Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет53/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   250
96


2 - т а р а у
НАҒЫЗ
КӨП КЛЕТКАЛЫЛАР -
EUMETAZOA
СӘУЛЕЛІЛЕР - RADIATA,
ҚОС ҚАБАТТЫЛАР - DIPLOBLASTICA
Нағыз көп клеткалы жануарлардың басты ерекшелігі 
дене 
құрылысындағы клеткалары толық дифференцияланған, бір-бірімен 
өзара байланысты тканьдері, мүшелері, нерв жүйесі жақсы дамыған.
Eumetazoa тобындағы жануарлар, мүшелерінің белгілі тәртіпте 
орналасуына немесе дене симметриясына карай екі үлкен бөлімге 
бөлінеді: сәулелі (радиальды) Radiata және екі жақты (билатеральды) 
симметриялы жануарлар - Bilaterata.
Жануарлардың бекініп тіршілік етуіне немесе суда шарықтап 
жүзуіне және коршап тұрған ортаның оған жан-жағынан бір қалыпта 
эсер етуіне орай мүшелері бір осьтің төңірегінде шашыраған сәуле- 
лер сияқтанып орналасады да, дененің сәулелі (радиальды) симме- 
триясын құрайды.
Сәулелі симметриялы жануарлардың денесі екі қабаттан тұрады: 
сыртқы - эктодермадан, ішкі энтодермадан. Осы белгісіне сай олар 
екі қабатты -Diploblastica тобына жатады.
Сәулелілерге екі тип жатады: ішекқуыстылар Coelenterata және 
ескектілер -Ctenophora.
ІШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПІ - COELENTERATA (CNIDARIA)
Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы 
барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасып және олар 
ересек особьтарында айқын сақталып, бір-бірінен мезоглея қаба- 
тымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды.
Осы белгісіне байланысты ішекқуыстылар екі қабатты (Diploblas­
tica) жануарлар тобына жатады.
Екіншіден 
энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас
7—574
97


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
корыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған 
байланысты ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуыс немесе 
ішек қуысы деп аталады. Типтің аты да осыған сәйкес берілген.
Белгілерінің тағы бірі - сәулелі симметриясының болуы.
Жоғарыда айтылғандай, ол өмір бойғы немесе тіршілік циклінің 
бір ғана кезеңіндегі тіркелмелі немесе суда қалқып жүзіп тіршілік 
етуінің және қоршаған ортаның тұрақты әрі бірқалыпты ықпал 
етуінің салдары.
Морфологиялық құрылысы жағынан және тіршілік етуіне қарай 
ішекқуыстылар тіркелмелі 
полиптер және еркін жүзіп жүретін - 
медузалар болып топтасады.
Полиптердің денесі көбінесе цилиндр тәрізді. Табаншасымен 
субстратқа бекінеді, ал оған қарама-қарсы жағында гастраль қуысына 
ашылатын қармалауыштармен қоршалған ауыз тесігі болады.
Полиптер тобында жеке тіршілік ететін особьтары өте аз кезде- 
седі, негізінде олар колонияльды формалар. Колониядағы особьтары 
құрылысы және қызметі жағынан әр түрлі болса, ол - полиморфты, 
ал бірдей болса мономорфты колония болады.
Медузалар жеке, шарықтап жүзіп тіршілік ететін организмдер. 
Денесі шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Колония құрмайды.
Ішекқуыстылардың тағы да бір ерекшелігі - атқыш (күйдіргіш) 
және нерв клеткаларының болуы.
Ішекқуыстылардың басым көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері 
тұщы суларда мекендейді. Олардың 9000-ға жуық түрлері белгілі. 
Дене пішіні цилиндр, шатыр, табақша, қоңырау тәрізді, ұзындығы 
1 мм-ден бірнеше см-ге дейін. Ірі түрлері-де кездеседі. Мысалы, 
Суапеа arctica-ның көлденеңі 2 м, ал қармалауыштарының ұзындығы 
30 м-ге дейін жетеді.
Ішекқуыстылар жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы 
метагенез арқылы дамиды.
Ішекқуыстылар өте ертедегі жануарлар, олардың ізбесті қаңқасы 
болғандықтан көпшілігі қазба күйінде жақсы сақталынған.
Ішеккуыстылар типі үш класқа бөлінеді: гидрозоа класы 
Ну- 
drozoa, сцифозоа 
Scyphozoa және маржан полиптері 
Anthozoa.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет