Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет217/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   250
Зәр шығару жүйесіне 
Мальпиги түтікшелері және коксальды 
бездері жатады. Мальпиги түтікшелері энтодермальды ортаңғы 
ішектен пайда болып, ортаңғы мен артқы ішектің шекарасында 
орналасып, бір жағы тұйықталып екінші жағымен ас қорыту жолына 
ашылады. Олар жалпақ эпителий қабатымен астарланған, клеткала- 
рында және түтікше қуысында көптеген гуанин дәндері болады. 
Гуанин өрмекшітәрізділердің зәр шығаруының негізгі өнімі, сыртқа 
сұйық түрінде емес, құрғақ кристалл түрінде шығарылады. Бұл 
құрлықта тіршілік етуіне байланысты ішкі ылғалды үнемдеуге бағыт- 
талған. Мальпиги түтікшелері тек ересек түрлерінде болады.
Коксальды бездер мезодерма клеткаларынан пайда болады, олар 
өрмекшітәрізділердің ұрығында және жас кезінде жетіліп, ересек
3 3 2


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
119-cypem.
Өрмекшітәрізділердің зәр шығару (А) және нерв жүйесі (Б):
А - пішенші Garella variegata-ның коксальды безі; 1 - жүргіш аяқтарының негізгі буыны, 
2 - трахея, 3 - зәр шығару тесігі, 4 - зәр шығару өзегі (кесілген жағы, сол жағында 
түгелімен көрсетілген), 5 - стигма, 6 - резервуар; Б - құршаянның (Androctonus) 
нерв жүйесі; 1 - көз, 2 - ми, 3 - коннектива, 4 - жұтқыншақ асты ганглиясы,
5 - құрсақ нерв тізбегі
түрлерінде біршама жоғалады. Коксальды бездер баскеуденің 2-ші 
сегментінде орналасқан, түрі жұп қапшық тәрізді. Эпителилі қап- 
шықтан ілмек тәрізді бұрандалған түтікше шығады да, ол зәрлі 
қуықка айналып, зәр шығару тесігімен аяқталады (119-сурет). Олар 
3-ші немесе 5-ші жұп аяқтарының түбінде сыртқа ашылады. Эпи- 
телилі қапшық целомодуктаның кірпікшелі воронкасына сәйкес бо- 
лып келеді.
Тыныс алу мүшелері 
әр түрлі; не жапырақтәрізді өкпелері, не 
кеңірдектері (трахеялары), не өкпелер мен кеңірдектері кездеседі. 
Өкпе қапшығымен құршаяндар, қылаяқтылар, төменгі сатыдағы 
өрмекшітәрізділер тыныс алады. Құршаянның алдыңғы құрсағының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет