Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ 28-cypem



Pdf көрінісі
бет47/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   250
84


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
28-cypem .
Аскон құрылысты губканың дене қабырғасының кесіндісі (I):
1 - пинакоцит клеткасы, 2 - талшықты жағалы (хоаноцит) клеткасы, 3 - жұмыртқа 
клеткасы, 4 - склеробласт клеткасы (ішінде түзілген спикула), 5 - саңылау (пора), 
6 - жұлдыз клеткасы; II губканың әр түрлі спикулдары: А - бір осьті; Б - үш осьті; 
В - төрт осьті; Г - көп осьті; Д - күрделі үш осьті спикула; Е - қисық осьті спикула
айнала алады, сонымен қатар жыныс клеткаларға да бастама береді.
Кейінгі кезде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде губкалардың 
клеткаларының біріне-бірі айналатындығы анықталған. Мысалы, 
хоаноцит клеткалары талшығын жойып амебоциттерге айналады, ал 
өз кезегінде амебоциттер хоаноциттерге айнала алады. Бұның бар- 
лығы губкалар құрылысының қарапайым екендігін көрсетеді.
Губкаларда регенерациялық қабілеттілігі күшті дамыған.
Губкаларды мезоглея қабатының қалындауына, талшықты жағалы 
(хоаноцит) клеткаларынын орналасуына және осы клеткалар арқылы
85


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
29-cypem .
Губкалардың морфологиялық құрылыс типтері: А - аскон; Б - сикон;
В - лейкой; 1 - поралары, 2 - талшықты камералары, 3 - оскулум, 4 - парагастраль 
қуысы. Стрелкалар су ағысының бағытын көрсетеді
қорегін ұстап, қорытуына байланысты, оларды морфологиялық 
құрылысы жағынан 
аскон, сикон, лейкон
деп аталатын үш типке 
бөледі. Ең қарапайым құрылысты аскон. Асконның мезоглея қабаты 
жұқа және талшықты жағалы клеткалары бірқатар орналасып, 
парагастраль қуысын түгелімен астарлап жатады (29-сурет). Денедегі 
саңылаулары (поралары) тікелей парагастраль қуысына ашылады. 
Осы қуысқа су арқылы түскен ұсақ қоректік заттарды талшықты 
жағалы клеткалары толығымен ұстап ала алмайды.
Сикон құрылысты губкалардың мезоглеясы қалың, ішкі қабаты 
мезоглеяның ішіне ойысып, талшықты жагалы клеткаларымен 
астарланған көптеген қалталар түзіледі. Осы қалталарды талшықты 
қалталар деп атайды (29,Б-сурет).
Күрделіленген лейконнында мезоглея қабаты әлдеқайда қалың- 
дап, оның ішінде талшықты жағалы клеткалармен астарланған көп- 
теген бірінші, екінші реттік камералар орналасады (29,В-сурет).
Талшықты қалталар мен камералар, сыртқы ортамен және пара­
гастраль қуысымен, су алып келуші және су алып кетуші түтіктері 
арқылы байланысады. Су арқылы камераларға, қалталарға түскен 
қорек заттар толығымен ұсталынып қорытылады.
Қаңқа 
(скелет). Губкалардың басым көпшілігінде қаңқалары 
жақсы дамыған. Олар мезоглея қабатында орналасып, дене пішінінің, 
тірек қызметін орындап, саңылаулар жүйесінің қабырғасын да 
құрайды.
86


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Губкалардың қаңқасы минералды заттардан - кремнезем 
(кремнидің оттегімен қосылысы) немесе көмір қышқыл ізбестісінен 
және органикалық заттардан 
спонгиннен немесе кремнезем мен 
спонгиннің қосындысынан тұрады.
Минералды қаңқа спикула деп аталатын инелерден құралған. 
Спикулалар мезоглея қабатында орналасқан ерекше скелет түзуші 
клеткалардан склеробластардан дамиды. Спикула дамыған кезінде 
склеробластың цитоплазмасында кішкене дән пайда болып, ол өсе 
келе ұзарып (сКлеробласт клеткасыда ұзарып), өсу деңгейіне жет- 
кеннен кейін, клетка жойылып, спикула (ине) мезоглеяда бос орнала- 
сады. Спикулалар бір осьті, үш, төрт және көп осьті болып келеді 
(28-сурет). Бір осьті спикула - тік немесе иілген таяқша тәрізді, үш 
осъті үш спикула тік бұрыш жасап бір нүктеде қосылуынан пайда 
болады. Төрт осьті - терт спикулалар бір-бірімен қиылысып, екі көрші 
спикуланың арасындағы бұрышы 120° болады. Көп осьті шар немесе 
майда жұлдызшалар тәрізді. Спикулалар бір-біріне байланыссыз 
орналасып немесе өзара бірігіп, тіркесіп тор тәрізді немесе бірыңғай 
қаңқаны құрады.
Органикалық қаңқа ұсақ қаңқа түзуші клеткалардан 
спонги- 
областардан дамиды. Бұлар минералды қаңкаға қарағанда басқаша 
түзіледі. Қаңқаның өсуші талшығын спонгиобласт клеткалары 
сырттай қоршап, қаптама жасайды да, қаңқаның мүйізді талшықтары 
бірыңгай клеткаларының ішінде емес, клеткалардың аралығында 
түзіледі (30-сурет). Мүйізді немесе спонгинді органикалық каңқа тор


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет