге дейін, 
салмағы 11 кг-га дейін. Америка омары (Н. americanus); жалпақ 
саусақты шаян (Astacus astacus) және жіңішке саусақты (A. leptodacty- 
lus). Қазақстан Қызыл кітабына Түркістан шаяны (A. kesslert) 
тіркелген.
Жұмсақ құйрықты шаяндардың құрсақ бөлімі нашар дамыған
ассиметриялы және жұмсақ нәзік болып келеді. Осыган байланысты 
шаяндар нәзік денесін қорғау үшін бауыраяқты моллюскалардың бос 
бақалшагын пайдаланып, оның ішіне құрсағын жасырады да, оны 
тастамай көтеріп жүреді. Бұларға тақуа шаяндар (Paguridae) 
тұқымдасының өкілдері жатады. Мысалы, тақуа шаяндар (Pagurus 
prideauxi, Р. bemhardus) актиниялардың Sagartia туысының өкіл- 
дерімен селбесіп тіршілік етеді. Актиния шаянды жауынан қорғайды, 
қорегін табуына көмектеседі, ал шаян оны бір орыннан екінші орынға 
ауыстырып, қоректік затты аулауына мүмкіндік туғызады.
Жұмсақ құйрықтылар тобындағы шаяндардың кейбір түрлері 
құрлықта да тіршілік етуге бейімделген. Олар Жерүсті тақуа шаяндар 
(Coenobita) туысының өкілдері және қарақшы-краб (Birgus latro), 
камчат-крабы (Paralithodes camtschatica). Жерүсті тақуа шаяндар 
өзінің нәзік құрсағын құрлықтағы бауыраяқты моллюскалардың бос 
бақалшағына салып оны тастамай көтеріп жүреді. Қарақшы - краб 
(Birgus latro) Тынық және Үнді мұхиттарының кейбір аралдарында 
теңізден алшақ жерде аса терең емес індер қазып одан тек түнде 
ғана шыгады. Ол тропикалық өсімдіктердің майлы жемістерімен
319


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
қоректенеді. Жұмыртқадан личинка шығар кезде аналығы теңізге 
көшеді. Личинкалар бірнеше ай планктонды тіршілік етеді де, кейін 
су түбіне шөгіп моллюскалардың бақалшақтарын тауып ішіне кіреді 
де, осындай түрінде олар құрлыққа шығып, біраздан кейін бақал- 
шағын тастап ересек түріне айналады. Камчат крабы (Paralithodes 
camtschatica) кәдімгі крабтарға ұқсас, бірақ та олардың алға карай 
иілген құрсағы жұмсақ, асимметриялы. Моллюскалардың бақал- 
шағын ешқашан пайдаланбайды. Карапаксы жақсы дамыған, 
жүректәрізді, көлемі 26 см-ге дейін жетеді. Кеуде аяғының соңғы 
жұбы қысқарып, карапакстың бүйір қақпағының астына иілген, 
сөйтіп желбезекті тазалау қызметін атқарады. Жапон, Охот, Беринг 
теңіздердің жағалауларыңда кездеседі.
Келте құйрықтылар немесе крабтардың (Brachyura) құрсағы 
келтеленген, сегменттерінің саны азайған, симметриялы құрылысты 
және баскеуде бөлімінің астына иіліп жатады. Мұртшалары қысқа, 
карапаксы жалпақ, дорзо-вентральды бағытта қысыңқы. Кеудесіндегі 
алдыңғы жүру аяқтарының ұшында үлкен қысқышы бар. Бұлар- 
ға теңіз крабтары Carcinus, Caneer, тұщы су крабтары Potamon
Егіосһег және құрлықта тіршілік ететін Uca туыстарының өкілдері 
жатады.
Онаякты шаяндардың практикалық маңызы зор. Олардың көбісі 
бағалы тамақ өнімі ретінде қолданылады. Мысалы, өзен шаяндары 
(Potamobius, Astacus), омарлар (Homarus), лангустар (Palinurus), 
креветкалар (Crangon, Pandalus) және крабтар (Cancer, Callinestes). 
Бұрынғы КСРО-да орасан ірі камчат крабынан (Poralithoides 
camtschatica) консервілік өнімдер даярлайтын крабоконсервілік 
өнеркәсіп күшті дамыған болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет