ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
қалақша өскін қоршаған. Ауызы жұтқыншақ арқылы қарын қуы-
сымен жалғасып тұрады. Қарынның жиегінде,
сөл шығарып тұратын
төрт гастральды жіпшелері бар. Гастроваскулярлы жүйесінің кезекте-
сіп отыратын тармақты және тармақсыз радиальды түтікшелері
қарынның жиегінен басталып, әрқайсысы
шатыр жиегін бойлай
тұйықталған сақина тәрізді түтікшемен байланысқан (42-сурет).
Аурелия планктонды организмдермен қоректенеді. Қорек заттары
қарында қорытылып, түтікшелері
арқылы денеге тарап, қорытыл-
маған қалдығы ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылып тұрады.
Шатырдың айнала жиегіндегі қысқа қармалауыштарының кей-
біреулері жуандап, шеткі денешіктерге немесе ропалилерге айналады.
Олар тармақты радиальды түтікшелердің түбінде
орналасады, саны
сол түтікшелердің санына сай келеді. Ропалидің ішінде тепе-теңдікті
сақтау мүшесі - статоцист және әр түрлі құрылысты көзшелері
болады. Қарапайым көзшелері эктодермальды
пигментті және сезгіш
ретинальды клеткаларынан
құралған, ал күрделі көздері көз
шұңқыршағы эпителий астына батып тұрған көз көпіршігі түрінде
болады. Оның түбі мен бүйірі пигментті және ретинальды клеткала
рынан құралған, үстіңгі қабырғасы қалыңдап қасаң қабық пен көз
жанарына айналып, қалған бос кеңістік көз көпіршігі бөліп шығарған
шыны тәрізді затқа толы. Осындай күрделі
құрылысына қарамастан
көздері тек жарықтың өзгерістерін ғана ажырата алады.
Нерв жүйесі күрделіленіп шатырша жиегінде яғни ропалилердің
жанында нерв клеткаларының түйіні ганглиялар түрінде дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: