Ңг Жоғары оқу орындарының Кауымдастыгы



Pdf көрінісі
бет67/250
Дата18.10.2023
өлшемі23,02 Mb.
#117842
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   250
Семаеостомеа отряды 
Semaeostomeae
Әлемдік мұхиттың суларыңда кең тараған медузалар. Дене 
шатыршасы жалпайған, диск немесе табақша тәрізді.
Негізгі өкілдері: Aurelia aurita және Солтұстік теңіздерде кезде- 
сетін - Суапеа capillata. Pelagia туысы өкілдерінің қараңғыда жарық 
шығаратын қабілеті дамыған.
Тамырауыздылар отряды - Rhizostomida
Тропиктік теңіздерде кең тараған ірі медузалар. Қармалауыш- 
тары жойылған, қорек заттарын қалақша өскінділері арқылы ұстап 
алады. Rhizostoma pulmo Азов пен Қара теңізінде жиі кездеседі (42,1- 
сурет). Жапония мен Қытай елдерінде бұл меду зал ардың “хрустал ь- 
ды еті” тұздалған түрінде тамаққа қолданылады.
Сцифомедузалардың денесі жұмсақ болғандықтан жер қазба- 
ларында сақталмаған. Дегенмен олардың таңбалары Юра дәуіріндегі 
Золенгофен сланецтерінен табылған.
МАРЖАН ПОЛИПТЕР КЛАСЫ - ANTHOZOA
Маржан полиптер ішекқуыстылар типінің ең үлкен класы, бүлар- 
дың 6000-дай түрі бар. Тек теңіздерде жеке және колония түрінде 
бекініп тіршілік ететін жануарлар.
Құрылысы мен физиологиясы. 
Жалпы құрылысы бойынша 
маржан полиптер гидроидты полиптерге ұқсас, бірақ олардың елеулі 
және күрделі өзгерістері байқалады: жіңішке базальды мембрананың 
орнына қалың қабатты мезоглея; эпителиальды ет клеткаларының 
орнына ұзына бойы және көлденеңінен сақиналы бұлшықет 
клеткалары дамыган. Нерв жүйесі күрделіленіп ауызы және табанша
117


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
44-cypem .
Маржан полиптер: А - сегіз сәулелі 
полип Alcyonium-ның құрылысы; 1 
қар- 
малауышы, 2 
ауыз тесігі, 3 
эктодермалы 
ж ұтқы нш ағы , 4 
септа, 5 
м езентерия 
жіпшелері, 6 - жұмыржалары; Б - актиниялар, 
тақуа 
шаян 
(өз 
денесін 
ж асы рған) 
бақалшағының үстінде
нерв сакинасын түзейді. Жы- 
ныс клеткалары энтодермадан 
құралған.
Жеке особьтарының денесі 
цилиндр тәрізді, жалпақ таба- 
нымен субстратқа бекініп тұ- 
рады. Денесінің жоғарғы бөлі- 
гінде, ауыз тесігінің төңіре- 
гінде, сәулелі симметриялық 
ретте қармалауыштары орна- 
ласқан. Олардың саны алтау 
алты сәулелілер (Нехасогаіііа) 
класс тармағының өкілдерінде 
немесе сегіз сегіз сәулелілерде 
(Octocorallia).
Сопақша келген ауыз тесігі 
эктодермальды жұтқыншаққа 
жалғасады. Жүтқыншақ бір 
бағытта қабысқан, ал қуыстың 
бір жақ немесе екі жақ шетінде 
сифоноглифа деп аталатын сай 
(борозда) өтеді.
Сифоноглифаны құрайтын 
клеткаларының ұзын кірпік- 
шелері болады, солардың кө- 
мегімен су және қорек заттар 
гастраль қуысына өтеді де, ал 
қайтадан су және қорытыл- 
маған зат кірпікшелердің кері 
қарай қозғалуымен жұтқын- 
шақ бойынан сыртқа шыға- 
рылады.
Жұтқыншақ гастраль қуы- 
сымен жалғасқан. Гастраль 
қуысы энтодерма клеткалары- 
мен астарланып, арнайы септа 
деп аталатын перделері ар- 
қылы камераларға бөлінеді 
(44-сурет).
118


ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Септалар гастраль қуысының қатпарлары, дене қабырғасынан 
дамып, энтодерма клеткаларымен астарланған. Олардың әрқай- 
сысында бойлай орналасқан жуандау бұлшықетті білеуі (валик) 
болады.
Денесінің жоғарғы бөлігінде септалар жұтқыншаққа және дене 
қабырғасына ұштасады да, қалған жағы гастраль қуысында бос 
салбырап тұрады. Олардың бос шеттері жуандап, без клеткаларынан 
құралған, мезентериальды жіпшелерге айналады. Солардың көмегімен 
гастраль қуысына түскен ас қорытылады.
Септаларының, камераларының, қармалауыштарының саны бір- 
біріне сәйкес келеді. Осыған байланысты маржан полиптер класы 
екі класс тармагына бөлінеді: сегіз сәулелілер 
Octocorallia және 
алты сәулелілер - Hexacorallia,
Сегіз сәулелілерде (Octocorallia) септалары 8 болып дамиды да, 
гастраль қуысын 8 камераға бөліп тұрады, қармалауыштары да 
осыған сәйкес 8 болып келеді.
Сегіз камералардың ішіндегі, жұтқыншақтың сифоноглиф сайына 
сәйкес келетін камераларды бағыттаушы деп атайды. Сол камера- 
ларды құрайтын екі септаның бұлшықетті білеуі (валик) қарама-қарсы 
орналасып, бойларындағы кірпікшелері арқылы қуыстағы судың 
ауысып тұруын қамтиды, яғни сифоноглифтың және бағыттаушы 
камераның бойларындағы кірпікшелері бір бағытта қозғалып, 
гастраль қуысына оттегіне бай сумен қоректік заттарды лықсытады 
және суды керексіз заттармен бірге сыртқа шығарады.
Септалардың мезентериальды жіпшелері сөлдерді шығарып, 
астың қорытылуын реттейді.
Алты сәулелілердің (Hexacorallia) септаларының, камераларының 
және қармалауыштарының саны әрқашанда алтыға еселеніп келеді, 
кем дегенде 12 болады.
Дамуының ең алғашқы кезеңінде бірінші кезектегі алты жұп 
септалар қалыптасады да, олар гастраль қуысын 12 камераға бөліп 
тұрады. Әрбір жұп септаның арасындағы камераларды ішкі камера деп 
атайды, ал әр түрлі жұп септалардың арасындағы орналасқан каме­
раларды аралық деп атайды. Осылардың ішінен басқа да жұп аралық 
септалар дамиды (45-сурет).
Сөйтіп, септалардың және камералардың дамуына байланысты, 
гастраль қуысы кеңейіп, оның ас қорыту жұмысы және қорытылған 
асты сіңіру қабілеттілігі артады. Маржан полиптері планктонды орга- 
низмдермен қоректенеді, ал ірі түрлері жыртқыштар, олар шаян-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет