Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы


ОМЫР ТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ Көбеюі мен дамуы



Pdf көрінісі
бет56/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   250
101


ОМЫР ТҚА СЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Көбеюі мен дамуы. 
Гидралар жынысты және жыныссыз жолмен 
көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүзеге асады. Дене- 
сінің бүршіктену белдеушесінің аймағында бірнеше бүршіктер пайда 
болып (гидраның құрылысына үқсас), кейіннен олар аналық особь 
денесінен бөлініп, субстратқа бекініп, дербес тіршілік ете бастайды.
Күзге таман гидралар жынысты жолмен көбейеді. Ұрықтанған 
жұмыртқа қатты қабықпен қапталып, тыныштық күйде қыстап шы- 
ғады да, көктемде ол бөлшектеніп, бластуладан кейін қос қабатты 
гаструла сатысында ересек түріне айналады.
Теңіз гидроидты полиптер отряды 
Leptolida
Теңіз гидроидты полиптердің басым көпшілігі күрделі 
колониальды формалар, тек ұрпақ алмасуы 
метагенез жолымен 
дамиды. Даму барысында гидроидты полип және гидроидты медуза 
қалыптасып, олар үнемі бір-біріне алмасып тұрады.
Гидроидты полип бұтақ тәрізді колония құрайды, себебі жыныс­
сыз көбею нәтижесінде пайда болған бүршіктер аналық денеден 
бөлінбей-ақ өз кезегінде жаңа бүршіктерді бере бастайды.
Колониядағы әрбір бүршікті 
гидрант деп атайды (36-сурет). 
Гидранттың қүрылысы гидра құрылысына ұқсас: денесі эктодерма 
және энтодерма кабатынан құралған, ауыз тесігінің аймағында көпте- 
ген қармалауыштары болады, тек гастраль қуысы барлық дене 
бойынша созылып ортақ гастральды қуысымен жалғасады. Осы 
себептен, егер бір гидрант қорегін ұстап қорытса, корытылған ас 
бүкіл колонияға нәр береді.
Колонияның эктодермальды жабынды эпителий клеткалары 
ерекше 
тека деп аталатын органикалық жұқа қабықты бөліп, 
колонияның сыртқы жабындысына айналады да, оның тұрақтылығын 
қамтамасыз етеді.
Теканың дамуына орай гидроидты полиптер отряды екі отряд 
тармағына бөлінеді. Егер тека колонияны тек гидрант құрылатын 
жерге дейін жауып түрса онда ол Athecata (текасы жок гидранттар) 
отряд тармағының белгісі, ал тека бүкіл колонияны жэне гидрант- 
тарды жауып тұрса 
Тһесарһога (текасы бар гидранттар) отряд 
тармағының белгісі. Гидрант төңірегін коршап, жауып тұратын 
теканы гидротека дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет