Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет219/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   250
Қан айналу жүйесі 
ашық. Құршаянның жүрегі ұзын түтік тәрізді, 
алдыңғы құрсақ бөлімінде ішектің үстінде орналасқан және оның 
бүйір жағында 7 жұп саңылаулары (остиялары) бар. Басқа өрмекші- 
тәрізділерде жүректің құрылысы біршама қарапайым. Мысалы, өр- 
мекшілерде жүрегі қысқарған, 3-4 жұп остиялары ғана болады, 
пішеншілерде 1-2, кенелерде 1, ал кенелердің көпшілігінде өте ұсақ 
болуына байланысты жүрегі тіпті жойылып кеткен.
Жүректің алдыңғы, артқы (құршаяндарда) немесе тек алдыңғы 
жағынан (өрмекшілерде) қолқа тамырлары шығады. Бұдан басқа 
кейбір түрлерінде жүректің әрбір камерасының бүйірінен жұп арте­
рия тамырлары тарайды да, олардың соңғы тармақтары үзіліп, гемо­
лимфа лакуна, синус жүйесіне құйылады. Синустардан лакуналардан 
жиналған гемолимфа жүрек маңы (перикардия) қуысына, одан кейін 
остиялары арқылы жүрекке құйылады. Өрмекшітәрізділердің 
гемолимфасының құрамында тыныс алу пигменті 
гемоцианин 
болады.
Нерв жүйесінің 
құрылысы буылтық құрттардікіне ұқсас, бірақ 
құрсақ нерв тізбегіндегі ганглиялары бірігіп шоғырланып орналасуға 
бағытталған.
Миы екі бөлімді: алдыңғы - протоцеребрум (көздерін нерв- 
тендіретін) және тритоцеребрум (хелицераларды).
Басқа буынаяқтыларға тән (шаянтәрізділер, көпаяқтылар, насе- 
комдар класы) мидың аралық бөлімі - дейтоцеребрум барлық хели- 
цералыларда жойылған, себебі оларда антенналары жоқ.
Құрсақ нерв ганглияларының тізбегі құршаяндарда сақталған. 
Оларда жұтқыншақ үсті ганглиясы немесе миы және жұтқыншақ 
маңы коннективасы бар, ал жұтқыншақ асты ганглиясы баскеуде 
ганглияларымен бірігіп үлкен түйінге айналған, одан 2-6-шы жұп
335


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
аяқтарына нервтер таралған, ал құрсақ бөлігі бойында 7 ганглиялар 
түйіні құрсақ тізбегін құрайды (119-сурет).
Сольпугаларда күрделі баскеуде ганглиясынан басқа құрсақ нерв 
тізбегінде тағы бір үлкен түйіні болады. Өрмекшілерде бүкіл нерв 
тізбектеріндегі ганглиялары баскеуде ганглиясына бірігіп кеткен 
Пішеншілермен, кенелердің миы мен баскеуде ганглиясынын 
арасында шектелу байқалмайды, сондықтан нерв жүйесі бұларда 
өңештің айналасында тұтас түйінді нерв сақина жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет