Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет213/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   250
Зәр шығару мүшесі 
- қос коксальды безінен құралған. Әрбір 
бездің ұзын имек түтікшесінің бір ұшында бір-біріне жалғасқан 
қапшық тәріздес өсінділері болады, олар түрі өзгерген целомодук- 
талар (115-сурет). Зәр шығару тесігі бесінші жүру аяқтың “кокса” 
деп аталатын бірінші бунағының жанында ашылады, сол себептен 
де бұл бездерді коксальды деп атайды.
Тыныс алу мүшесі - желбезектер.
Қан айналу жүйесі. 
Қан айналу жүйесі жақсы дамыған. ¥зын 
түтік тәрізді жүрегі 8 қос остийден тұрады. Жүректің артқы жағы 
тұйық, ал алдыңғы жағынан аорта және оның екі бүйірінен 4 қос 
артерия кетеді. Бұл артериялар бүйір бағанасына бірігеді. Артерия- 
дан шыққан гемолимфа дененің ішкі мүшелерінің арасындағы қуысқа, 
одан соң синусты жүйеге жиналып, сол арқылы жүрек жанындағы 
қуысқа (перикардияға), ақырында остийлері арқылы жүрекке құйы-
325


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
115-cypem .
Семсерқүйрықтылардың ішкі құрылысы: 
А қан айналу жүйесі; Б нерв жүйесі; В - зәр шығару 
жүйесі (коксальды без); Г 
аналық жыныс жүйесі; 

алдыңғы қолқа, 2 
жүрек, 3 
остиялар, 4 
бүйір 
артериясы , 5 
ұзы на бойы артериясы , 6 
ми, 
7 - жүтқыншақ маңындағы сақина-коннектива, 8 - аяқты 
нервтендіретін нервтер, 9 - қүрсақ нерв тізбегі, 10 - бүйір 
нерв бағанасы, 11 
қапшық тәрізді өсінділер, 12 
зәр 
шығару өзегі, 13 - зәр шығару тесік, 14 - тор тәрізді аналық 
без
лады (115-сурет). Семсерқұйрықтылардың гемолимфасының құ- 
рамындағы тыныс алу пигменті-гемоцианин гемолимфаға көкшіл түс 
береді.
Нерв жүйесі 
ми ганглиясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина 
коннективадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған.
Миы мүшеленбеген, бірақ көру орталықтарынан жойылып кеткен 
мұртшаларын немесе антеннулаларын нервтендірген ганглиялардың 
қалдықтары бар. Миға жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасы 
жалғасқан, ол хелицераны, баскеудедегі жүру аяқтарын және 
желбезектерді нервтендіреді.
Құрсақ нерв тізбегінде 6 ганглиялары бар. Ганглияның соңғысы 
біріккен ганглия түйіндерінен құралған. Құрсақ нерв тізбегіндегі 
ганглиялардан шыққан нервтер дененің бүйірінде ұзына бойы жатқан 
нерв бағанасына жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет