ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
43-cypem .
Сцифомедуза Aurelia-ның даму циклі: 1 -жұмыртқа, 2-планула (личинка),
3-сцифистома (полип), 4-бүршіктенген сцифистома, 5-сцифистоманың көлденеңінен
бөлінуі (стробиляция), 6-жас медуза (эфира), 7-ересек медуза Aurelia
Бұл
эфира деп аталатын личинкалық сатысы. Эфиралардың
шатырша
шеті тегістеліп, гастроваскулярлы жүйесі толық
қалыптасып, жыныс клеткалары жетіліп ересек медуза пайда болады.
Сцифистома мен медузоидты ұрпақтарының алмасуы нағыз
метагенездің белгісі. Сцифистома бекініп тіршілік ететін, тек қана
жыныссыз стробиляция жолымен көбейіп
медузаларды қалыптас-
тыратын формалары және тез өтіп кететін, нашар білінетін сатысы.
Медузалар еркін тіршілік ететін, тек қана жынысты жолмен көбейіп
сцифистомаларды қалыптастыратын формалар,
оның кезеңі әлде
қайда басымырақ болып келеді. Сөйтіп аурелия аурита ұрпақ алма
суы - метагенез жолымен, ягни жыныссыз көбею мен жынысты
көбеюдің кезектесіп отыруы арқылы дамиды.
Экологиясы.
Сцифомедузалар теңіздерде кең тараған, әсіресе
аурелия аурита барлық қоңыржай
және тропикалық теңіздерде
мекендейді, арктикалық аймақтарда да кездеседі. Балтық, Ақ,
Баренц, Қара, Азов, Жапон теңіздерінде көп көлемде таралған.
Дене түсі мөлдір, себебі мезоглеясындағы судың мөлшері 97,5%.
115
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Шатыры жалпақ болып келетін медузаларды дискомедуза деп атай-
ды, мысалы аурелия аурита, ал шатыры биік
кубомедузалар
(Chiropsalms туысы).
Дене көлемі де әр түрлі. Аурелия ауританың шатырының диа
метр! 40 см,
қармалауыштары қысқа, ал цианеа арктиканың (Суапеа
arctica) шатырының диаметрі 2 м-ден артық, қармалауыштарының
ұзындығы 30 м-ге жетеді. Қармалауыштарының және шатырының
көмегімен суда қалқып, шарықтап немесе реактивті түрінде жыл-
жиды. Шатыры минутына 100-140 рет жиырылып жазылады. Тіркел-
мелі тіршілік ететін медузалар да кездеседі. Олар солтүстік теңіздерде
көп
кездесетін, қоңыр түсті, биіктігі 2-3
Достарыңызбен бөлісу: