Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


Экологиясы және тәжірибелік маңызы



Pdf көрінісі
бет50/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   250
Экологиясы және тәжірибелік маңызы. 
Губкалардың басым 
көпшілігі әлемдік мұхиттың тропиктік және субтропиктік аймақ- 
тарында кең тараған, аз ғана түрлері тұщы суларда кездеседі. Олар 
жағалаудан бастап, теңіздегі 500 м-ге дейінгі аралықта жиі кездеседі, 
тек шынылы губкалардың қаңқасы өте нәзік болғандықтан, олар 
теңіздің 7000 м-ге дейін терендігінде мекендейді.
Губкалар көп жағдайда таза суларда, тасты, топырақты жерлерде 
өмір сүреді, себебі лайлы су қоймаларындағы өте ұсақ шөгінді тұнба- 
лар олардың саңылауларын бітеп тастап, өмір сүруіне кедергі 
жасайды. Ал тұнба топырақтарда өмір сүретін губкалардың 
Hyalostylus, Hyalonema туыстас түрлерінің табаншасында ұзын 
спикулалар дамып, олар топыраққа қадалып денесін субстраттан биік 
көтеріп тұрады (33,Б-сурет).
Губкалар 
күшті биофильтраторлар. Олар суды денесі арқылы 
көп сүзетіндіктен оны механикалық және органикалық ластанудан 
сақтайды. Мысалы, үзындығы 7 см-лі ізбесті губка Leuconia aspera 
бір тәулікте денесінен 22,5 л суды сүзіп өткізеді және тазалайды.
Губкалар басқа организмдермен селбесіп кейде қауымдасып т а ^


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
ЗЗ-cypem.
Бадяга және шынылы губкалар: 1 - бадяга (Spongilla); II - шынылы 
губкалар; A - Euplectella; Б - Hyalonema
дырлармен зоохлореллалармен; губка Suberites domuncula тақуа 
шаянмен; мүйізді губка -Cryptospongia enigmatica 
көпқылтанды 
буылтық құртпен Potamilla symbiotica-мен селбесіп тіршілік етеді.
Кейбір көпқылтанды буылтық құрттар, шаянтәрізділер, жылан- 
құйрықтылар (тікентерілілер) губкаларды жауынан жасырынатын 
баспана ретінде пайдаланады, ал өз кезегінде губкалар да крабтар- 
дың, бауыраяқты моллюскалардың бақалшағына қоныстанып тірші- 
лік етеді.
Губкалардың тәжірибелік маңызы онша үлкен емес. Туалетті 
немесе грек губкасының (Spongia officinalis) спонгинді қаңқасын
92


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
техникалық мақсатта өнеркәсіпте және медицина саласында қан 
ағысын тоқтататын тампон ретінде, бұғақ (зоб) ауруын емдеуде 
қолданылады. Спонгиннің құрамында йодтың мөлшері бірталай. 
Spongia officinalis-тың кептірілген спонгинді қаңқасында йодтың 
мөлшері 1,5-1,6%, ал Verongia plicifera-ның 
11-14%.
Туалетті губкалар көбінесе Жерорта, Қызыл және Кариб 
теңіздерінде, Үнді мұхитының Австралия жағалауларында кезде- 
седі.
Шынылы губкаларды (Euplectella туысы) сәнді бұйымдар, 
сувенирлер жасау үшін пайдаланады. Оларды Жапония жағалаула- 
рында аулайды.
Тұщы су бадягасының (Spongillidae түқымдасы) қаңқасын ревма­
тизм ауруын емдеуге, сонымен қатар косметика ретінде пайдаланады. 
Кептірілген бадяганың қаңқасымен денені ысқанда, қан айналымы 
жақсарып, ем жүре бастайды.
Бұрғылаушы губкалар (Cliona туысы) моллюскалардың бақалша- 
ғына, кораллдардың колониясына, ізбесті заттарға бекініп, оларды 
үңгіп, тесіп зақымдайды. Әсіресе устрицалар, мидиялар үшін қауіпті 
болып табылады. Қара және Баренц теңізінде кездеседі.
Губкалардың жагымсыз ащы иісті заттары болғандықтан, олармен 
қоректенетін жануарлар да аз.
Губкалар өте ертеде шыққан ежелгі организмдер. Олардың қазба 
қалдықтары протерозой эрасындағы шөгінді жыныстар арасынан та- 
былған. Кембрий дәуірінде Triaxonida, Tetraxonida, Comacuspongida 
отрядтың өкілдерінің кеңінен таралғандыгы және девон дәуірінде 
ізбесті губкалардың пайда болғандыгы анықталған. Кембрий дәуі- 
рінде кеңінен тараған, кейін құрып біткен бокал тәрізді археоциаттар- 
дың қазба қалдықтары Қазақстанда да табылган.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет