Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет52/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   250
КӘДІМГІ ГУБКАЛАР КЛАСЫ 
DEMOSPONG1A
Қаңқасы кремнилі немесе спонгинді, кейде екеуі де аралас күйде 
құрылады. Инелері бір, төрт, көп осьті. Теңіздерде, тұщы суларда, 
судың жағалауынан тереңдігіне дейін кең тараған, жеке немесе 
колония түзіп тіршілік етеді. Құрылысы лейкон типтес, талшықты 
камералары ұсақ, дөңгелек (жұмыр) болып келеді.
Бұл класқа қазіргі уакытта көп кездесетін губкалар жатады. Олар 
екі отрядқа бөлінеді: төрт сәулелі - Tetraxonida және кремнилі мүйізді 
губкалар -Comacuspongida.
Төрт сәулелі губкалар отряды - Tetraxonida
Қаңқасы кремнезем инелерінен құралған, олар бір осьті, жұлдыз 
тәрізді көп осьті, ал негізінен төрт осьті инелері бір осьтілермен 
аралас күйде түзіледі. Инелерінің көп болғандығына байланысты 
кейбір түрлерінде тері қабаты қалыңдап, сауыт сияқты денесін 
жауып тұрады (Geodia туысында).
Төрт сәулелі губкалар теңіздерде кең тараган. Жиі кездесетін 
туыстары: шартәрізді ірі геодиялар - Geodia; қызгылт түсті, шар- 
тәрізді 
теңіз апельсині -Tethya; қомақты, ашық түсті пробкалы 
губкалар 
Suberites; бұрғылаушы губкалар Cliona.
Кремнилі мүйізді губкалар отряды - Comacuspongida
Қаңқасы мүйізді спонгин жіпшелерінен, кремнилі, бір осьті 
инелерінен (ұсақ 
микросклера, ірі - макросклералардан) немесе 
екеуінен аралас түзіледі. Бір осьті кремнилі инелері өзара спонгинмен 
желімделіп бір буда немесе тор тәрізді қаңқаны құрайды. Негізінде 
колониялы формалар, те-ңіздерде және тұщы суларда тіршілік етеді. 
Жиі кездесетін түрлері: туалет губкасы (Spongiidae түқымдасынан), 
тұщы су губкасы 
бадяга (Spongillidae тұқымдасынан), байкал 
губкасы (Lubomirskiidae тұқымдасынан).
ГУБКАЛАР (SPONGIA) ТИПІНІҢ ФИЛОГЕНИЯСЫ
Губкалар көп клеткалы жануарлардың ішіндегі ерекше құрылысты 
организмдер тобы. Олардың клеткалары дифференцияланбай бір- 
біріне ауысып отыруы, нағыз эктодерма және энтодерма 
қабаттарының қалыптаспауы, ішегінің, тканьдерінің, мүшелерінің, 
нерв жүйелерінің жоқтығы колонияларының жеке особьтарға 
бөлінбеуі, регенерациялық қабілеттілігінің күштілігі, ең соңында даму 
сатысында ұрық қабаттарының ауысып отыруы 
губкалардың аса 
қарапайым жәндіктер екендігін дәлелдейді.
Осындай ерекшеліктеріне сүйене отырып губкалардың шығу тегі
95


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
жөнінде бірнеше жорамал пікірлер айтылған. Солардың ішінде 
Д. М. Федотов (1966) және басқалары губкалар колониялы жағалы 
талшықты (Choanoflagellata) қарапайымдылардан пайда болған деп 
жорамалдайды. Оған дәлел 
губкалардың және жағалы талшықты 
Choanoflagellata қарапайымдылардың клеткаларының құрылысының 
ұқсастығы. Екеуінің де клеткаларының талшығы біреу, оның түбін 
цитоплазмадан құралған жұқа жаға қоршап жатады. Жаға бір-біріне 
тығыз жанасып орналасқан таяқшалардан тұрады. Талшықтың 
қозғалу әсерінен ұсақ органикалық, қорек заттар (бактериялар, көк- 
жасыл балдырлар, ұсақ қарапайымдылар) жағаға жабысып, бірте- 
бірте цитоплазмаға және ас қорыту вакуольдеріне өтіп қорытылады. 
Сонымен, қарапайымдылардың талшықты жағалы клеткалары және 
губкалардың талшықты жағалы хоаноцит клеткалары құрылыс- 
тарына сәйкес қорек заттарды ұстау және қорыту қызметін атқарады.
Екіншіден - губкалардың даму сатысындағы паренхимула личин- 
касы, өзінің құрылысы жағынан И. И. Мечниковтың гипотетикалық 
“фагоцителласына” ұқсас болуына байланысты “фагоцителла” 
субстратқа бекініп губкаларға бастама берді деп жорамалдайды. 
Фагоцителланың сыртқы қабаты ұсақ клеткалардан қалыптаскан және 
кинобласт деп аталады, ал ішкі қабаты ірі клеткалардан қалыптасып 
фагоцитобласт деп аталады. Губкаларда бәрі керісінше. Олардың 
личинкасы 
паренхимула субстратқа бекінгесін оның сыртқы ұсақ 
талшықты клеткалары ішіне қарай енеді де, іштегі ірі клеткалары 
сыртқа шығады, осыдан кейін личинка ересек губкаға айналады. Осы 
өзгерістер В. Н. Беклемишевтың (1964) пікірі бойынша, олардың 
личинкасының және ересек түрінің тіршілік ету жағдайларына 
байланысты. Личинка суда еркін жүзіп жүрген жағдайда ұсақ тал- 
шықты клеткалары қозғалу, яғни кинетикалық қызметін атқарады, 
ал ересек түрі субстратка бекініп жылжымай тіршілік еткен жағдайда 
ұсақ талшықты клеткалары денесінің ішіне өтіп, енді суды сүзу және 
сумен бірге келген ұсақ қорек заттарды ұстап, қоректену қызметін 
атқарады. Губкалардың осы ерекшеліктері бекініп тіршілік етуіне 
байланысты пайда болған бейімділік болуы керек.
Көп ғалымдардың пікірлері бойынша, губкалар төменгі сатыдағы 
көп клеткалы жануарлардың орта тегінен өте ертеде бөлініп шығып, 
басқаша бағытта эволюциялық өзгерістерге ұшыраған болуы мүмкін 
деп жорамалдайды. Осы соңғы болжамды дүрыс деуге болады, себебі 
губкалардың паренхимула личинкасы құрылысы жағынан ішекқуыс- 
тылардың плануласына ұқсас келеді. Бүл белгі губкалардың және 
ішекқуыстылардың шығу тегі бір екендігін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет